Сау болыңыз!!!

Қазағымызда жүзі таныс адаммен амандасуы, түшкірген кісіге саулық тілейтіні, ауқаттанып отырған кісіге ас болуын тілейтіні бар емес пе?!

Басында қанға сінген әдетпен жанымда кісі түшкіре қалса «Сау болыңыз!», ауқаттанып жатса «Ас болсын!» дейтінмін. Универде көрген кісілермен амандасып дегендейін.

а

Ал, қазір айтпаймын. Ана кісі бетіңе бажырая қарағанда, бірнәрсені бүлдіріп қойдым ба деп ойлап қаламын. Бұл жақта мұндай үрдіс жоқ екен. Қайта-қайта айтып, түсіндіруден шаршап кеттім. Ішімнен ғана айтамын да отыра берем, ертең елге қайтқанда айтуды ұмытып кетпесем болар еді 🙂

Осындай майда-шүйдеден мәдениет қалыптасады емес пе. Соған қарап «тәрбиелі», «мәдениетті» болмаса, керісінше «мәдениетсіз» екен деген ой туындайды кісі бойында. Өзім осындай мелочтарға көп аса мән беремін де бір жаман жерім. Бір тамшы өзен бағытын өзгертпес деген, солай өзендегі бір тамшы болып жүрген жайым бар. 🙂

PS: Айтқың келгенді айтып, оны сұхбаттасың түсініп жатса, ол да қуаныш екен ғой 🙂

9 thoughts on “Сау болыңыз!!!

  1. Kaldykyz

    «bless you» деп айтатынбыз ағылшын тілі сабағында, біреу түшкірсе )))
    олар ондайды түсінбесе қиын екен, өзің түшкіріп алып «сау бол» сөзін күтіп отыратын кездер де болады

  2. altygradus

    жапондарда да ондай жоқ:) Мен өзім де кқп айта беретін адам емеспін, кейде айтам кейде айтпайм, бірақ Альхамдулилла деген адамға жауап айтып жатамын. Ал жапондарда ондай әдет жоқ. Сосын ас болсын деген де сөз жоқ. қасыңда бірек тамақ ішіп отырса айтқым келед та кейде:)))

    1. balzaminka Post author

      осыдан туындайтыны, біздің қазақ батысқа қатты еліктеп кеткен бе, әлде қазақтың өз төл мәдениетінде болды ма екен деген сұрақтар 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s