Алғашқы қадам.

Таңғы 4.30. Міне, Ченнайдың үстінде ұшып келеміз. Ия, қандай ол?

Жыпылықтаған шамдар мұндай көп болар ма?! Қандай үлкен еді деп иллюминатордан көз алмай отырсам қасымдағы Нью-Йорктен отбасымен қайтып келе жатқан индус, Нью-Йорктің өзі көлемі жағынан Ченнайдан кіші болып келеді дегені. «Е, солай ма?!» дедім, ал ішімнен әркім өз елімен мақтанады ғой деп қоямын.

Сонымен ұшақ халықаралық Мадрас әуежайына келіп қонды. Траппен түсіп келе жатып жан жағымнан көз алмаймын. Ауылдан қалаға бірінші рет келген жан болсын, шетелге шыққан жан болсын дереу сынап, бізде бұлай, бізде мұндай деп салыстырып шыға келетін әдеті емес пе, менде салыстырып, Астана әуежайы кіші болса да әдемі әрі таза деп менсінбей келемін.

Шыны керек, Үндістан кедей, салақ, сасық ел деген әрбіріміздің санамызда қалыптасып қалған пікір. Қаншалықты өзімді осыған дайындап, дайындалып келсем де ақиқатын көргенде қорқып кеттім. Ауада тұрған нәжістің иісіне араласқан күнжіт майының, түрлі гүлдердің иістерінен  құлақ тұнып, көз ашып жаман болдым. «Құдайым-ау, қайда тап болдым, мұндай жерде тұратын адам ба, әлде басқа пендең бе?!» деп  жүрегімді ұстап, күтіп алушылардың алдына шықтым.

7 thoughts on “Алғашқы қадам.

  1. Kaldykyz

    «Ауада тұрған нәжістің иісіне араласқан күнжіт майының, түрлі гүлдердің иістерінен құлақ тұнып, көз ашып жаман болдым» мына сөйлемді оқып отырып, бармасам да барғандай, тойыс бармастай болып отырмын 🙂
    Kz-ға аман оралған соң, әлі сол иісті аңсайтын шығасың 😛

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s