Сатанурға барып келдік

Кезекті экскурсия. Бұл жолғы бағыт 1958-ші жылы салынған Сатанур плотинасы. Алты жарым сағатта зорға жеткен плотина шынымен де көруге тұрарлық жер екен. Плотина басында ГЭС, туристтерге арналған демалу паркі, аквапарк, қолтырауындар паркі т.б. да орындар бар екен. Уақыттың тығыздығына орай, тек қана мамандығымызға қажетті деген жерлерді аралап қайттық. Плотинаның негізі мақсаты ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, жанама қызметі электр өнімін өндіру.

Жергілікті халықтың шетелдіктердің алдындағы үндеместік саясаты біраз толғандырады да мені. Мемлекеттік объекті екенін біле тұра ГЭСтің ішінде құрылғыларды суретке түсіріп алдым, түсіріп жатып ойлап қоямын, қазір ескерту жасайтын шығар деп. Пәшти бәрін түсіріп болдым дегенде ғана «болмайды» деген сөз шықты. Жарайды дедім.

Айтып-айтпай не керек, индустардан үйренеріміз баршылық екен деген тұжырым жасалды.

Сонымен, таңғы бес жарымда басталған саяхат кешкі он бірде аяқталып, үйге зорға жеткен жайым бар. Ал, сіздер өздеріңізге деп алып келген базарлық-суреттерімді қарай отырыңыздар 🙂



Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s