Мерекелерді сөйлетсем

Баршамыз білетіндей, жаңа апта махаббаттар күнімен есік ашты. Сіздерде, «Бұл жақ қалай тойлады?»-деген сұрақ туындаған болар. Сондай-ақ, Мәуліт айы да басталды. Тағы бір мереке, универ қабырғасындағы студенттер фестивалі. Енді, әр мереке қалай аталып өткендігі жөнінде өздері баяндап берсін 🙂

Валентин: «Мені христиандар мен махаббаттар ғана атап өтетіндіктен, үлкен сұранысқа ие емеспін. Сондықтан, кең форматта емес, ресторандарда жиналған екі махаббаттың махаббаттарына ғана куә болып, соның өзіне мәз болған жайым бар. Қай діннің, қай ұлттың өкілі болсаңыз да, тек бір күн ғана емес, махаббаттарыңыз әрқашан лаулап жана берсін дегім келеді, сөз кезегіне орай, бақытты болыңыздар!»

Мәуліт: «Сіздің елден бұл елге бір күнге кешігіп келетінімді ескерсем, сәрсенбіні менің мерекем деп жариялап, халық бір күндік демалыс алды. Әрине, мешіттерде дұғалар оқытылды, мұны айтпай кетуім мүмкін емес. Өз кезегімде, барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бірлік пен береке тілеймін, аман болыңыздар!»

Студенттер фестивалі: «Менің Анна университетіне айтар еш өкпем жоқ. Бір аптаға созылған мейрам болып жатырмын, бұған мен және студенттер қуанбаса, ренжімес. Әр күнге ұйымдастырылған бағдарламалар Ченнайдың барлық колледж-универ студенттерінің басын қосып, таныстықтарын арттырып жатыр десем артық болмас. Әншілерді де, бишілерді де тамашалап жатырмын. Өз кезегімде, Сіздерге ешқашан жастық буларыңызды жоғалтпай, өмірлеріңіз тек студенттік күндер сияқты қамсыз, мұңсыз болсын деп тілек білдіргім бар. Мәңгі жас болыңыздар!»

2 thoughts on “Мерекелерді сөйлетсем

  1. saken

    мен мерекесі ең көп жер Байқоңыр қаласы ма десем (екі елдің мерекелерін кезекпен тойлай беретін), Үндія оданда озып кететін сияқты ғой 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s