Негізі осылай сыпайы түрде айтады ма екен, әлде дөрекі түрде ауысып отыр дей ме екен білмедім, әйтеуір өз тілдерінде бірнәрсе деп жатады.
Бұл автобуста маған қатысты көтерілетін мәселе. Автобусқа кіргенде оң жағында ерлер, сол жағында әйелдер отырады, неге олай, білмедім. Оң қатарда бос орын болса, барам да отырып аламын. Егер, ер кісі ескі формацияда болса, тұрып кетеді 🙂 Содан бір өзім отырамын, жаңадан кісі мініп маған сол жақ қатарды көрсетіп, бірнәрсе деп жатса да қазір отыра беретін болдым. Біреудің комплексі үшін неге мен жауап беруім керек дейтін жағдайға жеттім. Болмаса мынадай жағдай, менің қасымдағы бос орынға отырғысы келіп, бірақ менен бата алмай қипақтап тұрады. Содан, менің, я болмаса кондуктордың рұқсатымен отырған ана кісі қипақтап, мазасызданып кетеді. Сондайды көрсем аяныш оянады, бұл дегеніңіз қоғамда көп шектеудің болғандығын көрсетеді емес пе.
Отырғанда тұрған не бар, далбаса ғой :))) Өтірік автобуста қысылғансып отырады да, жеке кезіге қалсаң ұятсыз болып кетеді ғо, мән берме отыра бер 🙂
ең дұрысы авторикша сияқты ))
қаражат көп болса әрине авторикша дұрыс 🙂 бір күнге 800 тг, айына 16000 тг кетеді екен. Ал, автобуспен күніне 25 тг болса, айына 500 тг болмақ :))
негізі әр елдің өз заңдылығы бар ғой, оны сыйлаған дұрыс деп білемін, кейде не по теме боп көрінсе де. В чужой монастырь со своим законом не лезут
А маған бұл заңдылық ұнады. Ешқандай да шектеу емес. Керісінше қоғамның жақсы көрінісі менше. Бізде ғой бәрі араласып, кейде жиіркенесің де
Алтыградус, ең біріншіден автобус қоғамдық көлік, тек қана жергілікті тұрғындарға емес, қала қонақтарына да арналған. Екіншіден, ондай заң болса, қоғамдық көлікте арнайы постылар ілініп тұруы керек. Үшіншіден, кондуктордың қызметі жай ғана билет сату емес, сондай-ақ, автобустағы тәртіпті қадағалау. Осы үш пунктіге сүйене келе, мен өз әрекетімді өресқойлық немесе олардың ар-ұжданына тию деп түсінбеймін. Одан қалды, қанша адаммен арқа тіресіп, сүйкенісіп тұрғанымша отырып барғаным жақсы
Олар солай тәрбиеленген шығар. Санасына уланып қалған, қыздың жанына отыруға болмайды, немесе араласуға болмайды деген сияқты. Біздің жақта да бар кейібр қатты діншілдер әйелдері бөлек, еркектері бөлек тамақ ішетін. Біреулерге жақсы шығар. Бірақ өз басым кез-келген жерде интеллигентті өзін ұстап, ешқандай жаман ойларға бармай, саналы өмір сүру.
Басында менде солай ойлайтынмын жаппай тәрбие солай шығар деп группадағы ұлдарға қарап. Сөйтсем, қыз-ұлға араласуға ешқандай шектеу жоқ екен. Мысал келтірер болсам, менің группамның ұлдары қыздардың қасына отырмақ тұрмақ амандаспайды, ал басқа группа ұлдары амандаспақ тұрмақ қыздармен араласып отыра береді.
байқа құрсын, арызданып жүрмесін 😉
заңға қайшы ешнәрсе істеп жатқаным жоқ қой 😉
намазда да бірге тұра берейік демегендеріңе шүкір
намаздың қоғамдық көлікке не қатысы бар?
Қайтарма үнқосу: Көшедегі қоқыспен күресу « 6 градус әлемді өзгертеді
Қалдықызбен келісем))) ерлердің жанында бос орын тұрып, жетер жерің алыс болса түрегеп тұрғанды көрер ем))
қоғамдық көлік пен намаздың түрлі жыныстылардың қатынасына қатынасы тура пропорционал боп тұр ғой
неге ерлер мен әйелдер бөлек жаққа отырады? хы.. қызық.. 🙂
Бізде қазақтарда, керісінше, қыз жігіттің, жігіт қыздың жанына отырып алады ма )