Қызылорда топырағында дүниеге келгенмін. Интернет деген әлемге Solai.De сайтынан «бальзаминка» болып бастау алып, бүгінгі таңда өз блогымды ашып отырған жайым бар :).
Үйдің кенжесі болғаннан ба екен, әлде анамның либералды көзқарасынан ба екен, әйтеуір еш қиындықтан қорықпай, мектеп бітіргеннен сыртта жүрген жайым бар. Алланың қарасқаны деп білемін, қайда болмасын жолымда тек қана жақсы кісілер кездесіп келеді, сондай-ақ әлі де кездесе бермек деп үміттенемін :).
Әрбір кісі «бұл өмірде не бітірдім?» деген сұраққа жауап іздейді. Мен бұл сұрақтың шешімін әлі күнге табар емеспін. Қалай болған күнде де болашақ ұрпақ алдында еңсемді тік көтеріп, «егеменді де алып Қазақстанның қалыптасуына өз үлесімді қосқанмын» деп жауап бере алсам болғаны.
Алға қойған мақсат зор, Аллам соған жетуге қуат берсін дей отырып, Сіздер де арман-мақсаттарыңызға жетіңіздер деген тілек білдіргім келеді :).
құтты болсын!
Рахмет!!!
Мен Индияга бармакшы едим, бир нарселер сурайын деп едим, сиздем, мумкиндик болса менин почтама хабарласынызшы.
алдын-ала рахмет!
Хат жібердім
Қызылорданың дәмін талай татқанмын, таныс қала. Сәттілік тілеймін, блогыңыз дами берсін!
Арманыңызға ертерек жетуіңізге тілектеспін, АЛҒА!
Бастауыңыз онды болып,іші қызық жазбаларға толсын!
Сіздің бұл бастаған дуниенізге қуаныштымын.
Жүрегініз қалаған мақсатынызға жетуіңізге тілекшімін.
Рахмет тілектеріңізге 🙂
блогың құтты болсын!!! (шашу шашып жүрген Смайылкүл әже мен кәмпит теріп жүрген Смайыл балалар) )))
Рысбек атадан зор алғыс)))
Блогың құтты болсын, Гүлшат, жаныңда тек жақсы кісілер мол болсын!
Аминь және рахмет көп-көп 🙂
Үнді киносы – менің ең әлсіз тұстарымның бірі шығар, а сіз сол фильмдердіі шығаратын ордасы, Отанында жүрсіз. Жазбаларыңыз қызық, тілі оралымды. Еркін стиль һәм қазақтың шұрайлы тілінің бар шырайынан жасаған коктейліңіз көңілімізден шығып жатыр! Блогыңыз гүлден берсін! біздікіне де қонаққа келіп тұрыңыз
Рахмет, сіз секілді атақты журналисттен осындай комплимент оқып, төбем көкке екі елі жетпей отырғаны. Шақырған жерден қалмайтын қазақпын ғой, алдағы таңда міндетті түрде сіздің блогтың тұрақты оқырманы болмақпын:)
құтты болсын! (ештен кеш жақсы ))) уақыт тауып, келіп тұруға уәде беремін )))
Гоха, мұндай өнерің бар ма еді? Блогың қызықты жазбаларға толсын! 🙂
Сәлеметсіз бе, Гүлшат! Сіздің блогыңызға қонақ болғаныма қуанып отырмын! 🙂 Елге аман-есен оралуыңызға тілектеспін! мен де сол сұлу Сырдың қызымын. Біздің блогқа да қонаққа келіп тұрыңыз! Тек сәттілік! 🙂
Алла жар болсын, Розатай! Сізге де сәттілік бұл өмірде!!! Жерлесімді тапқаныма қуаныштымын, блогыңызға барып тұрамын міндетті түрде, рахмет шақыруыңызға:)
Мюзикола, Розатай, рахмет!!!)))
Құтты болғай қойын дәптерің, инттегі…
Үндіше ән айтып бересіз ғой келген соң. Салтанаттың меца-сопраносымен (http://balgyrgan.wordpress.com/2010/09/17/%D1%8D%D0%BA%D1%81%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82-%D1%81%D0%BE%D0%BB%D0%BE/) дуэт болсаңыздар.
