Ура! Ура! Ура!

Тағы да Ура! Ура! Ура!

Құттықтаңыздар мені, отандасымды таптым үнділердің елінде 🙂 Олай болса, сіздерді отандасым Ақмаралмен таныстырып өтелін.

4

Ақмарал да магистратурада би мамандығы бойынша оқып жүрген студент. Алла жазса, келер жылы тәмамдап, Мастер атанбақ.

Бүгін сәті түсіп кездестік. Өз отандасымды көріп, өз ана тілім құлағыма жетіп бүгін бір марқайып қалғаным. Өкініштісі кездесуіміздің тез аяқталуы. Уақыт шіркін жүйрік емес пе, лезде-ақ зуылдап, басқа да жұмыстарымыздың бар екенін еске салғаны. Дегенмен кездесу барысында танысып қана қоймай, алдыға қойған мақсаттарымызбен, жоспарларымызбен бөлісіп үлгердік. Ақмаралдың алға қойған мақсаты зор екен. Ол кісіге мақсатына қиналмай, түзу жолмен жетуіне тілектеспін.

Солай, құрметті менің отандастарым! Ойламаған жерден елден жырақта ҚАЗАҒЫМДЫ кездестіріп, қуанышқа бөленіп отырған жайым бар. Елден алыста болса да жүрегі елім деп соғар, соғып қана қоймай еліміздің өркендеуіне үлес қосар қазақтарымыздың саны арта берсін дегім келеді.

10 thoughts on “Ура! Ура! Ура!

  1. urimtal

    Оһо! Құтты болсын! Енді жиі-жиі кедезіп, елге деген сағыныштарыңды бір кесе үстіндегі шаймен басып отырыңдар 🙂

    Сонда үнді биін билеуден мастар атанбақ па?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s