Ұнайды, ұнамайды деп бөлсем

Осы екі ай ішінде Ченнайдағы маған ұнаған, ұнамаған дүниелерді атап өткім келіп отыр. Бұл үнді халқын жамандағым я мақтағым келгендігі емес, жәй есеп беріп көрсем деген ой өз-өзіме. Айта кететіні, ұнайтын дүниелер дегенде еске тез түскені. Тепе-тең болсын деп, ұнамайтындарды біраз еске түсіру керек болды 🙂

Ұнайды
1. Шырын дүкенінің көптігі
2. Жеміс-жидектің арзандығы
3. Автобустан кез-келген уақытта түсіп кете беруге болатындығы
4. Ғаламтордың арзандығы
5. Ұялы байланыстың арзандығы
6. Дәстүрлерін қадірлейтіндіктері
7. Үкімет тарапынан өнер мен ғылымның қолдау табуы
8. Киімдердің арзандығы
9. Атеист емес, құдайға сенетіндіктері
10. Көңілдерінің кеңдігі
11. Шетелдік статусым, көп жағдайда скидка бар:)
12. Сервистері (біздегідей ашуланып жатқандары жоқ, күліп тұрып, көңіліңнен шығуға тырысады)
13. Шыбын, масаның жоқтығы
14. Көктің көптігі
15. Аялдамада автобусты көп күтіп тұрмайтындығым
16. Эйрлайндарының көптігі
17. Пойызда төрт мезгіл тамақтың қарастырылғандығы

Ұнамайды
1. Үлкенге деген құрметтің жоқтығы
2. Көшеде дәрет сындыратындары
3. Ер кісілердің әйел баласын сыйламаушылығы
4. Дүниетанымдарының тарлығы
5. Маникюр-педикюр дегенге жоқтықтары
6. Шаштарына май жағып алып жүретіндіктері
7. Кезекте тұрғаныңда баса көктеп, еш ұялмастан алдыңа тұрып алатыны
8. Көшелерінің ластығы
9. Ғимарат ішінде ілініп тұратын шылаулар
10. Автобуста жігіттердің қыздарға орын бермеуі
11. Сасық иістері
12. Ағылшын тілін түсінбейтін кісі жолығып қалғаны
13. Ұшатын, жорғалайтын, кіші, үлкен құмырсқаладың көптігі
14. Машиналардың себепсіз сигнал баса беретіндіктері
15. Юбка кию мүмкіншілігінің жоқтығы (бірде тізеден төмен юбка киіп шығып, енді киместей болдым)
16. Ұшақтағы тамақтың ақылы болғаны
17. Ащы емес тамақтың болмауы

28 thoughts on “Ұнайды, ұнамайды деп бөлсем

    1. balzaminka Post author

      негізі, жүйкемді жұқартқым келмейтіндіктен, әрі бұл жақта біраз болатындықтан ұнамаған нәрсені тез ұмытуға тырысам да, ұнаған нәрсені көңілге медет тұтып, есте біраз сақтап қалам :), сондықтан да осы тізімді жасағанда біраз нәрсені еске түсіруе тура келді )))

  1. Aikona

    Ұнайтындарын бір-екі сөзбен – ақ қорытуға болады екен. Арзан әрі табиғаты тамаша деп.
    Ал ұнамайтындарын көріп кәдімгідей жиіркеніп отырмын.

    1. balzaminka Post author

      Айкона, адами қасиетті бағалау керек деп ойлаймын бірінші орында, ал бұл жағынан бұл кісілер өте жақсы. Я лас, я тырнақтары өсіп жүреді, я сасық, алайда қасыңдағы адамда адами болмыстың жұрнақтайы болмаса несі жақсы қанша әсем, қанша көркем болып тұрса да?
      Бір мысал келтіріп кетейін, как раз бүгін болған оқиғамен байланыстырып.
      Бүгін ұялы телефонымды аулада түсіріп алыппын, оны өзім білмеймін де. Сабақтан қайтайын деп жатсам жоғарғы курстің қызы келіп сотка жоғалтқан жоқсың ба деп сұрайды. Соткамның өзімде екеніне сенімді болған мен, жоқ дедім. Содан аялдамада тұрып соткамды іздесем таппадым, әйда универге қарай ұштым. Келе жатып ойлап қоямын, жоқ шығар, өзі қымбат, ендігі қағып кетті ғой деп. Келсем, соткам деканатта екен, тауып алған студент апарып өткізіпті. Мен соткамды сабақ басталар алдында жоғалтыппын, ал қолыма төрт сағаттан кейін тиді.

