Ас адамның арқауы

Көршім Лена екеуіміз денсаулыққа пайдалы деген жергілікті азық-түліктен эксперимент жасап жүрміз. Сіздермен бөліссем, былай екен:
Қоңыр күріш. Кәдімгі ақ күрішпен салыстырғанда пайдалы компоненттері көп дейді ғалымдар. Қоңыр күрішті ұдайы пайдаланаған жанның қант диабетімен ауруы дүдамал екен. Дайындау уақытына келсем, ақ күрішпен салыстырғанда ұзағырақ дайындалмақ және су мөлшері де көбірек кетеді. Ал дәміне келер болсам, арпаға ұқсайды екен, тойымды. Салмақты бірқалыпты ұстап тұруда бірден-бір жақсы азық болмақ керек.
Қызыл күріш. Күріштің бұл түрі қан құрамындағы холестеринді азайтып, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді екен. Дәміне келер болсам, қара нанға ұқсайды, дәмді, сіңімді әрі тойымды. Өзімнің тұжырымым бойынша, қызыл күрішті слабительное ретінде қабылдауға болады 🙂 Тез салмақ тастағысы келген жанға таптырмайтын азық секілді
Бамия. Болмаса дамские пальчики деп аталатын бұл азық-түлік түрі язва, гастритке ем болмақ керек екен. Жегенде дәмі жақсы, бұршақты еске салады. Қуырып та, салатқа қосып та қолдануға болатын бұл бамия өзіме жақпады шыны керек :), бірақ алдағы таңда тағы да дәмін татып көргім бар, мүмкін бәрі жақсы болатын шығар


Қытай асқабағы. Түрі қиярға ұқсайды. Алғаш дүкеннен көргенде қияр деп те ойлап қалғанмын. Дәмі, қалай айтсам екен, онша емес, бірақ емдік қасиеті үшін дәміне мән бермеуге болады 🙂 Қант диабетіне қарсы бірден-бір пайдасы көп екен өзінің, сонымен қатар АҚШ ғалымдары кеуде рагын болдырмауда пайдасы зор деген тұжырым жасап жүр екен соңғы уақытта. Асып та, қуырып та дайындауға болатын бұл асқабақпен сондай-ақ, ағзаны шлактардан тазалауға болады.

5 thoughts on “Ас адамның арқауы

  1. aijannur

    оооо, рахмет!!! бізде бұл күріштердің бағасы шарықтап тұр! жарты келі қоңыр күріштің бағасы (упаковка) 600 теңге шамасында! сол үшін ақмаржанды ғана тұтынып жүрмін. :))))

  2. altygradus

    қоңыр күріщті жақсы көрем тек, дайындау үшін алдын ала суға салып қою керектігі ұнамайды. Жегім келді деген кезде дайындай салатын:))). Жалпы пайдалы заттар бәрі солай ғой:(

      1. altygradus

        білмим әйтеуір ана кәдімгі күрішке қарағанда ұзақ пысады әйтеуір, сол үшін алдын ала суға салып қояды жапон әйелдері.. хмм..
        қоңыр күрішті проссессинг жасап ақ күрішке тазарту барысында магнезиум кетіп қалады екен..
        Айжаннұр екеуің осындай пайдалы нәрселер жазып отырсаңдар, ақырындап адам болармыз:))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s