Эфир майлары

Алтыградусқа берген сөзім бар еді. Сол сөзімде тұрудың жөні енді келіп отырған секілді.
Негізі эфир майлары жөнінде Ресейде оқып жүргенде оқып-біліп, қызыққан болатынмын, кейін елге келгесін таппадым, содан ұмытып та кеттім. Екі жыл бұрын аптекада көзім осы майларға түсіп кетіп, қызығушылығым қайта жанданды. Содан, айлық алған сайын аптекаларға жорық басталды 🙂 Сол майларымды осында алып келдім өзіммен.
Майларды негізі аромалампа, ванна, маска және кремдерге қосымша, массажға, кейде иіссу ретінде қолданамын. Қасиеттері жөнінде айтып жеткізе алмаспын, ол туралы әдебиет ғаламторда баршылық ізденген жанға 🙂 Бір кісілерге жағатын, бір кісілерге жақпайтын қасиеті бар дегендейін, сондықтан алдын-ала тест жасамақ керек қолданар алдында.
Көп қолданатын майларым пачули, нероли, герань, мята, чайное дерево эфир майлары. Өзіме ұнайды, еш ренішім жоқ 🙂
Мысалыға, миндаль майының шай қасығына екі тамшыдан пачули, герань қосып шашыма маска жасаймын, түсімді тежейді 🙂 Егер, қызықтырып жатса тағы жазармын 😉

18 thoughts on “Эфир майлары

  1. satibaldi

    Бір кісілерге жағатын, бір кісілерге жақпайтын қасиеті бар дегендейін, сондықтан алдын-ала тест жасамақ керек қолданар алдында.

    Уа жұма намазын үзбеген ізгі христиандар, мына сариге оранған тайфун қыздың сөз саптауынан, Шәкәрімнің стилін шырамытып тұрған жоқсыңдар ма, зұлматжылдарыңсстың???

  2. altygradus

    ооо Бальзаминка рахмееет
    қызық қызық тағы жаз:)
    Мысалға иіс су ретінде пайдаланғанда қалай жасайсың?
    шынын айтайын бұл эфир майларынан дым қақпаймын, ана шай қасық анадан мынадан деп жатқаның кішкене құтыларда сатылатын майлар ғой иә?

    1. balzaminka Post author

      Ия, он мл-лік құтыларда сатылады өздері.
      Сумен, болмаса кішкене тасымалдағыш (транспортное дегенді осылай аудардым енді 🙂 ) маймен араластырып жағуға болады

  3. Меру

    есіме түсіп кетті, көз айналасындағы әжімдерге айтқаның бойынша осы майлардан маска жасап бастап едім, кейін көшкенде жоғалтып сол күйі мұткетіппін)) шашқа арналғандарыңды егжей-тегжейлі ғып жазсаң күшті болар еді)))

      1. altygradus

        иә пока әсері туралы сұрауға әлі алыстау:)))) сен жазған нәрселер ҚЗда қолға түсетін заттар екен, бірақ Жапонияда қызылшамен ана жүгерінің мұрттары атымен жоқ, тек ана пияз бен жұмыртқа ғана.
        Менің ең қызығып отырғаным ана қызылшаның суы боп тұр шыны керек, ҚЗға барғасын жасаймын:))).
        Ал пияз бен жұмыртқаны ИНш жасап көремін рахмет:).

  4. musicola

    жұмыста 1-2 қыз сонша көөөөп сандал майын жағып күнде, басым ауырып отыра алмайтаын да күйге жеттім…не болса да, үйлеріңізде жақсаңыздар кен сол эфир майларыңызды. а то талғам әркімде әр түрлі дегенди, иіске шыдамайтын да адамдар бар енді қоғам болған соң…)))

  5. Rai

    Алдын журналдар осындай майлар туралы оқығанмын, бірақ сіз айтқан сон, жүгіріп аптекаларға бардым, таппадым, бізде ауылда кейбіреулері оның не екенінде білмейді де екен. 😀

    1. balzaminka Post author

      Сәлем, қатықтан жасағың келмей ме? Қатық түсімді де азайтады, қайызғақты да жояды, жылтырды да арттырады. Иісі ұнамайды десең, бір-екі тамшы эфир майын қоса сал, мысалыға герань 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s