Аялдамада

Соңғы уақытта автобуста шетелдікті көріп, өзімнің жалғыз емес екеніме қуанып жүрген жайым бар. Әйтпеген де, тек қана мен бе мінетін деп ойлап, бір түрлі болып жүр едім.
Кездесер орнымыз аялдама, мен алтыда, ол кісі алтыдан бес кеткенде келеді автобусқа туралап. Автобус тура келсе мінеміз де кетеміз, ал кешігіп қалса, ол кісі сағатына қарағыштап, мен орнымда тұра алмай қыбыршақтап, мазасызданып кетеміз. Қашан автобус келгенше әрекетіміз осы. Бес-он минутқа кешігіп автобус та келеді, бізде отырып алып, барар жерімізге жетіп қаламыз. Кондукторлар да жаттап алған бізді, кірген бойдан сұрамастан билеттерімізді үзіп, дайындап тұрады.
Қашанға дейін бұлай болады екен, кім бірінші өзгеріс жасайды екен деп күтіп жүрмін енді :), әйтпесе рутина болып бара ма, қалай өзі?

11 thoughts on “Аялдамада

  1. Гулжайнат Бекен

    мен 45-тін бір кондукторын 1 жылдан асты андып жургеніме, кыс бойы кондуктор тугілі, сол автобусты таба алмай калдым, кеше коргем, сойтсем баска кондуктор екен, водителінен барып сурагым келген, бурынгы кондукторыныздын номерін берінізші деп, бата алмай тусіп кеттім.
    карап журмей кондукторга гашык болып калгам ба???)))))))))(((((((
    мені урып олтіретін адам жок негізі…
    саттілік, бір куні сойлессенші онымен….

    1. balzaminka Post author

      Ғашық болып қалды деген ой туындағаны болмады. Мен ол кісіге ғашық емеспін 🙂 и болу ойымда да жоқ. Өз қазағыма ешкім жетпейді 😉

  2. Гулжайнат Бекен

    Жооооо, дурыс тусінбегенсін гоооой, менін айтқым келіп, жеткізе алмаганым – бір-бірін сырттай көріп, унсіз сөйлеспей журетіндердін арасында бір әдемі әлем болады. Ал түрі, тілі болек шетелдікке құдай ғашық қылдыра көрмесін.)))) Әрине, қазақтың қара домалақ жігіттеріне ешкім жетпейді.
    сөйлес дегенім, жөн білісіп көрмейсін бе дегендегім еді

    1. balzaminka Post author

      Бидайымызды теріп жүрген жандармыз ғой осы елде, сәті түссе танысармыз, білісерміз, ал басқалай болса, онда да өкініш жоқ 🙂

  3. karakyz

    «кірген бойдан сұрамастан билеттерімізді үзіп, дайындап тұрады»
    Әдетте билетті бере алдында не сұрайды екен? деп мың ойланып ақыры шыдай алмай сұрап отырмын:)

    ЗЫ «өзімнің жалғыз емес екеніме қуанып…» дегенді оқып, жалғыз шетелдік емес екендігіне қуанды деп ойлап қалдым, ал үңіліп оқып қарасам, олай емес екен ғой)

    1. balzaminka Post author

      Жол ақысы барар бағытқа қарай әртүрлі, сондықтан түсер аялдаманы айту керек
      Негізі бұл жақта шетелдіктер автобусқа мінбейді, шетелдік тұрмақ жергілікті жоғарғы кастаның өзі отырмайды. Шетелдіктер рикшамен жүрсе, жергілікті халық өз автокөліктерімен. Сондықтан да ана кісні көргенде қуандым, бар болғаны сол 🙂

    1. balzaminka Post author

      «Кондукторлар да жаттап алған бізді, кірген бойдан сұрамастан билеттерімізді үзіп, дайындап тұрады.»
      Көпше түрде жазған ем 🙂

  4. balzhan

    Голливудтың киносы бар ғой, бір күні таңертең тұрса, кешегі күні екен. Сөйтіп, күнде сол күн қайталана береді. Сол сияқты, кейде біздің де өміріміз сондай ма деп қаласың.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s