Жүрек деген өлген

Менде өзі жүрек бар ма? Соңғы уақытта осыны көп ойлайтын болыппын. Биологиялық тұрғыдан алып отырған жоқпын әрине, адамгершілік жағынан айтам.

Байқайсыз ба, көшеде кетіп бара жатқанда жерде жатқан жан болса, «Ее, өлесі болып ішіп алған мас қой» деп, немқұрайлы өтіп кете береді қасынан кісілер. Ол кісіге жедел жәрдем керек пе екен деп еңкейіп қарамайды да.

Міне, бұрын мен осыған қарсы болып, көшеде жатқан жанды көрсем, бұл кісіге не болды екен деп жолымнан бұрылатын едім. Ал қазір… ал қазір, дәл солай немқұрайлы өтеді екенмін. Мақұл-ақ, кедейлер көп болсын, далада жата берсін, өзге ұлт болсын, бірақ күндіз қасынан өткенде тірі ме деп қарауға да болады ғой деп ойлаймын. Жоқ, мен қарамақ тұрмақ, көзімнің қиығын да салмаймын. Лажы болса, тез қасынан кетіп қалуға тырысамын.

Бұған алдын мән бермеген екенмін. Жақында досыммен көшеде әңгімелесіп келе жатып, анадай жерде жатқан жанның сұлбасын көріп, көшенің арғы бетіне өтіп кеттік. Әңгімеміз үзілмеді де, ана жатқан кісіге не болды екен деп те бас қатырмадық. Кете бардық. Міне, сол кезде байқадым жүрегімнің өлгенін.

Ақырзаман деген осы болар, табиғат апаты емес, адам жүрегіндегі қатыгездік, немқұрайлылық, а?

24 thoughts on “Жүрек деген өлген

  1. aizhannur

    menimwe, sen prosto sentimentaldy emessin! kerek kezinde juregin auyryp,barmyn deidi goi..
    mysaly,mas adam ozin ozi korgamasa, sen kalai komek bere alasyn?
    Men komek beruge asykpaimyn kazir, tinym bolsa, tastap ketem, birak ol adamdar bomjdar, ozderi de adam boludan kalgan!

    Alaida deni durys, kiimi tugel bolsa, onda men komekke baruga daiynmyn, sen de solai! eto to4no!

    1. balzaminka Post author

      Бомж ба, басқа ма адам баласы ғой, адамда сострадание болу керек. Ол болмаса, дүние не болмақ? Бір естігенім бар еді, бір кісі жүрегі қысылып көшеде құласа ешкім көмекке келмеген. Менің қорқатыным осы 🙂

      Шалақазақ, состраданиенің қазақшасын ұмытып отырмын, ескертіп қоялын алдын-ала 🙂

  2. balzhan

    Менің бір ағамды көшеде ұрылар тонап, быт-шытын шығарып ұрып кеткен. Бір сутка орнымнан қозғала алмай жаттым дейді. Ешкім жоламайды дейді. Сөйтіп, сүйретіліп ақыры поликлиникаға жетіп жығылдым дейді. Онда да ешкім қарамайды. Сөйтіп, аулада тұрған санитаркаға жалынып аяғына жығылғасын бірақ қарады дейді. Расымен де, басыңа түспейінше түсінбейсің.

  3. gtkz

    Мұндай ситуацияларда менттер араласа кетсе, басыңа бәле болатыны тағы бар. Адамдардың көбісі осындайдан қорқады. Сау бастарына сақина тілеп алғылары келмейді. Менттер мен парақор дәрігерлерге деген сенімсіздік адамдарды титықтатып біткен сыңайлы.

    1. balzaminka Post author

      Полиция қызметкері не істемек Сізге? Біле білсеңіз, немқұрайлылық ар-ождан алдында ғана емес, заң бойынша да кінә болып саналады. Азаматтық кодексте ғой дим, біліп тұрып жасалынған әрекетсіздік те заңға тартылады.

  4. Өркен

    Тақырыбынды оқып, зәрем тас төбеме шығып кетіп, соңғы сөйлемге дейін жанымды шүберекке түйіп отырсам…. ой)))))) бұл сен ғана емес, бәріміздің де жүрегімізде қалыптасқан жағдай. Тіпті, түсіндіруге де тілің жетпейтін кездер деп осыны айтса болатын шығар

    1. balzaminka Post author

      🙂 Қорқытып жібердім бе? Кешірім сұраймын 🙂
      Жеке басқа келгенде жүрек ауырмайды ;), тек қоғамды көргенде, қоғамға ілесе өз құндылықтарымды жоғалтып жатқаным қынжылтады.

