Жол ережесі кімге керек?

«Ежиктерге рөлге отыруға болмайды, праваны сатып алғандарымен қоймай, жол ережесін тағы ұстанбайды!»  дегенді Астананың әрбір шымкенттік емес жүргізушісінен естіп, құлаққа сіңіп кеткен. Басында ақтап жатасың да, кейін мән бермейтін жағдайға жетесің. Ия, солай, бізде жол ережесін сақтамайтындар тек қана оңтүстіктің өкілдері.

«Үндістанда қалай?» деген сұрақ туындары сөзсіз бұл орайда. «Ал, бұл жақта жол ережесі жоқ!!!» деймін мен бұл сұраққа.

Шынымен де, ережені ұстанып жатқан я жүргіншіні, я жүргізушіні көрмедім осы уақытқа дейін.  Сегіз миллионнан асатын тұрғыны бар қалада көлік құралының да, кептелістердің де көп болатындығы айдан анық, дегенмен өз қауіпсіздігін, сонымен қатар айналадағы жұрттың қауіпсіздігін ойлау керек шығар деймін де асыға бермей.

Тоба деймін де, барлығы да бір жатқан жанкештілер!!! Неге деймісіз?

Өзіңіз ойланып қараңызшы, жол қиылысында оңға бұрылайын деп оң жақтағы бірінші қатарда тұрсыз сигнал күтіп. Жасыл шам жанып енді бұрылғалы жатқаныңызда сол жағыңызда үшінші қатардан бір машина орта қатардағы машинаның тура жүретінене қарамай алдыңызды орап оңға бұрыла салады.  Бұл жерде полиция қызметкерінің еш мән бермей жәй тұрғанын тағы бір елестетіңіз. Осыдан кейін оларды «жанкешті емес» деп көріңіз енді?! Бағдаршамның қызыл сигналына тоқтауды ар көре ме деп те қаламын кейде.

Қанша осындай бассыздақтарды көре тұра, жазаға тартып жатқан бір полиция қызметкерін көрмедім. Сабырлылықтарына таң қалып, е бұларға ақша керек емес екен деген шешім шығардым.

Айтып, айтпай не керек, еліміздегі коррупцияланған болса да ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН  жол полициясы қызметкерлерін, өрескел ереже бұзбайтын оңтүстіктік жүргізушілерді де  жақсы көріп кеттім J

15 thoughts on “Жол ережесі кімге керек?

  1. Қалдықыз

    Қит етсе оңтүстік, дәлірек айтсақ Шымкенттіктерге тіл тигізуге дайын тұратын Шымкенттік еместерге «Шымкенттік» деген керемет статусқа жетіп ал дер едім.
    Ал жол мәселесіне келсем, біздің Kz-да адамдар машинадан қорықса, Қытайда машина адамнан қорыққанын көрдім. Жасыл жанып тұр, машина неге жүрмейді десем, жаяу жүргіншілер ағылып жолдан өтіп жатыр. Адамдар тура мал іспеттес, жөн көрсетер ажа да қожа да жоқ.

    1. Акпатша

      «Сөйтсем, бұлар қытайда қыдырып жүрген шымкенттіктер екен…» деп аяктасай.
      Калжын го. әйтпесе, шымкенттіктерде ала алмай жүрген өшім жоқ.

  2. Акпатша

    Біріншіден, жол анау-мынау оқиғадан аман болыңыз!
    Екіншіден, неге оңтүстікті мысалға тарта бергеніңізге түсінбедім.

    1. balzaminka Post author

      Аминь!
      Оңтүстікті, оның ішінде шымкенттіктерді жеккөрінішті көрсету мақсатында жазылмаған болатын, күнде естіп құлаққа сіңіп қалғандар )))

  3. Зухра

    қалада жол ережесін бұзушыларға отырып алып ескертулер жасаушы едіңіз, соның күйін кешіп жүрмеңіз. Абай болғайсыз.. қорқам 😉
    (бірге жургендегі оқиғалар есіме тусіп кетті түсінген боларсыз) 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s