Сіз қазақсыз ба?

Белгілі бір мейрамға орай ұйымдастырылған іс-шараға шақыру алып, көрмедегі картиналарды қарап жүрсем, «Сіз қазақсыз ба?»-деген сауалды естігенім.
Жалт қарадым, қимылым да шалт шықты, қасымда тұрған индустың шошып кеткені. «Ия» дейін десем, қасымда индустан өзге ешкім жоқ. Қазақша сөйлеген кім болды екен әлде шалыс естіп қалдым ба деп жан-жағыма қарап жатсам, сұрақ тағы қайталанды. Жаңағы индусқа қайта бұрылдым, сөйтсем сұрақ қойып тұрған кісім сол. Ой, мұндай таң қалмаспын, «ия» деп жауап қатып үлгермей, «Сіз қайдан білесіз қазақ тілін?»-деп өз сұрағымды қойып қалдым. Таныстық барысында ол кісінің Мәскеуде оқығанын, қазақтармен көп араласқанын, Қазақстанда достарының барын білдім. Шыны керек, осы елде жүргеніме біраз болса да, жергілікті тілді меңгерейін деген ой болған емес, ал менің қасымда сонау Мәскеуде жүрсе де қазақ тіліне деген қызығушылық білдірген қасымдағы кісіден қатты ұялып кеттім. Өкінішке орай, ол кісінің есімін есте сақтай алмай қалғаным. Ол кісіні шақыруына байланысты, кештеу қайта әңгімелесетін болып тарқасып, жоспарымның күрт өзгеруіне байланысты мен ол кісімен қоштаспай кетіп қалдым.
Содан, өзіміздің қазақ тілін менсінбейді деп өзге ұлт өкілдеріне, өзіміздің шала қазақтарға айтар реніштеріміз есіме түсіп, жаңағы кісіге деген құрметім артып кетті. Менің ана тіліме көрсеткен құрметі үшін ол кісіге ризалығым шексіз екенін білсеңіз ғой, құрметті оқырман! Алла ол кісіге рахымын төге берсін дегім келеді 🙂

18 thoughts on “Сіз қазақсыз ба?

      1. balzaminka Post author

        Бізде кәрістердің көп екенін ескерсек, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Сондай кәрістердің ашқан шіркеуінде танысым ағылшынша үйреніп, қазір сол тілдің арқасында көп жетістікке жетіп жүр. Айта кетерім, ол өз дінін ұмытып, өзге дінге өткен жоқ

  1. Көкбөрі

    2007 жылы Испан таушылары келеді деген соң біз аудармашы іздеп таппадық.Ал ол кісі аудармаша жайлы ештеңе талап қоимапты.Содан мен ағылшын тіліне жеттік аудармашы тауып қойдым.Ұланбатардан ұшақ келді біз оларды кутіп турмыз, бір орта жастағы адам елден бұрын келдіде менің атымда айтып қайсысың деиді.Мен қазақстаның Орсы қайдан жұр мені қайдан таниды деп тон пішіп ұлгердім .Олар үшеу екен.Мен әрең іздеп тапқан өз аудармашымды кешірім сұрап ұине жібердім.Менің испаным қазақша біледі деимін оған..тіпті түрікшеде хабардар..Ол да менде таң қалдық …Бірақ Испанды мен қатты шаршаттым Ол кетер кеткенше сұрақтың астанда қалдырдым..Ол туркияда біздің жақтың студентерімен бірге 4 жыл оқыған содан өз еңбектеріне қазақ тіліне байланысты зерету қосқанда содан студентереден қазақша уғып алған.

    1. balzaminka Post author

      иии, неге шаршаттыңыз енді:) Кейбір тілге бейім кісілер болады ғой, еш қиындықсыз-ақ тез игеріп кететін, сондай болған шығар ол кісі

    2. akiyk

      Сондай кәрістің бірі Астанада жүр. Нам Сынг Тек деген біреу. Кезінде қазақ студенттеріне Иса Мәсік туралы ән айтқызып жүргенін көріп біраз жұдырықтап алған едім. Оңтүстік кореялық кәрі ит кешіріңіздер, кәрі іс…

    1. saken

      Үндіс деп мен білерде Америка құрлығының байырғы тұрғындарын айтушы еді (Колумб мырзаның қателесуінің әсерінен болуы керек).

  2. Тоты

    Көп тіл білген артықтық етпейді. Дегенмен, өзге елде жүріп, өз ұлтыңның тілінде сөйлеген адам көру таңқаларлық жай қой.

  3. аудармашы

    2002 жылдары Франциядан келген француз жігіт те қазақша білетін, қазақ тілін зерттейтін, шетелдіктердің қазақ тілін білуі қызық емес, орыстардың бәрі қазақша сайрап тұр, түсінеді, әдейі сөйлемейді, талай рет куәсі болғанмын, ағылшын тілін мен де сондай курстан оқығанмын, бірақ французша жетік білемін, ағылшын тілі тұрмыстық сатыда ғана.

  4. аудармашы

    Тіл білу әр адамға артықшылық етпейді, «Человек знающий два языка-два человека» деген мақал бар емес пе?!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s