Жігітім, басыңыз бос па?!

Ең алғаш келген күндерден бастап тұрмыстағы қызды, үйленген жігітті қалай айырады екен деген сұрақ туындады. Себебі, алдында маңдайларына нүкте, шаштарының ортасына қызыл ұлпа жаққан әйел тұрмыста, сақина таққан ер кісі үйленген деп ойлайтынмын. Ал, келгеннен кейін ол ойымның қате екенін білдім.

Тұрмыстағы әйел маңдайының ортасына бинди (домалақ нүкте), шашының ортасына синдур, мойнына тали, аяғының екінші бармағына сақина киеді. Талиды ері үйлену тойында мойнына салған сәттен ешкімге көрсетпеуі керек, өйткені оны көрсетсе еріне, отбасына қауіп-қатер төнеді екен. Оны еш уақытта шешпейді де, тек қана жесір қалғанда болмаса. Ал сақинаға келгенде еш шектеу жоқ, бірақ оны да шешкендерін көрмедім, соған қарағанда оны да шешуге болмайтын сияқты. Тұрмыстағы әйел баласының осындай белгелері бар болса, ер кісілерде ешқандай белгі болмайды екен. Қандай дискриминация десеңізші, әйелді жан-жағынан белгілеп тастап өздері бос жүреді :). Группамда тоғыз жігіт бар, күнде сұрағым келеді ғой аузым жыбырлап, үйленгенсіңдер ме деп 🙂

P.S. Ой туындамасын үндіс жігітке ғашық екен деген 🙂 Өмірі любопытная болғанмын, содан жыбыр-жыбыр етіп жүргенім. Тағы бір айта кетерлік, бойдақ қыздар биндиді екі қасының ортасына қояды, міне осынысымен ерекшеленеді екен маңдайдағы нүкте, әйтпесе түсіне алмай жүр едім 🙂

26 thoughts on “Жігітім, басыңыз бос па?!

  1. Сәкен

    екінші башпайына сақина тағатыны қызық екен :))
    біздікі сияқты қысы суық жаққа келіп, аяғына етік киіп жүрсе қиналатын шығар? аяғын қажап..

    1. balzaminka Post author

      ол кезде точно қолдарына таққан болар еді. Өйтіп тағуларының сыры, көзге таңба басқандай қылып көрсету ғой дим бастарының бос еместігін.
      Енді ана сақиналар точно ыңғайсыз, қалың и жалпақ.

      1. Сәкен

        көзге таңба басқандай )))

        біздің ауылда тайға таңба басатын еді, ол жаққа барғасын көзге басатын болған ба? 😛

  2. balzaminka Post author

    таакк, мен қазақ тілін ұмытайын дедім бе қалай-қалай өзі, әлде ойымды дұрыс жеткізбедім бе?!
    Сәкен, көзге көрсету болатын менің айтпағым, көзге таңба басу емес, көзге дегеннен кейін үтір қойып оқығын )))

  3. Меру

    мынаны естіп ем: рас-өтірігін кім білсін, қызды күйеуге беру үшін қыздың семьясы болашақ күйеу баланың семьясына нақты бір суммада ақша төлеу керек кен, күйеу жігіт біліміне қарай қымбаттау болад кен 🙂

  4. hindi

    аха сонсы рас, жігіт бүкіл шығарған шығынын қыз жаққа көрсетеді екен. Қыздың арық/сулу/ақтығына байланысты скидкалар болып тұрады 🙂

  5. balzaminka Post author

    Қыздарики, сұрап білдім бұл туралы 🙂
    Жігітке ақы беретіндері рас екен, бағалары енді сұмдық қымбат екен өздерінің 🙂 Қыздың туылғанына қуанбайтындары содан екен

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s