Бауы берік болсын!!!

Қатты дабырлаған барабанның дауысын естіп, не болып қалды деп сыртқа шықсам, мына жағдайдың үстінен түскенім:

Бұл не болды екен деп қарап тұрмын енді. Аң-таңмын. Мені одан самайын таңдандыра түскісі келгендей шашу шаша бастады үлкен кісілер. Айтпақшы, шашулары құдды біздікіндей ғой, кәмпит араласқан тиындар :).

Келіншек түсіп жатыр ма екен, олай болса жақсы болды ғой деп қуанып мен тұрмын. Сөйткенше болмады, ортадағы қып-қызыл сари киген кісінің басына құмыра қоя бастады қасындағы кісілер. Құмыраны орнатқаннан кейін мына жағдай көрініс алғаны:

ә

Жігіттері алдында билеген процессия көшемен кете барды дабырлатып. Сәлден кейін қайта оралды бұл тойшы қауым. Машиналарына отыра салып, лезде тарқап кеткені. Тез бітіп қалғанына көңілім толмай менде кірдім ішке.

Содан кешке қыздардан сұрап білсем, бұл дүниеге жаңа нәресте (ұл) әкелген ананың өз төркініне келіп, көрімдік сұрағаны екен :). Басына құмыраны қойғандағысы, баланың несібесі мол болсын дегені екен, айтпақшы құмыраның іші бидай мен күрішке толы болуы шарт.

Қорытындылай келгенде, дүниеге келген әрбір нәрестенің өмір жасы ұзақ, бейбіт күнде тек қана жақсы азамат болып өсе берсін дегім келеді.

Альмира, қызыңның бауы берік болып, артынан іні-сіңлілері көптен ерсін!!!

9 thoughts on “Бауы берік болсын!!!

  1. Kaldykyz

    «Дүниеге бір қозы келсе, бір түп жусан артық шығады» деуші ме еді, әйтеуір кішкене нәресте туылса еріксіз қуанамын, несібесі зор болсын деп құмыраға бидай мен күріш салғанына тіптен қуанып отырмын 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s