Тағы да екіқабат

Мысықтан өткен жылдам ешкім, ешнәрсе жоқ шығар өзі. Біздің үйдің мысығы тағы да екіқабат. Соңғы алты айда үшінші рет, сұмдық шығар. Барлық мысық осындай ма екен, әлде осы жақтың мысықтары ғана осындай жылдам?

Есімде, біздің үйдің Мичурин атты мысығы жылына екі-ақ рет балалайтын еді. Именно шкафта, именно маманың көйлектерінің үстінде. Екіқабат екенін байқағанда маманың көйлектерін әдейі жоғарғы полка жинасақ та пайдасы болмайтын бірақ 🙂

Енді міне, тағы да проблема басталды бізде, мысықтарын қайда құртамыз деген 😦

53 thoughts on “Тағы да екіқабат

    1. balzaminka Post author

      Рахмет, Ардақ!

      Қорқыныш пайда болып жатыр, соңғы уақытта осы мысық менің бөлмеме жиілеп кетті, соған қарағанда менің бөлмемді, менің көйлектерімді ыңғайлап жүр ме екен, а?

  1. 12aikon1986

    маған мысық ұстаған ұнамайды, шынымды айтсам ваще ұнатпайм. Одан гөрі күшіктер қатты ұнайды :). Көршілеріңізге таратып беріңіз балаларын.

    1. Kaldykyz

      сол мысықтар маған да ұнамайды, пайдасыз жануарлар ғо.
      Бір әнек еске түсті. Бірде мысыққа жыны ұстаған қожайыны мысығын қапқа салып айдалаға апарып тастап үйіне келсе, әлгі үйінде жүр дейді. Ертесіне тағы қапқа салып алып кеткен екен, біраз уақыттан соң жұбайына қоңырау шалып «мысық үйде ма? болса трубканы берші, адасып қалдым» деген екен :)))

      1. Өркен

        Бұл ешқандай да әнек емес, расында болған оқиға…. Мысықтарды өз басым жақсы көремін, оған оправдание ретінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) да, ары кеткенде Ленин де жақсы көрген деп қоямын ғой. Иншалла, үйленіп, үйіміз кеңейіп жатса, бір мышықты ұстармын деген ниет бар. Жақсы ғой,

    2. balzaminka Post author

      Эхх, Айкона, менде жақсы көрмеймін ғой мысықты. Амал жоқ, қасымдағы көршім жақсы көретіндіктен молчу. Молчу дим-ау, күнде соғысамын мысықпен 🙂 ол бөлмеме кірем деп әлектенеді, мен кіргізбеймін деп ))) Ал, үйдегі мысықты марқұм ағам жақсы көретін ((

      Менде ит баласын жақсы көремін негізі.

  2. Тоты

    Біздің үйде әкем ұнатпағандықтан,бала кезімізде мысық ұстаған емеспіз. Кейін біз өсіп кеткеннен кейін,мамам асырады. Қазір ауылдағы үйде ер мысық бар. Біз қыдырып барғанда әлгі мысыққа дауыс көтерсек, мамам кәдімгідей «тиіспеңдер» деп ренжиді. «Қойшы,орыстың әйелдеріне ұқсамай» деп мен мамама қалжыңдаймын.

  3. Ақзере

    Мысықтың жатырын алып тастайды ғой. Ветеренарлардың көп жасайтын операцияларының бірі деп естігем. Бір жағынан мысыққа да, өзіңе де пайдалы сияқты ))
    Жалпы өзім мысық ұнатпаймын. 🙂

    1. balzaminka Post author

      Солай ма? Бірінші рет естіп отырмын, рахмет! Болашаққа түртіп қоятын екен 🙂
      Үйдегі мысықтың иесі мен емеспін, сондықтан еш шара 🙂

  4. Гулжайнат Бекен

    Охохо, обожаю кошки! Я даже лююблю их… такие холосенькие они, как можно их не любит ващще)))?
    Саган кутты болсын, біздегі мысыктарга жугысты болсын.)))))!!!! «Тагы да екікабат» деген такырыпка карап, курсын ойбай, не боп калды, деп окып ем, куштиии ангіме екен го….
    біздін уйдегі мысыктардын атадан балага мұра бір ғана аттары бар, «Гурик» деген, ен кішкентай інім, 4 жасында кинотеатрдан унді фильмын коріпті, папамен бірге барып, сол фильмдегі унді кызынын атын, уйге кеп мыссыкка танды, содан бері гуриктерді багып келеміз.
    айтпакшы унді петрушкаларын ренжіп журмесін.. )))) деловые такие деп бізді… .))))