Егегей, билеп берген мың есе оңай шығар мен үшін ән айтудан гөрі, құлақты аю жолдас аямай басып кеткен)))
қап, үндіше ән тыңдаймын ба деп едім)
бопты, би көрейік онда)
арнайы би үйренетін болдым ғой енді 🙂
Үнді жұрты киносы арқылы танымал ғой. Дегенмен, сол елдің шынайы тұрмысы кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Блогыңыз әдемі екен, жазбаларыңыз да ұнады))) Маған да келіп тұрыңыз)))
Рахмет, Мейіргүл! Блогыңыз мейірім мен шапағатқа толы деп ойлаймын, сондықтан да барып тұрамын 🙂
Үнді елінде қазақтар көп пе?
білмедім, елшіліктен сұрау керек шығар оны
салем!өзің үнді елінде тұрып жатырсыңба?
үнді филімі туралы танстырғаныңа қарағанда өз касібіңе жақындық барма қалай?
үндістанда қазақтар әлі тұрады.олар қытай қызылдармен соғысып үндістанға өткен Алтай қазақтарының түркияға көше алмай қалған бір бөлімі.
Сәлем, Көкжал
Кешірім өтінем әрине, бірақ осы жерде мамандығым жазылған және үнді киносы жайлы ешнәрсе білмейтіндігімді баса айтқым келеді 🙂
Ал, қазақтарға келер болсам, бар болса бар да шығар, Аманай мен Заманайды оқығанда ма, әйтеуір бір кітапты оқығанымда қазақтар осында да өткен дегенді кездестіргем
сонда сиз казир индияда журсиз бе…? сол жакта турасыз ба?
екі жылға пропискам сол жақ ))
Негизинде Казакилыкка салып кешигип жургенди жаксы корем оз басым.Казак екенимди шетте жургенде умытпау ушин болса керек.Кешигип келсем блогынызга гафу отинем…Солай.де-нын сулу да ару апкелеримиз блогасферага отип кетти дегесин сенбей журип едим.Мынаны корип уиялып калдымгой…Жатта журип жалгызсыраганнан,алыста журип уинде отыргандай сезинип калдымгой блогынызда…Ештен кеш жаксы деп кутты болсын жазба тактаныз 🙂
Рахмет, Амандық!
Блогың тамаша екен! Жарайсың!
Рахмет 😉
Кайда барсанда Коркыттын көрі дегенінді оқып, дәу де болса сол Сыр топырагынан ау деп топшылап ем, дурыс топшылаппын. Аман есен Ордага оралуыңа тілектеспін!
Әмин, рахмет!
Salem, Bal’zaminka hanym 🙂 sizben mafiya oinap otyryp, blogynyzga mindetti turde kirem degem 🙂 keldim goi, aiteuir. okyp turam endi. sizben tanyskanyma ote mote kuanywtymyn!
P.S. prezentaciyanyz jaksy otti, karapaim jane kyzykty 🙂
Қош келіпсіз!
Менде өте-мөте қуаныштымын 🙂 және рахмет!!!
Гулшат блогың кушті екен!
шалқар шабыт тілеимін!
Рахмет!
Өзіңізге де!
Салем Гулшат, блогыңыздан шынымен де үйренуге тұрарлық нәрселер көп екен, құттықтаймын!!! маған әсіресе ұнағаны Үндістан туралы жазбалар. Мен осы жылы КазНУ-де Үндітану бөліміне бірінші курсқа оқуға түстім, басында КазНУ-ге түстім дегенде, ел құттықтайтын, артынан үнді тілін үйреніп жүрмін десем көбісі біртүрлі болып қалатын, әлі күнге дейін не қыласың оны үйреніп дейтіндер де аз емес, бірақ қазір мен ондай заттарды елемейтін болдым, өйткені солай айтатын адам Ол елдің мәдени, тарихи тұрғыда қаншалықты бай екенін білмегендігін көрсеткені деп санайтын болдым.
Сәлем, Баян сұлу!
Рахмет көп-көп!!!
