Бұған енді не дерсіз? :)

Сабақ басталғанына, міне төрт апта болды. Универдегі студенттік күндеріммен бөліселін.

Сабақ біздегідей 8.30-да басталып, ұзақтығы енді ерекшеленіп, 50 минуттан тұрады. Мұны көре салып, одан қалды күніне болатын төрт-бес сабаққа мәз болдым, қандай керемет, уақытым көп болады деп. Сөйтсеммм… Сөйтсем, қызықтың бәрі алда екен :).

Кесте бойынша төрт сабақ деп дайындалып келіп, сабақтан кейінгі уақытқа жоспарлап қойған бар жоспарың, істерің үшінші сабақтың соңына қарай быт-шыт болады. Профессор күліп кіріп келеді аудиторияға, бүгін қарсы болмасаңдар сағат 15.00 пен 16.00- де сабақ өткізіп жіберелік деп. Жоқ деп айта алмайсың да басыңды шұлғып қала бересің. Бұған басқа не дерсіз?

Енді, басты мақсат білім алу екені рас, бірақ сол айтылған уақытта шаршап отырамыз да, мұғалімнің айтқанын мән беріп тыңдамаймыз. Неге дейсіз бе? Профессор лекцияны электронды түрде дайындап келіп, оны проектормен оқып беріп, сабақ соңында оны өзімізге көшіріп алыңдар деп ортақ компқа салып кетеді. Сонда деймін де, несіне уақытымызды алып, сарылтып күттіртпей сразу неге бере салмады? Ал сіз бұған не дерсіз?

Содан, уақытты құр өткізбей, пайдасымен өткізелін деп бөлімдік кітапханаға барамын, барамын да тез кетіп қалуға тырысамын. Кіре берісте аяқ киімді қалдыру деген бар бұл жақта :). Цемент пол, оның үстіне шаңы басылсын деп су сеуіп тастаған жерге қалай жалаңаяқ кіреді екен, түсінбеймін, денсаулығым жедел түрде сыр беріп қояды мұндайда, сондықтан интернет деген досыма кетіп қаламын. Бір жақсысы, мұнда ғаламторға шектеу жоқ болса, өкініштісі тегін әдебиеттерді табу қиын. Бұған не дер едіңіз?

Одан жыбырлап жүріп, тренажерный зал тауып алдым тек қана қыздарға арналған. Жақсы идея әрине, бірақ қызық болғанда сол залдың ашылғанын әлі көрмедім. Ертең келіңіз деп шығарып салады қызметкерлер, келмеңіз деп айтпайды ғой сабаздар, ал енді бұған не дерсіз?

Әзірге осындай кереғарларға куә болып жүрген жайым бар, алдағы таңда жалғастырармын тақырыпты :), алшақ кетпеңіз.

11 thoughts on “Бұған енді не дерсіз? :)

  1. musicola

    біз жазда Сарайшық музейіне барғанбыз Атыраудың жанындағы. сонда аяқ киім шешіп кіргізеді. бірақ онда кілем – ковролан төселген. бірақ сонда да бір қызық…ойладым, онда солай кіргізетіні бар, бахилы бермит па деп…)))
    жүн нәскиді точно салып алыңыз. не ғой, мында жүрген индустар ше қыста да сланцымен жүреді де, бастарын бүркеп жауып алғанын көргенбіз )))

      1. 222

        О да тұрған не бар? Қыстың аяғында әскери кәмисәриәтта мед. тексеруден өткенде жалаң аяқ, тек түрсишең жүргенбіз. Есік айқара ашық жатады, біз //шақырылушылар // бүрсеңдеп 🙂

  2. musicola

    ааа, айтпақшы, профессорға уақыт бөлгені шүн көбірек рупи төленетін шығар, а? сол шүн сіздерді ұстап қалат шығар )))

  3. altygradus

    носки алып жүр шынымен әркез. Біз сол Үндістанға барғанда ылғи да сумкаға салып жүретінбіз. Әйтпесе олар бал кезінен үйреніп қалған ондайға.
    Ал тренажер негізі істеу керек нәрсе бірақ соны ашуға ерініп жүрген шығар.
    Сендерде экотәсіл екен Бальзаминка:))))
    Бізде де сол ғой там концепциясын басты жерлерін мұғалімдер пауэр пойнтпен жасап кеп, проектормен оқиды, не уордпен жасап келеді, и өзіміз де соалй жасап келеміз сосын елдерге хардкопи ғып үлестіру керек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s