Сәттілік сыйлаушы – Ганеш

Көшеде ығы-жығы халық: сатып жатқаны мен алып жатқаны, үлкені мен кішісі, әйелі мен еркегі. Барлығына ортағы – Ганеш құдайдың туған күніне дайындық.

ғ

Аңызға құлақ түрсек: Ганеш Шива мен Парватидің кішкентайында Шина құдайдың қолынан қаза тапқан баласы. Баласын жоқтап қайғырған ата-анаға әулие келіп:»Оңтүстікке қарап отырған жанның басын балаңның кесілген басының орнына қойсаң, балаң қайта оралады,»-дейді. Сонымен, Шива құдай далаға шығып қараса, піл баласы онтүстікке қарап жатыр екен. Дереу әулиенің айтқанын жүзеге асыруға бұйрық беріледі. Содан бері халық Ганештің қайта оралуын сәттілікке санап, Ганешті жан тазалығының, сәттіліктің құдайы деп танып, туған күнін атап өтеді екен.

,

Атап өтілуіне келсек: Ганеш мүсінін безендіріп, алдына түрлі тағамдарды, жеміс-жидектерді тарту етеді. Отпен аластап, кешіріммен қатар, желеп-жебеп жүруіне, сәттілік ала келуін сұраған халық мүсін алдында бас иеді. Осы ритуалдан кейін дастархан басында жиналған қауым тәттімен туған күнді тойлайды. Үшінші күн дегенде мүсінді суға ағызып жіберу керек, себебі дүние бес элементке тәуелді: жер, топырақ, аспан, ауа және су. Топырақтан жасалған мүсін өз орнын сөйтіп судан таппақ.

ПыСы: Кинодағы биші қауымды өмірде көре алмай-ақ қойдым 🙂

13 thoughts on “Сәттілік сыйлаушы – Ганеш

  1. Ақзере

    «Салты басқа, иттері қара қасқа» – деп қазақ бекер айтпаған екен. Осыдан біраз бұрын Ертай Қытайлардың қалай құдайға табынатынын жазса, енді үнділердікін естіп, біраз ақпарланып жатырмыз. Қызық…

    Мырза, олар біздің қалай сыйынатынымызды естіп, тура сен сияқты күлетін шығар. 🙂

    1. Myrza

      Akzere! Bir buddist kisi budda musininin aldynda kulshylyk jasap otyrsa bir it kelip musinge siip ketipti)) Sonda ozin itten korgai almaityn kudaidyn nesi kudai dep oz dininen bas tartypty. Eger jai gana akylga salatyn bolsanda bizdin kulshylyk olardikinin kasynda kaida durys bolyp korinedi goi..Alde kalai oilaisyn. Shynymdy aitsam senin dini kozkarasyndy bilgim keledi. Osy jerge bolsada nakty jauaptaryndy jazshy. Karsy bolmasan…

  2. aizhannur

    бір форумда оқығам: «Менің құдайларым сондай кішкентай, тіпті киім тіге алмай отырмын» деген. Сондағысы осындай будданың және т.с.с. мүсіндерін айтқан екен.

    Менің ағам Үндістаннан осындай бір пілді алып келген еді. Ұқсасы. Басы піл, денесі адамдікі бір сары мүсін, жатыр казір бір жерде.

    Естуімше олардың 30 млн. құдайлары бар екен.

      1. aizhannur

        solai boldy onda.

        ozim armandap jurmin Undistanga sayahattap kaitudy, kazirwe bolmai tur…. kobirek jazynywwy, suretter ilip.
        oz basym ulttyk kiimderin, awekeilerin katty jaksy korem :))))

    1. balzaminka Post author

      Уалли, мен оларға жолаймын да, дос боламын да, темплдеріне де барамын керек болса. Өйткені, мен олардың ортасында жүрмін, олардың мәдениеті мен үшін қызық. Қандай дінді ұстанса да, кімге табынса да сыйлауым төмендемес, ең бастысы өз жүрегімде өз дінімді қадірлеп, ұмытпасам болғаны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s