Махабатым – реквиемім

Елуден асып, егде атанған шағымда бойға жаңа күш бітіп, тынысым қайта ашылып, махаббат атты тұңғиыққа бойладым. Ия, солай, жас буын. Қартта да болмақ екен махаббат. Ойлап отырған боларсыз, картайғанда алжып, жас қызға есі кеткен қақбас деп.

ғ
Қызық іздемедім бұл өмірден. Сүйікті жарыммен бақытты отбасын құрсам деген едім бар болғаны. Үйлендім, екі баланың әкесі атандым, сөйтіп орта жасқа келгенде теңіздегі кемем тұралап қалды. Не болды? Кім кінәлі? Білмеймін, мүмкін арамыздағы сезім оты өшіп, оны қайта тұтандыруға күшіміз жетпеді. Әлде, жиырма жылда бір-бірімізден сырымыз қалмай, қызықсыз болып қалдық?!

Галинам қандай бақытты соңғы күндері. Нұрланған жүзінен әр кез жаным жай тауып, ляззатқа бөленудемін. Көзінің айналасына жиналған әжімнің өзі қалай жарасымды. Жас болмаса да бойынан еркелігі кетпеген, әже атанса да әйелдік қылығын жоғалтпаған менің Галинашым қандай сулу?! Бір-бірімізді соңғы аялдамамызда тапқан секілдіміз.

Тағы да тұрақтап қалды кемем. Тұрақтап емес, түпсіз тұңғиыққа батты десем дұрыс болар. Бұл жолы тағдыр дегеннен басқа шара болмай тұр. Галина үшін шынымен де соңғы аялдама болған екен. Мүмкін, соншалықты бақытты болмасақ, ажал бізді айналып өтер ме еді? Егер ол маған жетем деп асықпағанда бұл күні қасымда болар ма еді?

Қазір мен тірімін? Әлде, тірілер арасындағы тірі өлікпін?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s