Балжанның жазбасынан кейін

Балжанның Атамның басын тойлаймын ба? деген жазбасын, ондағы пікірлерді оқып жазбай қала алмай отырмын.

Сол соғысқа қатысқан кісілер не дейді? Олар қарсы ма осы жеңіс күнін тойлауға? Еліміз үшін, отанымыз үшін, азат ұрпағымыз үшін күрестік деген кісілерді осы сөздерімізбен жер қылып отырған жоқпыз ба?

Менің марқұм нағашым қатысқан соғысқа. Он алты жаста болса да, халықтың басына түскен қара күндерде өзінің Отан алдындағы борышын өтемек болып, документін өзгертіп соғысқа кеткен нағашымның қылығын мен сонда ЕРСІ деуім керек пе? Бес жыл балағынан қан кешкен азаптан құтылған күнді ол жоққа шығаруы керек пе еді? Қасындағы қара нанды қыл бөліп жеген достарынан күнделікті айырылғанын көруден құтылғанына қуанбауы керек пе еді?

Күнделікті атыс пен шабысты көруге олар да құлықты болмаған. Аязды түндерде қар астында бүрсеңдеп жатуды аңсамаған. Сүйгенінен, туғанынан, елінен жырақта, тілі бөлек, діні бөлек жанмен дастархандас болуды көксемеген. Дегенмен, Отанға қауіп төнді деген күні борыштарын өтеуден қашпаған аталарымыздың ісін жалған деп айтуға менің аузым да бармайды, арым да жібермейді.

Лағынет айту керек болса Гитлердің, Муссолинидің, Сталиннің атына айтылу керек. Ал, армандары қыйылған, қыршын кеткен, Отаны үшін жан қиған жиырма жеті миллион халықты жоққа шығару дұрыс па? Бір ғана қазақтың қаны төгілген жоқ, өзге де ұлттың баласының қаны төгілді. Баласынан айрылған ана, жастай жесір қалған жар, әкесінен айрылған жетімдердің саны қанша?!

Үш жүз алпыс бес күннің бір күнінде мәңгі алауға гүл қойғандарын артық көреміз бе әлде? Болмаса, бастары қосылып, тауқыметті бірге көрген үзеңгілестірімен бір күн шүйіркелесе шер тарқатқандарын көп көреміз бе? Олар жастарға сыр шертсе, біз соларға құлақ артамыз ба? Бізде олардың айтқанын тыңдап отыруға уақыт жоқ, өйткені біз жұмысбастымыз.

Бізде қасиетті ешнәрсе қалмай барады. Ең болмаса, осы күнге тиіспелікші. Аз ғана қалған майдангерлердің көңіліне қаяу түсірмеуге болмай ма? Адам баласы бұл өмірді босқа сүрмей, еліме, халқыма, ұрпағыма қызмет етсем деп, болмаса бір жақсы іс істейін деп армандайды. Сол кездің идеологиясын қазір жоққа шығарсақ та, азат ұрпағым үшін соғыстым деген сенімдерін жоққа шығармалықшы. Адамды сенімінен айыру, оның рухын түсіру. Не үшін соғысқан еді деп аталарымызды мәңгүртке айналдырмайықшы.

Өткенсіз бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің жоқ екенін ескеріп, өткенімізде болғанның барлығын жоққа шығарып, қаралай берсек бүгініміз толық, ертеңіміз жарқын болмас. Біз ертеңгі ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпау керекпіз. Алла бетін әрі қылсын, егер де Отанымызға қара күн төне қалса, аталарымыз осындай соғыста (жоңғармен болсын, немістермен болсын) жеңіске жеткен, жеңімпаздың ұрпағымыз деп жігерленбей ме осы күнді еске алып?

ПС: Жылда осы мейрамды асыға күтетін нағашым, былтыр алпыс бес жылдығын тойлаймын деп отырғанда жиырма күн жетпей қайтты. Осы күнді асыға күтетін, жылда осы күнге аман-есен жетейін деп тілейтін. Нағашымның үмітін көрген, соғыс жайлы айтқандарын естіген мен қалай ғана бұл күнді жоққа шығармақпын?