      Осы көктемде Алматыға барып тағы да осылай аулада соткамды қалтамнан түсіріп алдым, абырой болғанда дер кезінде біліп, артқа қайтсам, бір бала ошіріп тастап қалтасына салып жатыр екен, сонда деймін да арада бір минутта өткен жоқ, көп болса бір жарты минут. Қазір енді салыстырып отырмын, адамгершілік қасиет қайда жоғары деп 🙂 (кстати, ол сотка арзандау болатын)

      1. musicola

        мүмкін заң қатал шығар? қорқатын шығар бірдеңе алуға, ұрлауға? …

    1. balzaminka Post author

      шын айтсам, бірінші күнгі әсерімнен кейін өзімді иістерге запрограммировала сезбеуге, тек қолаңса иісіне болмай жатыр 🙂

  2. aizhannur

    осы үндстердің шаштары неге сонша қалың және әдемі?
    менің шашып түсіп болды, три волосика в два ряда қалды почти 😦
    қандай май жағатындарын білмейсің бе?

    оффтоп үшін сорки 🙂

    1. balzaminka Post author

      Айжаннұр, бұл жақта кокос көп болғандықтан соның майын жағады көбіне, сондай-ақ зығыр майы, тағы бір май бар еді қазір есіме түспей отыр, кейін жазам, ок?

  3. musicola

    халық саны көп қой…. дүниетанымға байланысты ойыма түскетті: қытайда да адам саны көп, оларда да дүниетаным тар ма кен?…

    шыбын, маса жоғы таң қалдырды…))

  4. balzaminka Post author

    Шыбынның жоқтығы ящерицаға (қазақшасын ұмытып отырмын, кешірім сұраймын ол үші) байланысты екен. Ол бұл жақта көп. Ал, маса мені де таң қалдырады, су көп дегендейін бұл жақта, қызық 🙂

    Қытайлықтар туралы Асспаннан сұрап білу керек шығар 🙂

  5. hindi

    Маникюр-педикюр дегенге жоқтықтары// бар болғанда да жасатпаушы едім 😉 себебі ол жақта СПИД өте көп, жалпы Индияда(((

  6. altygradus

    мдаа талай нәрсе жазған екенсің:)
    ұшақта тамақтың ақылы болғаны қайта жақсы.Себебі ол LCC (Low Cost Carrier) лерге тән нәрсе. Соның есесінде билет арзанға түседі, және экологияға зияны азырақ. Көбіне адамдар билет сатып аларда алдын ала тамаққа тапсырыс бере алады, соған қарай шамамен бортқа қаншама тамақ алу керектігін есептеуге болады. Артық тамақ алып самолетті ауырлатпайды, яғни самолетке құйылатын жанармайды үнемдейді.
    Ал юбканы кимеген дұрыс шынымен:)

  7. altygradus

    Бюрократизм мында да бар әрине бірақ орнымен көбіне. Біздің қазақ сияқты емес әйтеуір біреудің жұмысын істегендей боп шіретін отырмайды шенеуніктер. бәрі уақытымен чикичик:)
    Ал Үндістанда ондай баршылық екенін байқадым, әсіресе төмен кастаның адамдары Өзі төмен кастадан шыққанын түрінен ақ білуге болад ғой, бір мінберге қол жетті ма өте қиын нәрсе, жер көкте жоқ ваажнвый боп.

  8. Меру

    15. Юбка кию мүмкіншілігінің жоқтығы (бірде тізеден төмен юбка киіп шығып, енді киместей болдым).

    не үшін киместей болдың?

    1. altygradus

      себебі шетелдік болғасын былай да былай қарайды, а тут ұзын емес юбкамен шықсаң это вааще:))) кеп қолыңнан ұстаған жоқ па әйтеуір:)))
      Біздің жұмыста бір келіншек өмірі миниюбкамен жүретін Үндістанда бір рет солай көшеге шыққан ғой аж бүкіл движениені тоқтатып:)))). Өзі аппақ шашын да блонд қып бояған өзі. Вообщем жетіп кеп қолынан ұстаған да вообщем ужыс:))

  9. balzaminka Post author

    Mery, Алтыградус, қолымнан да, басқа жерімнен де ұстаған жоқ, тек тесіліп қарап, өз тілдерінде бірнәрселер айтып жынға тигендері 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s