Папайя vs қарбыз

Жаз да басталды, тәбет те кетті. Оның үстіне көршім Лена да жоқ, тамақ істеуге деген желание ол жоқ, сөйтіп папайя және қарбызбен дос болып жатқан түрім бар 🙂

Папайя
Папайяны қолдануға болған себеп, кураторымның күнделікті рационға қосқанда ас қорыту жақсарады деген кеңесі. Міне содан басталды достастығымыз. Сәбіз түстес папайяның дәнегі де пайдалы дейді, бірақ оның дәмін татуға әлі беттемей жүрмін. Дәмі әміре қауынға келеді, салқындатып жегенде керемет-ақ өзі. Бағасы да қымбат емес, бір килосы сексен теңгенің көлемінде. Шағын папайяның салмағы да сол бір килоның шамасында. Құрамындағы папаин ферменті язва ауруына бірде бір ем екен. Сондай-ақ, тері күтімінде, секпілдерді кетіруге қолдануға болады екен. Шыны керек, маска жасап көрген едім, біразға дейін бетім сап-сары болып тұрды :). Ал, нәтижесін аңғармадым, тағы да жасап көру керек шығар. Бұл жемістің тағы бір қасиеті, қонақ келердегі қолайсыздықтарды азайтады (қандай қонақ екенін ашып айтпасам да түсінікті шығар деп ойлаймын 😉 )

Қарбыз ор дарбыз
Қарбыздың емдік қасиеті баршамызға белгілі, сондықтан көп тоқталмай, тек қана бұл жақтағы қарбыздың ерекшелігі туралы айтып кетсем деймін. Шағын ғана, сопақша келген, ашық жасыл түсті, реңі бозаң келген және қабығы жұқа бұл қарбыздың дәмі тәтті-ақ.

27 thoughts on “Папайя vs қарбыз

  1. Жүрек СӨЗІ

    Папайяның суретін қойыңызшы,көрейік түрін. Атын бірінші естіп тұрған соң, затын да көргің келеді екен…

    1. balzaminka Post author

      Білесіз бе, сурет қоямын деп екі күн қиналдым, сотка арқылы шыққасын ба, қойылмайды. Үйдің интернеті қосылса міндетті түрде қоямын, әйтпесе әдейі жіліктеп түсірген суретім бос қалады 🙂

  2. Kaldykyz

    Ал мен өткенде жеп алдым, қасымдағы кісі жемеді ауырып қалармын деп, бізде обычны дәрімен піскендерді жегенде ауырып қалатын әдет бар ғо, а ояхта дәрісіз пісе беретін шығар иә 🙂

  3. Жанетта

    Папая ма манго ма…? Қайсы жақсы, дұрысы, қайсысын жеу онай деген сұрақ туады менде, неге десеңіз, екеуінің де дәмі түсініксіз,ия? мүмкін, маған ана солай көрінетін шығар. Үндістанда гуава деген нәрсеге тез үйреніп кеттіп ек, бір құрбым тұз сейуіп опыратын еді-ауу!
    Бальзаминка, блогын күштііі екен.

    1. balzaminka Post author

      Папайяны қауынға, ал мангоны шабдалға ұқсаттым өз басым 🙂 Қазір сол мангоның уақыты басталып жатыр, ішті кептіріп жіберетіні жаман екен өзінің 🙂 Гуаваны әлі жеп көрмедім, үлгерем ғой деп асықпай жүрген жай
      Рахмет, Жанетта 😉

  4. Aray

    окып отырып есыме тусып кетты, 2 кун бурын алган едым жарты папайя.. меныкы осы, жемыс-жидек алып, тоназыткышка узакка салып койганды жаксыыыы корем )) сосын еще мынау сыбежи емес кен деп жалыбы жасаймын …

  5. 6gradus

    Бізде де қарбыз маусымы енді басталды бірақ әлі қымбат. Бір орташа қарбыздың 1/4 бөлігі қазір 700-800 теңгедей. ну енді арзандаған өзінде де сол 500 теңге шығар, и то 1/4 бөлігінің бағасы:)))
    Қарбызбен дос болғаның күшті, арнайылап бүйрегіңді тазартып алсаң да болады екен

    1. balzaminka Post author

      күндегі азық сол өзі, басқаға тәбет те жоқ 🙂
      бүтін қарбызды екі жүз теңгеге алып жүрген мен тегін жеп жүр екенмін ғо, да 🙂

  6. koreanfanatik

    Алдында апайым Тайландтан алып келіпті папайя. Дәмі біртүрлі екен, піскен асқабаққа және қауынның ортасындағы бір дәм. Бірақ апайыма сонша жолдан көтеріп әкелгеніне рахмет! )

    1. balzaminka Post author

      Сол блогқұрылытайға барарда біраз кісілерден сұраған едім апармақ болып, қажеті жоқ дегесін алмадым. Өзіме ұнайды, қазір сағынып жүрмін :))

  7. Қайтарма үнқосу: Қауын жемедім | 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s