Ауру қалса да, әдет қалмас (Үнді аңызы)
10 Dec 2011 Пікіріңізді қалдырыңыз
Баяғыда бір ғұлама шәкірттерін ертіп баққа келген екен. Бақтың іші сондай тыныш, көгі мол, шөбі мамық, бұлбұл құстың әніне тербелген жанға рахат сыйлар жер екен.
Шәкірттерін ерте жүріп, бір жерге тоқтайды. Тоқтайды да шәкірттеріне төрт түрлі өскінді көрсетіп, жұлыңдар дейді. Бір өскін енді ғана бүр жарып өсіп келе жатқан болса, екіншісі тамыр жайып, жерден біршама бой көтерген болатын. Ал, үшіншісі енді жапырақтап келе жатқан терек болса, төртіншісі кемеліне келген тал болатын.
Жаңа өсіп келе жатқан өскінді жұлу еш қиындық тудырмайды шәкірттерге, бір шәкірттің өзі-ақ орындайды. Ал, екіншісін жұлуға біраз еңбектеніп, терлеуге тура келеді. Үшіншісін жұлуға көп уақыт пен күш кетеді. Ал, төртіншісін жұлмақ түгілі шайқауға да әлдері келмей, шаршайды.
Сонда ұстаз: “Көрдіңдер ме, жаман әдетті басында жеңу оңай болса, кейін оны жеңуге көп уақыт пен күш кетеді. Сондықтан, қандай да бір жаман әдетке тамыр жаюға мүмкіндік бермей, дер кезінде жойып отырған дұрыс!”-деген екен.
Бойымызда тек қана жақсы әдетке орын болсын, құрметті оқырман!
Жаңа пікірлер