Аман болшы, анашым!

3

Анамды қатты жақсы көретінімді Сізге айтқан ба едім? Айтпадым ба? Кешіріңіз, құрметті оқырман, бұл олқылығымды. Бастаудың барлығы анадан басталары рас болса, онда мен әңгімемді анамнан бастауым керек еді, алайда ештен кеш жақсы демекші, анам туралы Сізге сыр шертелін.

Анам менің асыл жан, бұрындары ол кісіні түсінбедім бе, әйтеуір ренішім көп болатын. Ал қазір есейгенім болар, әлде алшақта жүріп сағынғаным ба, қазір ол кісіні пір тұтамын. Кемшіліксіз жан болмас, дегенмен осы күні қарап отырсам, менің анам ардақ тұтарлық жан екен.

Кішкентайымда мамам менің қазақ тілінің мұғалімі деп ойлап, ойлап қана қоймай бәріне солай айтатынмын. Кейін құр ғана қара жұмысшы екенін білгенде де бұл сенімнен танбадым, таныуым мүмкін де емес еді. Анамнан өткен авторитет болмады.

Рас, анам жоғары білім тұрмақ орта мектепті де бітірмеген. Сонда да ол кісінің әдебиетке қызығушылығы мені тәнті етеді. Үйге зат бергенде анама тек қана кітап беріп жіберетінмін, оған апам ренішін білдіріп: «Кітаптан гөрі алыстағы қызым беріп жіберді деп мақтанып киерлік көйлек бермейсің бе», деп. Көзінің жанары барында бізді бағып-қағып өсіремін деп жүріп уақыты болмаған, қолы жетпеген кітаптарды төрден көрі жақын қалғанда оқып қалса деймін ғой, оны апам түсінбейді.

Біздерге үлгі, сабақ болсын деп оқыған кітаптарынан, ғұламалардың айтқандарынан мысалдар келтіріп отырғанының өзі бір ғанибет мен үшін. Сол анамның арқасында бала кезімнен қазақ халық ауыз әдебиетін танып білсем, өсе келе Б. Майлинге ғашық болдым. Сол үшін де анама алғысым шексіз!!!

Сөз аяғында баршаңыздың аналарыңыз аман болсын дегім келеді. Алла ол жандарға ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық берсін, сонымен қатар еш ренжіте көрмесеңіздер. Жақсы көретінімізді айта алмайтынымыз бар ғой, тура айтпасаңыз да сыйлықпен көңілін аударыңызшы, шаршап жүрген болар, а?!

Беріп жіберетін кітаптарымды сағынып жүр ме екен ((…….

6 thoughts on “Аман болшы, анашым!

  1. urimtal

    Сіздей қызды үкілеп өсіріп отырған анаңыз аман болсын! Аллаһ тағала әрбір күнін нұрға, қуанышқа толтырсын. Кішкентай уайым, қайғысының өзі сауапқа айналсын!

    Ананың баласына қылған дұғасы сөзсіз қабыл болады екен. Анаңыздың жатса-тұрса да айтатын «Құлыным аман болсын!» деген бір тілегімен ғой жер басып жүргеніміз…

    Ақ жаулығы қандай әдемі… Аллаһ тағала екі дүние бақытын нәсіп етсін. Мұндай кісіні ренжіту үлкен айып болар еді. Көзінің тірісінде анаңыздың ризалығын алуды нәсіп етсін сізге!!!

    Анасын сіздей қадірлейтін қыздар ғаламның гүліне айналсын!

    Жазбаңызға көп рахмет!

  2. Ақзере

    Гүлшат, үлкен рахмет тілектеріңе! Мен де мамаммен кейде ренжіссем де, оны қатты жақсы көремін. Не болса да олар біздің тек бақытты болуымызды қалайды ғой. Біз соны түсінбей жатамыз. Аналар аман болсын! 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s