T. Nagar – сауда қатары

Сонымен, қыздардың сүйікті істерінің бірі – сауда жасауға шықтым кеше. Негізі базарға барғанды, сауда жасағанды ойй-қалай ұнатпаймын, мүмкін болса үлкен дүкендерден ала салған жақсы ғой. Базарға бармас та едім, универдегі киім бостандығым шегіне жетіп, кураторым джинсы кигенді қойып, шуриданға көш демесе. Әрі ақша үнемдеу керек болып жатыр қазір.

Үлкен квартал, қыжынаған дүкендер, саудагерлер, кісінің көптігінен бас айналады. Көбіне әйел затының әшекей бұйымдары, киімдері сауда тақырыбы. Ерлерге дискриминация қатты екен енді 🙂

Сондай-ақ, үнді текстилі, үнді сталі, үнді алтыны, үнді бриллианттары, силк сари, үнді шайы деп аталатын дүкендері баршылық екен.

Көрген заттарымның бағаларын жазып кетелін, біле жүріңіздер 🙂
1. күміс браслет екі аяққа 700-800 тг
2. материал 1 м 300-400 тг
3. аяқ киім 400-600 тг
4. рюкзак 400-600 тг
5. сумка 400-600 тг
6. күміс алқа 700-800 тг
7. браслеттер 200-300 тг
8. сари 5.5-6м 4500-6000 тг
9. шуридан 600-800 тг
10. бриллиант 1.5 караттық, класс ВС 150-180 мың тг
11. алтын (грамын қарауды ұмытып кетіппін, тек бағасын білмек болып сұрай салып едім) 16-20 мың тг

Шуриданның материалын сатып алғаннан кейін тіктіру керек болды оны. Көшеде бір сағаттың ішінде тігіп берем деп жүрген жігіттер көп-ақ екен, біреуіне ілесіп шеберханасына келдім. Пішінші, тігіншілердің барлығы ер кісілер де, клиенттері әйел жыныстылар. Өйстіп баланс сақталып тұр ғой дим 🙂

Болашақта қайта келер жер екен деееп қайттым шаршап. Көп дүкендерге кірмедім, сол болашақтың еншісіне қалдырып 🙂

21 thoughts on “T. Nagar – сауда қатары

  1. Kaldykyz

    600 теңгелік аяқ киімді табаны бүтін, ал үстінде көп болса бес жолақ жіп түскен «сандали-гладиаторы» іспеттес бірдеңкені елестеттім )))
    Біздің елде бұл ақшаға тек есік алдында сүйреуге арналған сланцы ғана келеді ғой 🙂

    1. balzaminka Post author

      Әйел жыныстымыз ғой енді, салыстыру қанға сіңген әдет. Сол, салыстырып қарасам сапасы мен бағасын, ұтылатын да, ұтатын да жеріміз бар екен.

    1. balzaminka Post author

      хинди, тамильді мен білмегендіктен, олар қазақ тілін білмегендіктен сауда ағылшынша болды енді 🙂 кстати, кәдімгідей саудаластым ғой ))

      1. Сәкен

        🙂
        халқы (базардағы қарапайым халқы) ағылшын тілін жақсы біледі ма екен?

  2. balzaminka Post author

    qisyq, мен тағы да дұрыс жеткізбедім ғой дим, тобыр дегенім толпа, масса, а не низшие слои общества, адамды олай түсіру қанымда жоқ

  3. Altygradus

    haha, bzi bir agraga barganda shurida men kamiz algan edik. nu daiynyn
    sondai ekeui 20$ bolgan, jap jaqsy sapasy ali kunge dein kiip jurmin.
    Al brilliant degenin taak 1,5C norm baga eken, kadimgidei ulken brilliant qoi, biraq ya B, C klastary ortasha tomen sapa goi.

    1. balzaminka Post author

      енді мен дәстүрлерін ұстанған елдемін ғой 🙂 өз жастарының ұстанымдарын қадағалағандары.
      Шуридан деген шалбары бар койлек :))

    1. balzaminka Post author

      сенерсіз, сенбессіз келгелі үш-ақ рет шай ішкен шығармын, сонда айына бір реттен екен 🙂
      Алтыградус қарындасыңыз дұрыс айтады, бұл жақта суды үнемдеп шай ішпейді, кофені де сусыз, сүтпен ішеді 🙂
      Ал, шайлардың ассортиментіне келсем, сол еліміздегі липтондар тұрғаны дүкен сүрелерінде

  4. базарайгүл

    сонда 600-800 тенгеге сабаққа киетін киім тіктіріп алсаныз сонда қаншама ақшанызды үнемдегенсіз. азық-түлік жағыда арзан ба?

  5. rozatai

    күшті! Гүлшат, менің бір сұрағым бар: қай тілдерді жетік меңгергенсіз және қандай бағдарламамен келдіңіз бұл елге? Үшінші сұрақ туды аяқ астынан, Ресейде қандай мамандық бойынша білім алдыңыз? 🙂 Шектен тыс қызығушылығым үшін кешірім өтінемін! 🙂

    1. balzaminka Post author

      Розатай, еш тілді жетік білмеймін өкінішке орай, шет тілі тұрмақ өз ана тілімді де 😦
      Үнді үкіметінің бағдарламасымен, ал Ресейдегі оқуға келер болсам, бұл мамандықпен үндеспейді 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s