Оқуыңызда сәттілік сізге, аман-есен бітірсеңіз Индия үкіметінің бағдарамаларымен келіп те кетерсіз болашақта 😉
Әрбір адам, әрбір халық өз тарихымен, өз дәстүрімен ерекше ғой, оны бірі қабылдар, бірі қабылдамас. Қазір еліміз Индиямен қарым-қатынасты күшейтіп жатыр емес пе, сондықтан біліміңіз ертең сол өз елімізіге қажет болады 🙂
Маған да көп кісілер солай деген, бірақ ең бастысы үйдегілер ештеңе деген жоқ, тек алғашқы күні үйге звондап жылағанымда мамам шыдамай кетіп, оқуы құрсын, қайт үйге деген болатын 🙂
Сәлем, бальзаминка. Болгыңа келудің реті бүгін түсіп отыр, құтты болсын!
Сәлем! Хош келіпсің!
blogin tim jaman emes good luck
tek gana alga….
Рахмет, Асқар
Әрине, тек қана алға!
RSS add istet ote hajet ok
Шығарып қойған едім негізі, қаз қарап шығалын
Оқып шықтым. Қызық блог екен. Жазар көбейсін.
Рахмет 🙂
Ой, мәәәәә… Қызылордалықтар баршылық екенбіз ғой.
Үндістан қызық шығар. Көше толы қап-қара адамдар, такси болып жүрген «муравей» мәтәсекл… Бастысы киноның ішінде жүргендей болатын шығарсың. Көрсең Махараджаға сәлем айт (әзіл)
rasimen de,bizder barwlykpz,Alla kop kormesn)
Salem .Gulshat men Almass Turkiyanin bursa degen kalasinda ekonimika 4kursta okudamin.Allah kalasa okuda bitti ya menin tek jinim keletini kazakstan tauelsiz bolsak da kazaksha soyleuden kashatin kazaktardin bolui…Sosan ozime maksat koydim ,karinim tok kiyimim butin bolsada kazak tili kalagan jerine tugirina konbasa men nege kazak bolip jer basip jurem jane bugan kalay koz juma alam dep…DUNYANI OZGERTE ALMASANDA EN ALDIMEN OZINDI OZGERTUGE TIRIS degen goy LYU YUTANG mende ozimdi ozgertuden bastadim…
Sattilik Sizge!!!
Кеше Керекинфода блогқа құттықтау-пікір жаза алмадым. Осында жазайыншы. Туған күніңмен Гүлшат! Аман-есен оқуыңды бітіріп, елге абыроймен орал. Денің сау болсын! Шығарың тау болсын! Қазақстан сені күтеді. Сол үшін… Қымыздан алып отырайық. )))
Rahmet 🙂
хал қалай Бальзаминка?)
рахмет, Алла деп жүріп жатқан 🙂 Өз қалыңыз қалай?
Кеше түннің бір уағына дейін отырып, басынан бастап бар жазбаларды оқып бітірдім. Небір қызықты ақпараттар бар екен. АЛЛА разы болсын!!! Бір қазақ қызының екі жылғы сезімі, көзқарас, толқыныс, бұлқыныстары, қуанышы, қайғысы, жаңалығы… бәрі-бәрі, шын мәнінде, бей-жай қалдырмады. АЛЛА жар болсын!!! Бар арман-мақсаттарыңыз орындалсын!!!
Әмин! Рахмет көп-көп! Толқып кеттім ғой :), өзім де жақында посттарымды қарап шықтым, ұмытылып бара жатқандарды жаңартып дегендей 🙂 шынымен біраз нәрсе өткен екен осы уақыт аралығында, сырымды ашыппын, көбіне ашыла бермейтін жан едім :))
Aina meken, сіздің де барлық тілегіңіз қабыл болсын, Алла әрқашан қуат берсін, аман болайық ;)!!!
Раас, блог сырыңды суырып шығаратын бір қасиетке ие :). Адамның ашылуына себепкер болып жатады. Сосын керемет естеліктер қоймасы дер едім блогты.
Әмиин, айтқаныңыз келсін!!! АЛЛА разы болсын!!! 🙂
Сәлем, құрбым!!!!!!!! Гүлшат, мына блогынды оқып, толқып кеттім, бір керемет әсерде болдым!!!!!!! Мен сен үшин қуаныштымын!!!!!!!!!!!!!!! алла каласа, ниетіне жет!!!!!!!!! Атын әйгілі болсын!!!!!!!!! Денсаулығын мықты, жасын ұзақ болсын!!!!!!!! Әйел бақытын тілеймін!!!!!!!!!!
Әумин, Саукелеш! Рахмет!
Саған да барлық жақсылықты тілеймін!