    1. balzaminka Post author

      Бірақ жақсы жағы да бар ғой, кісі ауырғанда келіп жаныңа жатып дем беріп, отрицательная эмоцияны өз бойына тартып алатын. Мысығы бар үйде ұрыс болмайды дейді, рас-өтірігін қайдам

  5. Сыр сұлуы

    Біздің үйде бір мысық болатын. Жазда балаларын біз қораға апарумен, ол үйге тасумен болатын. Сосын әкем алды да балаларымен қосып айдалаға апарып тастаған. Негізі, сондай бір жерлерге алып баратын болса, қаптың ішіне алып барған дұрыс дейді. Көзі ашық болса, үйге қайтып келеді екен.

  6. shalaqazaq

    Қарындасым, қазіргі қазақ тілінін кемтарлығы неден шығып тұр ?
    Орыс сөздері болмаса, пікірлерімізді білдіре алмаймыз.

    Қай жерде болсаң да, әрқашан 1-2 орыс сөзін есітіп қаласын.

    «Именно» демей келесі ретте «Дәл» десен, тіліңіз көркемірек болады.

    Ең жақсы тiлектермен, shalaqazaq

  7. Қосақ

    «Тағы да екіқабат» дегенге көзім түсіп, не боп қалды деп кірсем, мысық туралы екен ғой. «Буаз» деген жақсы сөз бар қазақта, соны неге қолданбағаныңды түсінбедім.

      1. balzaminka Post author

        Енді әдейілеп таңдалмаған тақырып болса да рейтінгісі жоғары болып тұр, оны жасырман

    1. maqpal

      Иә, Қосақ дұрыс айтады. Буаз дейді ғой. Айтайын дегенім, жан-жануарлардың бәрін бірдей жақсы көрем. Үйде мысығым бар. Атын «Гарфилд» деп қойғам. Бірақ гарфилд сияқты семіз емес))). Өте икемді, қатты секіреді. Сосын сезімтал. Үйге қонақ келсе, бірден сезеді. Алдында «талант құр қалмасын» деп осыны циркке апарып берейін бе деп ойландым. Ақыры үйге керек болғаннан кейін қалдырдым. Негізі мысықты жылан, өрмекші сияқтылардың ата жауы деп атайды ғой

  8. Меру

    мысық болған үйде ренжісулер аз болады дегенді менде естігем, өз басым сонын тырнақтарынан қорқам))

  9. Өркен

    Мәсссаған, мұнда хижап дауы сияқты жаңа пікірталас өрбіп келеді екен ғой, ал енді МЫШЫҚ дауы))))) Қыздардың көбісінің мысықты ұнатпайтынына таңым бар, біріншіден ол итке қарағанда таза, бет-аузын жуады, нәжісін көмеді, жын-періні көреді деседі, сондықтан, теріс энергия үйде аз болады, жұмыстан шаршап келіп, басың сипасаң, жүйкең орнына түседі деп жатады, оның пырылдауының өзі ем көрінеді (неге екенін білмедім), сахабаларымыз жақсы көрген деп соза беруге болады

    1. balzaminka Post author

      Нәжісін көмеді дегенге есіме түсіп кетті ғой, Кузя (осы тақырыптың бас кейіпкері) ваннадағы трапқа барады, сонысына ырзамын. Орыстардың үйіндегідей сасық иіс жоқ әйтеуір.

  10. 6gradus

    ооой мысссық, жаааақсы көрем 🙂
    Кішкене кезімнен бері үйде мысық болатын. Бірақ балалайтын емес енді, тек еркек мысықтар болатын. Кейін Алматыға кеттім, бірақ каникулға келгенде олар үйге төрге кіріп менітауып алып қасыма, бас жағымда ұйқтайтын 🙂 Мамам қуып жіберсе, айналып кеп жатып алатын :)))
    Алматыда апайым рұқсат бермеді асырауға бірақ племянниктерім бәріміз жаман құмармыз мысыққа 🙂 Үлкендер қыдыруға кеткенде үйде 5-6 бала болсақ, әрқайсымыз серуендеуге шыққан көрші бір мысық ұстап әкеліп ойнап-ойнап, үлкендер келеді ау дегенде босататынбыз 🙂

