Мақтаған қыз тойда ……

Үндістер аварияға түспейтін шығар деген ойым кеше бұзылды. Бір күн бұрын ғана көршіме айтқан едім, алты айдың ішінде бір жол апатын көрмедім қанша жол ережесін сақтамаса да деп :). Сөйтсеммм…

Сөйтсем, бұлар да жол апатына түседі екен. Сабақтан кеш шығып, күнделікті отырып жүрген автобусқа отырмай, көп күтетін болғандықтан, пересадкамен болса да деп басқа автобусқа отырып енді жүре бергеніміз сол еді, ба-бақ деген дауыс шығып, автобус қатты бір жұлқынып тоқтап қалды. Автобус алдағы жүк машинаға соққан. Жүргізуші аман ба екен деп ойлап отырсам, ол ағам ана жүргізушіге бажылдап айқайлап, ұрсып жатыр. Не болар екен деп қарап отырмын. Ешнәрсе де болмады, автобус жүргізушісі кінәлі деп өзім топшылап, қазір жол полициясы келіп, хаттама толтыратын шығар десем, қайдағы, автобусты от алдырды да әрі қарай өшіп қалайын деп тұрса да жүріп кетті. Әйтеуір жетер жеріме жетіп алдым аман-есен.Сөйтіп мақтаған қыздың тойда көрсеткен қылығын да көрдім 🙂

6 thoughts on “Мақтаған қыз тойда ……

  1. urimtal

    мдааа. Алматыда болса, бірден соткасын қолына алып, жолдың қақ ортасында екеуі бір-біріне теріс қарап таныстарын шақырып жатар еді. 🙂

  2. Гарик

    Мен оқып жатып, 1) екеуі айқайлап жаға ұстасады 2) МАИ қызметкерлерін шақырады 3) кім қалай келгенін түсіндіріп, шығынын кім төлейтініне дауласып жатыр ма деп күтіп отсам, екеуі екі жаққа кетіп қалды дегенде күлдім 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s