М-да…

Осы сөйлегенде аңдап сөйлеу керек дейді ғой, сол рас па деймін. Көзім соған қазір анық жетіп отыр. Кешке көршім ертең сабаққа барғым келмейді, не сылтау тапсам екен дейді. Мен отырдым да, ал сен үйді су алып кетті деп айта сал деген ем мүмкін нәрсе емес қой деп. Қой, келіп тексерсе не бетіммен қараймын деген апамның да сөздің іске асатынына көзі жетті. Не болды дейсіздер ғой?

Үйге келген соң, әрқайсымыз өз бөлмемізге кіріп, тірліктерімізге кірістік (сабақ деп отырып, арасында интернеттен де қол үзбей дегендейін). Бір уақытта қатты ағып жатқан судың дауысын естіп бұл не болды деп қоямын, жаңбыр екен деп тереземді ашсам, жаңбыр жоқ. Ерінбей далаға да шығып келдім тексеріп, жоқ!!! Ал, дауыс қалай шыққан еді, солай шығып жатыр. Түсінбеймін. Ленаға барып ешнәрсе естімейсің бе десем, жаңбыр жауып жатыр дейді. Сөйтсек, ваннадағы краннан су сарылдап ағып холлды, кухняны алып кетіпті. Негізі кран жабық еді. Бұны бір деңіз.

Екінші оқиға былай. Ақордада жұмыс істеп жүрген кезім. Түскі үзіліс уақыты болған. Бір кісі келіп, ойбай, асханада кісі көп, кезек деген екі км, ал мен аштан өліп барамын дегеніне қасымда отырған әріптесім, өрт болып жатыр деп айқайласаңыз бәрі далаға жүгіріп, өзіңіз қаласыз өшіретсіз деген еді. Он минут өткенде әріптесім «зажигалка» жанып жатыр дейді. Қойыңыз деп сенбеймін ғой. Сөйтсем, шынымен «зажигалка» жанып жатыр. Ол кезде «м-да» деп қалған едім. Бүгін де «м-да» болып отырмын.

Ағайын, жақсы сөз жарым ырыс деген, әрқашан позитивті ойлап, жақсы сөйлейік, тек қана жақсы ойларымыз бен сөздеріміз жүзеге ассын!!!

Сонымен қатар, мерекелеріңізбен!!! Бүгін Алматыда жер дүмпулері болып жатыр дейді, ел-жұрт аман болсын!!!

15 thoughts on “М-да…

  1. urimtal

    Оның рас. Ауыздан шыққан әрбір сөзіміздің жазылып жатқанын да естен шығармаған абзал болар! 🙂

    крандарыңды жөндедіңдер ме?

  2. Abilakim

    «прослушкадағы» телефон секілді әр сөзімізге жауап береміз негізі. Марқұм нағашымды бірнеше рет қайтыс болды деп кезінде жұмыстан сұранып едім.

  3. Розатай

    Менің 4-5 класс оқитын кезім. Мамам екеуміз өзімізше пирог пісірдік. Әлгі пирог почему-то ұзаааақ пісті, папам екеуміз тағатсыздана күтіп әлекпіз, сонда әкем отырып «Қызым, неге сонша дегбірсізденесің? Бұйырса жейміз ғой» деді. Мен » Почти пісіп тұрған пирог, бұйырса да, бұйырмаса да жейміз» деп қойып қалдым. Бір уақытта мамам жүгіріп келді «Әлгі пирог солайымен күйіп кетті» деп. Уот! 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s