Маған өзі не болды?

Өзім де түсінбей қалдым не болғанын. Сабаққа келіп, отыра бергенім сол еді, жүрегім ой-бір түйіп ауырғаны. Отырған орнымда бүктелдім де қалдым. Содан, сәл қайтқанда аурухана қайдасың деп, универдің ауруханасына бет алдым. Дәрігер әрі қарап, бері қарап тамақтан ұшынғансын деген диагноз қойды. Қойды да, дереу егу бөлмесіне бар деп жолдама бере қойды қолыма. Лезде атыр-патыр еткізіп бес укол салып, системамен бір жарым сағатқа жатқызып тастады. Уақыт өтісімен тағы да қарап дәрілер жазып, онымен қоймай қолыма дәрілерді ұстатып үйіме қайтарды. Ауырған жүрек ауырған күйінде қалды. Болмағасын кешке үй жақтағы дәрігерге бару керек болды. Ол кісі де қарап-қарап, ұшынған деп диагноз қойып, тағы да уколдар салып тастады. Бірақ, бәрібір жүрек екі күнге дейін мазалады. Алайда, жүрек соғысым, қан қысымым қалыпты деңгейді көрсетеді тексергенде.
Бұрын-соңды былай ұшынып көрмеппін. Ұшындым дейін десем, сырттан тамақ жегенім жоқ, тек үйдің ғана тамағы, көршімнің денсаулығы бірқалыпты, еш ауытқу жоқ.
Бұл не болды екен өзі, а?

14 thoughts on “Маған өзі не болды?

  1. urimtal

    Алматыда таныстарым бір жері ауырса, бірнеше дәрігерге қаралатын. Себебі әрқайсысы әртүрлі диагноз қояды. Сосын барып шешім жасайтын. Мүмкін саған да солай істеп көру керек болар.

    пысы. оқу өтіп кеткен жоқ па? мүмкін осы уақытқа дейін бірнәрселерді уайымдаған боларсың… соның сыры енді шығып жақтан шығар. Аллаһ шипасын берсін!

    1. balzaminka Post author

      Әмин, рахмет!!!
      Екі дәрігерге қаралдым, диагноз бір. Біртүрлі, ұшынудың да мұндай түрі болады екен)))
      Қызығып оқып жүргендіктен өтіп кетті де айта алман 😉

  2. musicola

    соңғы кездері денсаулықтың қадірін қатты түсініп жүрмін… әлгі тілек айтқанда «зор денсаулық» деп неге айта берет өзі дитнмн. енді білетн бооооооооооолдым ))))))))
    сізге ұшынбаңыз және денсаулығыңыз мықты болсын дегім келеді. ))

  3. Makhabbat

    ұшынганда журек ауыратынын менде бірінші рет естіп турмын.
    біз білмейтін ұшынудын сондай турі бар шыгар,медицина бізге караганда жаксы дамыган гой ол жакта.
    ауырма,тез жазылып кетуіңді тілеймін.

  4. Ақзере

    Бәлкім, жүрек емес, арқаң ауырып жүрген шығар? Невролгия дейді, нервтерге суық тигенде арқа шаншып ауырады, жүрек тұсы ауырған сияқты әсер қалдыруы да мүмкін. Очм, осыны да бақылап көр. )

  5. Rai

    Сауығып кеткеніңізге қуаныштымын! 🙂
    Негізі мен көп ұшымамын , сол ұшынған кезде барлық жерім ауырады, жүрегімде. Ұшық шыққанда барып тәуір боламын. Ұшынғанда су сеуіп жіберіп сондай халық емін жасап жіберіңіз бұдан былай. :))
    Бірақ сонда да экг-ға бір түсіп қойыңыз.

    1. balzaminka Post author

      Ауырдым деп жата беруге жол жоқ, ауруды біз жеңуіміз керек, ауру бізді емес, рахмет!
      Ауырмағын деп тілек білдіргім келеді өзіңе, денсаулығың сыр бермесін ешқашан!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s