Киелі сиыр, киелі маймыл

Үндістер үшін сиырдың киелі екенін барлығымыз да білеміз, ал енді маймыл? Ол заманда, бұл заман маймылдың киелі екенін өз басым білмеппін. Жүре берсең, көре бересің, көре берсең, біле бересің деген осы екен. Бүгін білім базам Сатыпалды айпақшы, бір киелі нәрсеге кеңейді :).

Сабақта отырмыз, аудиториянң есігі ашық тұрған болатын. Бір уақытта көзімнің қиығымен қыбыр-жыбыр еткен бірнәрсені байқап қалдым. Бұл не болды екен деп қарасам, корпустың ішінде маймыл жүр жайымен қыдырып. Аң-таң болып отырмын. Есік алдындағы кісі қайда қараған деп қоям, мақұл қазір қуып шығатын шығар деп көз алмай қарап отырмын, сабақ жайына қалған. Маймыл еш саспай, жан-жағына қарап қойып, құдды бір көрме аралап жүргендей мокрый блокқа өтіп кетті. Ол жақты да аралап болды ғой дим, бес минуттан кейін қайтып келіп, жоғарғы қабатқа асықпай көтеріліп, кетіп қалды.

«Неге оны ешкім қуып шықпады екен?» деген сұрақ маза бермей, аман болсын қыздарымнан сұрадым. Сөйтсем, маймыл дегеніңіз киелі екен. Егер үйіңізге маймыл кірсе, бақыт пен шаттық та қоса кірмек. Сондықтан да, оған ешкім тиіспейді де, қуып шықпайды да.

P.S. Негізі жануарларды қуып, ұрып жатқан адам баласын көрмеппін әлі. Жатқысы келген жерде жатады, жүргісі келген жүреді 🙂 Бостандық пен еркіндік 🙂

17 thoughts on “Киелі сиыр, киелі маймыл

      1. Сәкен

        менің бұрынғы жұмыс жағымда, электрқұрылғылары бар аумаққа ит-мысық кіріп кетсе, бастықтардан ұлы айқай естуші едік :))
        ол жақта қалай екен электриктердің жағдайы?

  1. musicola

    ))) қызық…жануарлармен бірге жүре берген… негізі біз қызық па, олар қызық па – кім білсін?….))))
    барлық киелілермен жүрген сіз қандай бақыттысыз! (тілін шығарып тұрған смайылшы)))))
    осындай қызық бірдеңелер естісем барғым келіп кетет ше…

    1. Күлегеш

      //Үндістанның маймылдары наглый болад ғой еще//

      Аса қызықты мағлұмат. Қойын дәптеріме түртіп алайын. 😀

      1. altygradus

        Паркте жүрсең спокойно кеп қолыңдағы сумка пакетті тартып әкетуі мүмкін. Тіпті бір ретте менің подругамдардың жатақханасына кіріп жуған киімдерін бытшытын щығарып кеткендері бар екен.
        Ал бір ретте ващще қызық, достарым бір жерге қыдыруға барған қаланың атын ұмыттым. Содан бір маймыл кеп бір жігіттің кішкене сумкасын тартып әкетпек болған екен. Содан ол ұрып жіберіп оны, артынан біразға дейін қуып жіберген екен. Сүйтсе бір уақытта ана маймыл тобырын ертіп кепті, ужыс!!! Ал енді мені қуып көп дегендей кейіппен:)))

  2. balzaminka Post author

    Алтыгдадус, хехе, әңгімені өлтіреді екенсіз 🙂 біраз күлдім-ау, толпасын жинап келген маймыл 🙂
    Одан кейін өзіміздің район-районға бөлініп төбелесіп жатқан жастар, Балкон фильмі елестеп кетті 🙂 эххх

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s