      Айтайын дегенім: Немқұрайлы болмайықшы, халайық!

  5. 6gradus

    бір құрбым бар, соның басынан кешкені есіме түсіп кетті:))
    Ол бір мазасыз жан. (Состраданиесі бар адамды мазасыз деңгейіне түсірген заманды қарасаңшы). Жо жалпы өмірде сондай енді мазасыз, содааан, бұл оқиға бұдан бір 7-8 жыл бұрын болған, ол жұмыстан өте кеш қайтатын, таңғы 3 кезінде, ол кезде Мамыр ауданы қала сырты сияқты болатын. Содан бір күні түнде кір ілем деп ойлады ма екен, 7-9 этаждан төмен қараса тротуарда бір кісі жатыр екен. Содан ал кеп менттерге соғады, бір адам жатыр ұрып кеткен шығар, мүмкін өліп жатыр, әйтеуір тротуарда жатыр десе олар мұның вызовын қабылдағылары келмиді. Ой ішіп алған бомж шығар, бір алқаш шығар, жүреміз бе сол Мамырға барып дегендей. Бұл да қоймайт, жооо бомж емес, галстугы бар, тротуардың бордюрында салақтап жатқан галстугын көріп тұрмын, тошно ұрып кеткен біреу деп. Содан жақсы келеміз деп трубканы қояды. Менттер вызовты қабылдағанда бүкіл координаттарын да алған екен. Содан түнде келсе де үй ішінде бір шаруаларын тындырып жүріп, ана адам не болды екен деп балконнан қараса, ана адам тұрып үсті басын қағып теңселіп кетіп бара жатыр дейді 🙂 Ойбаай тірі екен деп, содан менттерге қайта соғады, бірақ бұл жолы түскен жері басқа 28 деп айтты дейді, алдында деп айтқаны есімде дейді. Содан маған 22ші керек деп оларға қостырып, келмей ақ қойыңдар галстукты адамым үстін қағып тұрып кетті деп 🙂
    Содан ертесінде ауырып қапты. Душтан шыққасын қайта-қайта балконға шығып, галстукты адамды тексерем деп суық тигізіп алыпты :))) Інім ұрсып дейді, сол керек өзіңе жылтың жылтың шығып, нең бар еді балконға деп:) Такышто сострадание деген .. 🙂

  6. Меру

    бомждар белгілі емес пе, анадайдан иістері аңқып(( тақырыпқа келсем шынымен адамдар немқұрайды қарайды, өліп жатсың ба талып жатсыңба(( сондайда ойлайсың не босада үйге жетіп жығылсам деп, Алла онын бетін әрі қылсын)

  7. elvira

    Үндістанда, Қытайда жүрек расында қатаятын сияқты. Өйткені, мұндай сұмдықтар (адам өмірінің құнсыздануы) ол жерде көптен кездеседі. Көз көріп, құлақ естіп адам оған да үйреніп кетеді. Өкінішті әрине.

    Бұрындары әлемнің бір бұрышында көп адам қаза тапты деген хабарды естігенде жүрек селк ететін. Қазір дүниенің түкпір-түкпірінде неше түрлі сұмдықтар болып жатыр (соғыс, төңкеріліс, табиғат апаты т.с.с), адамдардың ондай хабарларға үйренгені соншалық, каналды басқа жаққа ауыстырып отыра береді. Өкінішті әрине.

  8. Розатай

    5 мамыр күні мен жұмыс жасайтын жердің ауласында бір бомж қайтыс болды. Бір рет өтіп бара жатқанымызда тал түбінде арақ ішіп жатқан. Бірер сағаттан соң, оған келген «Жедел жәрдемнің» қайтып бара жатқанын көрдік. Өліп қалыпты…

  9. Ainameken

    Жүректерді тірілтуге болатыны қандай жақсы!!! Елвираның «Өсиет әңгімелер» блогындағы бір ақылды әңгімеде «Жүректердің есігі болады, оны сырттан тартып аша алмайсың, тек ішкі жақтан ашылады» деген ой бар. Сол үнемі есімнен кетпейді. Біз жүрек-есікті жауып алсақ та, ашып, өзгелерге мейірімділік танытсақ та өз еркімізде, әрине. Бірақ алғашқы нұсқаны таңдасақ, жапа шегетін байқұс жүрек қана болмақ.
    Осындай ойдың келуінің өзі жүректің тірі болғандығынан болар ))). Лайым солай бола берсін!!! )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s