Жалғыздық…

Жалғыздық...

Түн……..Ұзақ түн…..Күн…..Ұзақ күн……

Ұзақ түнде де, ұзақ күнде де серігім, айнымас досым – Жалғыздық. Сені қашан және қайда кездестірген едім? Сол бір кездесуіміз мәңгі болар деп кім ойлаған? Жалғыздық, мені өзіңе жар етіп алғанмысың? Әрине, адам баласы өзіңмен дос болсам демейді, мүмкін болса сені танығысы жоқ қой. Сондықтан болар, сенің жалғыз отырған жанды көрсең, бар жан-тәніңмен орап алып, махаббаттан, қуаныштан өзіңді жоғары қойғың келетіні? Адам баласынан осылай кек алмақпысың, Жалғыздық? Өзің жүрген жерде басқаларға орын жоқ дейсің. Солай-ақ делік, алайда неге жас талғамайсың? Сәби күнгі өзіңе деген қорқынышымызды кешірмей, ерте ме, кеш пе, әйтеуір қасымыздағы бақытқа, махаббатқа, шаттыққа сес көрсетіп, олардың орнын басуға тырысып бағып, оларды жеңіп, төрден өз орныңды аласың. Әлсіз адам сенің құрған торыңнан шыға алмай, өзің сыйға тартқан жалғыздықпен таңды атырып, күнді батырмақ. Әрине, сен бұған қуанып, өзіңді бақытты сезінесің! Әйтпегенде ше, адамның өзіңмен сырласып, мұң-шерімен бөліскені сен үшін бір ғанибет, өйткені сен ЖАЛҒЫЗ еместігіңе, қасыңда өзіңе серік Адамның барлығына қуанасың!

8 thoughts on “Жалғыздық…

  1. 12aikon1986

    Адам жалғыздықпен қашанда серік бола алады. Кейде жақсы кейде жаман. Бірақ, жалғыздық тек құдайға жарасқан. Сондықтанда жалғыз болғым келмейді…

  2. Зухра

    жалгыз емессің, журегіңде және жүректеріндесін жақын адамдарынның.. сабыр.. 2 жыл көзді жұмғанша өте шығар. Алла жар болсын!

  3. balzaminka Post author

    Әрине мен жалғыз емеспін))), жалғыздықтың да жалғыз қалудан қорқатынын ескере келе, адамға тем паче жалғыздық жараспас. Каламбур болып кетті ме өзі, қалай-қалай))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s