Бағалау

Қазір біздің елде қалай екенін білмедім, бірақ мен оқып жүргенде мұғалімдерді бағалау деген жоқ болатын. Сондықтан, оқытушыларды бағалау үшін компьютер орталығына бару керек дегенде сасып қалдым шыны керек.
Келе жатып мұғалімдерді ойша саралап келемін, қалай бағаланады екен деп. Аноним түрінде мұғалімдердің сабақты ұйымдастыруы, уақытылы келуі, студенттерді пікір алмасуға тартуы, сабақ барысының көрнекілігі, тақырыпты ашуы, жазуы мен сөйлеу анықтылығы т.с.с бойынша бағалау керек болды. Уақытылы деген сұрақ бойынша біраз оқытушыны «бір» деген бағамен бағаладым, бірақ нәтижесінде бәрібір өзгермейтін шығар деп ойлаймын :). Терлеп-тепшіп әр мұғалімді саралап отырсам, группаластарым бәрін жаппай «беспен» бағалап отыр. «Әй, қожанасырым-ай, сенде қой бесті аямай» деп группаластарымнан қалыспай қойып шықтым :). Сондағы группаластарымның ұстанғаны принциптері, мәз болып қалсын екен.
Негізі бұл идея өз көңілімнен шықты, бағалау қорытындысы бойынша мұғалімдер біраз сараптама жасап, өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бірден-бір қажетті құрал ғой.
Біздің елде бұл қалай екен? Америка ашқандығым емес, тек соңғы жылдары оқу системасынан қол үзген маған бұл жақта бәрі жаңа 🙂

10 thoughts on “Бағалау

  1. 12aikon1986

    ҚазҰТУ дың сайтында бағалау бар және 10 шақты сұрақтан тұрады-ау деймін. Сіңілім жауап беріп отыратын әйтеуір.

  2. Меру

    мұғалімдерді білім департаментінен бағалау, тексеру дегендер жиі болып тұрғанда, оның үстіне басқалары қосылса представляю

    1. balzaminka Post author

      бұл жақтағы профессорлардың нагрузкаларын көргенде, еее, біздің мұғалімдердікі рахат болған екен деп қоямын. Біз модульді де, емтиханды да комп арқылы тапсырып, мұғалімнің қызметі сұрақтарды тестілеу орталығына енгізумен шектелетін, ал мұнда модуль де, емтихан да жазбаша, жиырма студенттің жауабын тексеру, одан қалды үйіп-төгіп берген тапсырмаларды тексеру, да ужжж

      1. altygradus

        бірақ ол бағалаудың форматы қандай болғанын ұмытып қалдым. Бірақ көбіне жылда ауысып отыратын сұрақтары

  3. make

    бағалау критерийлері дитін атпен есте қалған бұл шара ұстаз қауымының қарсылығына байланысты кей жерде тоқтатылғантұғын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s