  11. 6gradus

    қазір менімен қатар оқитын бір қытай подругам бар сол мысығына операция жасатам деп жүрген өткенде екіқабат болмасы үшін. Нагасаки бойынша ең арзан жері 10 мың йен (130$) екен, бірақ бәрібір жасату керек деп жүрген :).
    Индияда арзан болу керек қой, ветклиникалардан сұрастырып көрсеңдерші, жылына үш рет туатын болса

  12. Abilakim

    Тағы да екіқабат дегенді көріп бір әнші келіншектер ме дегенде ой келіп еді.
    Біздің үйде мысықтарды жақсы көретіндер тұрдық. Мысықты жанымызға алып жату үшін таласатынбыз))))
    Казір ауылға барған сайын бір мысықты көремін не өспейді не өлмейді))) Сол қалпы. Содан мына мысық өспей ме деп сұрасам, «Бұл ана мысыққа ұқсайтын басқа мысық» дейді қарындасым

  13. erkerai

    Менде де мысық бар. Біра еркек мысық. Біз бәріміз үй ішімізбен мысық жақтырмайтын едік. Кейін мен Ресейге ем іздеп барғанымда сол үйдің қара мысығы үстіме секіріп қоймады. Сонда сол үйдің апасы айтты ол ауруларды тез сезеді, әрі алады деп. Ол енді сүйкімсз мысық етін, қап-қара. Содан ауылға келген соң қаттырақ ауырдым да, мысық асырауға бел будым. Кейбірі өлді, кейбірін ұрлап кетті. Қазір үйде Вася деген мысық жүр. Жақында көшкелі жатырмыз, қимай тастап барамыз. Ал, енді денсаулығыма келетін болсам қазір сап-саумын Аллаға шүкір. Енді мысықтың кесірінен сауығып кеттім дей алмаймын, десекте мысықты жақсы көріп кеттім. Сенесіздер ме, түнде ауырып бірнеше рет ұйықтай алмай тұрғанымда бірден қасымда пайда бола қалатын, менімен ойнайтын. Қойныма кіріп кетіп жататын. Өскеннен кейін «мысықтар бешіріне» көп баратын боп кетті. қазір тек қарны ашқанда ғана келеді үйге.))

  14. nurlandos

    Тақырыбы ыңғайсыз екен. ))
    Мысықты қапқа салып емес, былайша апарып қас пен мұртын қиып тастасаң адасып қалады. Әйтпесе жердің түбі болса да қайтып келеді.
    Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мысықтың арқасынан сипағандықтан қанша биіктіктен түссе де аяғымен түсетін болған дейді аңыз. Әйтсе де мен мысықтың тәртіптілері болмаса көбін ұната бермеймін. Әсіресе, түнде ыдыс-аяқ аралайтындарын (көріп қалсам аямаймын), тәтті ұйқыда жатқаныңда пырылдап, мұрты денеңді жыбырлатып көрпеңе кіретіндерін (ол кезде аяқ жаққа қарай лақтырамын), үсті бүрге боп жүретіндер мен далаға дәретке шығуға ерінетіндерін жек көрем.

  15. nurlandos

    Бірде үйге кішкентай марғау әкелді. Жерде анау бөлмеге барсаң анау бөлмеге барып аяққа оралып жүретін. Талай рет «баж» етті. Соңғы рет баж ете алмай қалды. Даладан кіріп келгем, дәл табалдырықта отыр екен. Байқамай қалдым… Дірілдеп жатты да, қозғалмай қалды. Мұрны қанады. Бітті сонымен. Аяп кеттім жаман. (((

    Мысыққа қас екен демеңіздер. Мысықтың ақылдысы біздің «Мәстен» еді ғой, марқұм (адамға қатысты айтты демеңіздер. Екіқабат дегесін… Оның үстіне «Тақия мен Мафиядағы» Сәбит айтатын «Зуля құдаша» есіме түсіп отыр)))

  16. Нұрлан

    «Соңғы алты айда
    үшінші рет, сұмдық шығар. Барлық мысық осындай ма екен, әлде осы жақтың мысықтары ғана осындай жылдам?»
    Бальзаминка, білдім неге олай екенін. Неге деші? ))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s