Ченнай-Алматы-Ченнай

Осы карточкамен есеп айырысуды «нал»-дан жоғары қояды екенмін қарап отырсам. Қолайлы, ыңғайлы, көп орын алмайды тағысын тағылар.

Ченнай

Стипендияның шарты бойынша мен State Bank of India-да шот ашуым керек болатын. Аштым, ашқанымда қолыма кітапша, карточка, нет-банкингтің кодын ұстатты.

Алдым. Қайттым. Қолдандым. Қолданудамын. Кез-келген жерде. Дүңгіршекте. Дүкенде. Дәріханада. Асханада. Ғаламторда. Смс-пен бақылаймын. Ғаламтормен басқарамын. Кез-келген жерде.

Алматы, КазКом

Терминалы бар дүкен іздеп кеткенімді жасырман. Тапқан дүкенімде пин-код сұрамады, жық еткізді де, есеп-айырысты менімен. «Мм» деп өзге дүкенге бардым, онда пин-кодтың сұралғанын айтпай кетсем ұят болар :). Дегенмен, осы жақтан отырып карточкамда қанша ақша бар екенін білгім келсе де, біле алмайтындығым қынжылтады. Нет-банкинг қарастырылмаған, өкінішті.

Ченнай

Алла жазса, келер жылы қайтамын. Сол кезде, осындағы банктік жүйелер бізден де табылса екен деп тілеймін. Мысалы: бірде пин-кодты үш рет дұрыс термегендіктен блокқа түсіп қалды. Банкке барғанымда, жиырма төрт сағаттан кейін қайта қолдана беруге болады дегенде қуанғанымды көрсеңіз, әйтпесе бізде жаңа карточка шығарту керек.

Есеп-қисаптың бұл түрі ақша айналымды бақылауда жақсы ғой, сондықтан да біздегі дүкен иелері салық көп төлейміз деп терминалдан қашады. Қазнаға түскен әрбір тиын өзімізге жақсы екенін ескерсек, терминал салықшыларға таптырмас бірден-бір жақсы құрал болар еді.

7 thoughts on “Ченнай-Алматы-Ченнай

  1. elvira

    КазКомның интернет банкинг сервисі бар сияқты. Менің банкім емес ол, анығын айта алмаспын, бірақ барын точно естігем. Ченнай дамыған қала екен. Мен Бангалор, тіпті Делидің өзінде де көп қолдана алмайтынмын карточкамды. Көбіне нал сұрайтын елдер. Сосын ҚЗ-ға қайтіп келгенімде карточкамды ауыстыртқызды банк, «зона риска» жерінен келгенім үшін. Сенде де солай болды ма?

    1. balzaminka Post author

      Казкомдыкы хоум ғо деймін, әйтеуір менде жоқ. Бұл жақта мен жергілікті банктің қызметін қолданамын, ал елде өзіміздің. Зона рискі деген де не айтқылары келеді? сонда карточкамен де вирус таратуға болады? 🙂

  2. elvira

    )) упс, Бангалор орнына Хайдерабад деуім керек еді, Баханың ашуына орынбай )))

    «Зона рискіге» (банкідегілердің айтуы бойынша) карточкалармен fraud деңгейі жоғары мемлекеттер кіреді. Содан сақтандыру үшін сол елге барып келген адамдарға жаңа карточкаларды басады банктер. Көбіне ақысыз.

  3. Жанетта

    Бангалор Ченнай Дели деп алыстаааа уйықтап жатқан Үндістандағы студенттік шақтарымның шуақты күндерін есіме салып жібердіңіздер ғой, сұлулар және Бақытнұр)))))) Біз оқығанда карточка дегенді білмеп ек, банктегі бір «бхай сахбтың» қасына барып, «плиз ком тморооу» дегеніне қарамастан (өзі қарт ойнап отыратын..), тықылдап, ақшамызды алып, дәәәәу кітапқа қолымызды қойып кететінбіз. Беу, шіркін, уақыт-ай!! ПиЭс. Осы блогқа адасып кіргеніме сондай мәәәз болып отырмын. Рахмет. Позитив кеп қалды, есік ашайын)))))))

    1. balzaminka Post author

      Қол қойып қана қоймай, марка да жабыстырған шығарсыздар, ия?
      Қай штат, қаласында оқыдыңыз?
      Мен де есікті аштым айқара ;), төрлетіңіз!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s