Міндетті түрде баратын жер

Как-то нильский крокодил
В океан большой заплыл,
Он заплыл и сам не рад,
“Поверну-ка я назад,
Вдруг на север попаду
И замерзну там на льду!”- деген қолтырауын Ченнай паркінен шыққан екен.

Қолтырауындар саны баршылық бұл парк қаланың шет жағында орналасқан. Кіру құны да қымбат емес өзінің, бар болғаны жүз алпыс теңге. Ұйқыны соға беретін қасқалар екен, еріншектіктері соншалықты, аж ауыздарын жабуға ерінеді ғой :). Ніл өзенінде, тұзды суда, мөлдір суда жүретін, үлкені-кішкентайы, қарасы-сұры дейсіз бе, әйтеуір түрлері баршылық екен.
Қолтырауындармен қоса бұл паркте тасбақаларды, питондарды да көруге болады. Тал түсте барғандықтан болар, бәрі де ұйқыда болып, тамашалаған қызығым аз болып қалғаны. Дегенмен, сол парктің ішінде улы жыландардан у алу процесін тамашалап, кобра деген әдемі екен ғой деп тәнті болдым. Оның маңғаздығы, оның кербездігі амалсыз өзіне көз үйіртеді екен. Көпшілік орын болғандықтан, қызметкер біздер үшін ұйқыдағы жыландарды оятып шоу көрсетіп, менің алғысыма бөленген жайы бар :).
Ченнайда болып жатсаңыз, болмаса Индияның басқа қаласы болсын, міндетті түрде барып көріңіз, өкінбейсіз 🙂

10 thoughts on “Міндетті түрде баратын жер

  1. Aray

    колтырауынга тамак бергенын кордыныз ба? )) шоу бар жерлерде оны да акша табу козыне айналдырган. бутын тауык еты сатуга койып кояды адейы, шамамен 250 тенге (!). кымге кызык багасына карамай сатып алып, узын курыктын басына ылып томенге салбыратып устап турад. колтырауындардын таласып секыргенын корсеныз.. ол да ештеме емес, ААП дегендегы ауыздарынын жабылганын естысеныз.. шыныменде быр кызык дыбыс шыгады жане катты естыледы. тарс етып есык жабылганды калай естысеныз, олардын ауыз жапканын солай естисыз.. ))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s