Қуаныш – Өкініш – Сағыныш – Нәтиже

Осы үш сезім кеше өткен құрылтайға қатысты екенін сезіп отырған боларсыз :). Қателеспедіңіз!

Қуаныш

Қуанғаным, мұндай жоғары деңгейде ұйымдастырылған, қызықты, атақты, сондай-ақ болашағы зор блогшылардың жиналған бас қосуында болғаным. Жәй ғана болып емес, көптен бүйтіп пікірталастырмаған, қатысқан әр презентацияда қыстырылып сөйлеп қалған маған бұл бір той болды десем артық болмас 🙂 Сондай-ақ, сонау Солай.Де-ден виртуал араласқан көптеген жандармен таныстым.

Өкініш

Кішкентай кезімнен чехтердің бе, поляктардың ба балаларға арналған фильмінен қалған өкінішім бар, неге ғана сол фильмнің басты кейіпкерінде бар белдік менде жоқ деген (ол белдіктің қасиеті, екі ине арқылы керек нәрсені бірнеше данаға көбейте алатындығында еді). Егер сол белдік менде болғанда, өзімді бірнешеге көбейтіп, барлық презентацияларды қарап, әрбір блогшымен танысар едім, әттең-ай, әттең. Қара дәптерімді жазбаға толтырамын деп барғанымды ұмытып кетіппін, ол да өкініш 🙂

Сағыныш

Қазір енді елден жырақта отырып, сағыныш құшағында қалған жайым бар. Керместегі өз-арамызда талқыланған тақырыптар, Айконың моншасындағы ыстық бу, мафиялас болған Ақзеренің тез ойыннан шығып қала беруі, Қуаныштың ойынның дәмін барынша тата алмағандығы, Мырзабекке барынша тиіскенім, әйтеуір көпнәрсенің ізі қалды жадыда.

Нәтиже

Нәтижесінде, әрбір қатысқан презентациямнан бір жіп іліп шығыппын. Ішім пысты деген презентация болмады, оған жол да жоқ еді негізі. Алғашқы баяндамадан түртіп алғаным, қазақ-орыс блогшыларының тақырып өзегінде бір-біріне жақын екені (Ерлан Карин, «Қазақ блогының даму ерекшелігі»).

Бақытгүлдің қазақ волонтерлері жөніндегі ақпараты да құнды, әйтпесе ақылы түрде жасалған дүниелер деп алғыс та айтпаймыз ғой шыны керек кей жұмыстарға. Сол баяндамадан кейін, қазақ интернетіндегі барша волонтерлерге РАХМЕТті мыңдап айтсақ та аз екенін түсіндім. Сырттан бақылаушы болмай, енді жіті араласу керек деп ой түйіндеген де жайым бар аударма жұмыстарына.

Өркеннің презентациясын өкінішке орай соңына таман тамашалауға тура келді, бірақ сонда да блогты жарнамалау жөніндегі кеңестерін естіп қалдым. Жаңа блог ашқанымда міндетті түрде қолданбақпын ол әдістерді.

Әйгерімнің презентацясы өте қатты ұнады, ұнағаны соншалық аузым бір жабылмапты ( АКҮ, «Қазақша веб-комикс» қо дим тақырыбы). Сурет салуға жақын жандар болса, балаларға арналған дүниелерді көптен шығарса екен деп тілек тілеймін. Сонымен қатар, Сатыпалдыны жарнамаласа өте керемет болар еді, бар ойымды сол жерде-ақ айтып тастаған едім негізі 🙂

Қателеспесем, Айдана және Маржан (есімдерінен қателесуім мүмкін, сол үшін кешірім сұраймын) есімді бойжеткендердің «Picasa мен Movie Makerге» арналған презентациясына қатысып, артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ, ұзату тойын қалайша қызықты өткізуге болатынын түйіп қойдым 🙂

Қолөнерге келер болсам (Салтанат, «Қолөнер»), Германиядағы тігіншілер кафесі туралы ақпарат құлағыма жағып кетті. Германияға жол түсіп жатса, міндетті түрде осы кафеден капуччино ішіп қайтамын деп оны да түртіп қойдым. Сондай-ақ, сөйлемес алдын, ойланған жөн деп өз-өзіме бұйрық шығарып қойдым.

Арулар сайтына материал жағынан көмектесем деп жариялы түрде сөз бердім Зереге, енді сол сөзде тұру керек. Қуаныштың кеңесін еске түйіп алып, осындағы спа-салондарды жарнамалап берем деп қызметтерін тегін алғым келіп кетті 🙂 Маа, солай болып жатса керемет болар еді ше 🙂

Қуаныштың презентациясынан кейін интернет арқылы ақша тапқым келіп кеткенін жасырып қалғаным ұят болар, болашақта жүзеге асыру кереееек деп қалың сызықпен астын сызып қойдым.

Осы постты Қисықтың беріп өткен кеңестерін есте ұстай отыра жазып отырғанымды айтқым келеді (Қисық, «Қызықты жазба қайда?»). Қисықтың әрбір айтқан кеңесін өзіме айтылған сын деп қабылдадым, шыны керек. Рахмет саған, Қисық!

ПС: Таңқалғаным, презентациямды аяқтап келіп, келесі презентацияда отырғанымда блогшыға арналған ескерткіш туралы ақпараттың уже интернетте талқыланып жатқаны болды. «Мұндай жылдам ба едің, ғаламтор? – дегеннен өзге ой келмеді

20 thoughts on “Қуаныш – Өкініш – Сағыныш – Нәтиже

  1. Ақзере

    Мен де көптеген презентациялардан құр қалдым. Picasa мен Movie Maker де қызық болар еді маған ) Сенің де презентацияңа үлгермедім. 😦
    Осы презентацияларды әркім блогтарына шығарып қойса қалай болады?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s