Алматы қайдасың деп…

Сіздерге бір құпия айталын. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше уақыт бұрын Маммалапурамға барып келдім деп пост жазған болатынмын. Сонда жүргенде бір балшы артымнан қалмай, қолыма қарап бал ашқан болатын. Сол балгер наурызда алысқа жол жүресің дегенде, қайдағы жол, сабақтың дәл ортасында кім жіберсін, келгенім кеше деп сенбеген едім. Міне сол балгердің айтқаны дәл келіп, Алла жазса, ертең Алматыда болмақпын (басқа айтқандары да жүзеге асып кетсе жақсы болар еді 🙂 ). Балгер айтты екен деп кетіп барады деп ойлап қалмаңыз :). Наурыздың 19-ы мен 20-сы аралығанда өтетін қазақ блоггерлерінің (блогшы деген дұрыс шығар, а, қалай ойлайсыз?) «BlogCamp, Құрылтай-2011» атты бас қосуына қатысуға бара жатқан жайым бар.

Осы ойдың иегеріне, ұйымдастырушыларына, демеушілеріне ҮЛКЕН РАХМЕТ!!! Бәрі де супер болады деген сенім зор.

ПС: Мен барғанша қар етіп кетпесе екен :), қарды қалай қатты сағынғанымды білсеңіздер ғой, эхх

11 thoughts on “Алматы қайдасың деп…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s