22 thoughts on “Балжанның жазбасынан кейін

  1. Балжан

    Атамның ниеті мен еңбегін құрметтеуге мен әлбетте міндеттімін. Ол үшін атамның аруағына құран бағыштап, атамның аты жазылған ескерткішке гүл қоюға міндеттімін. Бұл күнді ерекше күтетін сенің атаңның алдында басымды иемін. Оның шексіз сенімі мен потриоттық сезімі үшін құрметтеймін. Бірақ, соғыс кімге керек? Әрқашан да соғыс белгілі бір билікке ұмтылған топтарға ғана керек. Сол үшін де олар халықтың санасынА «отан үшін» деп сіңіреді. Ал қарапайым халық тек бейбітшілік пен тыныштықты қалайды. Ал әр неміс Совет үкіметін басып алғысы келді дейсің бе? Кешір, мен атамның қыршынынан қиылғанын біле тұра, әкемнің жетімдік тауқыметін көргенін, әжемнің жесірліктің дімін татқанын біле тұра қалай той тойлап жүрмекпін? МЕН СОҒЫС АТАУЛЫҒА ҚАРСЫМЫН! Бұл менің субъективті ойым.

    1. balzaminka Post author

      Балжан, нағашым былтыр қайтыс болды, ендігі бұл күнді күтіп жүрген жоқ өкінішіке орай 😦
      Рас, соғыс тек қана белгілі топқа ғана пайдалы, ал қарапайым халыққа бейбіт өмірден өзге ештеңе керек емес. Соғысқа кім қарсы емес дейсің?!
      Балжан, жастарға патриоттық тәрбие керек емес пе?

  2. Балжан

    Меніңше қандай соғыс блолмасын арты қайғы әкеледі. Сондықтан, (екінші дүниежүзілік соғыс болсын, басқа болсын) жеңісті тойлау қате деп ойлаймын. Ал потриоттық тәрбиеге келер болсақ, жастарды бейбіт өмірде потриоттығын көрсете білуге тәрбиелеу керек. Және мақсат соғыста жеңіске жету емес, бітімгершілікке, бейбітшілікке шақыруды үйрету. Әлемнің барлық жастары бейбіт өмір сүретін болса, ол үлкен буынның ең үлкен жетістігі болар еді. Меніңше, біз соған келе жатырмыз. Өйткені, бұрын ата-бабаларымыз біресе маңғол, біресе қалмақ, жоңғар дейме соғыспағандары жоқ. Әлемді жаулаймыз деп Еуропаға дейін барған. Әкелер соғысып жүріп балаларын есейгенде бірақ көріп жатқан. Ал қазір құдайға шүкір.

  3. 6gradus

    әрине аталарымыз бір өздерінің қамдары үшін емес қой соғысқа аттанғаны, бірақ қазағы болсын басқа ұсақ халықтар үлкен саясаттың ойыншығы ғана болды. Ал қазір мысалы сол рейхстагқа ту тіккен қазақ деп те мойындамайды мысалға.
    Сосын біз басқыншылардан қорғандық қой, ал мысалы жапондар басқыншы болған ел, бұл жақта айтатыны белгілі топтың пайдасы үшін қарапайым халық соғысқа аттанып, бостан бос өлді, ақырында бомба тасталып қырылды.
    Бейбітшілікті бағаласақ, тентек біреулер басшылыққа келмесе..

    1. balzaminka Post author

      Zhanna,bitke okpelep tondy ortegendei bolp otkan jokpz ba? Sogystn bolgany akikat, kannyn togilgeni windk, kazakhtardn katskany ras, sonda ukimet basndagilardn jagmpazdignin arkasnda bolgan jai uwn barin jokka wigaru kk?

      1. 6gradus

        бәрі Балжанның позициясынан басталды ғой:) Ол тойламайм деді, бірақ еске алмайм деген жоқ қой. Менің де айтпағым сол. Пыросто біздің адамдар форматын өзгертіп жіберген сол фашисттерді өздері қырып келгендей ойнап күліп, одан қалса арақ ішіп жүргендері тойлатып. Тәуелсіздік күні де солай менше деп айтқанмын Балжан жазбасында.

      2. balzaminka Post author

        Балжан, дауласудың еш қажеті де жоқ. Сен өз пікіріңді жөн санайсың, ол да солай, мен де солай. Мені қынжылтқаны, ашуым да келмеді, тек жүрегім ауырды. Не нәрсеге және не үшін? Біз өзімізді керемет санап, ата-әжелерімізді мәңгүрт қылып қойдық. Олардың рухын түсірдік. Қай елін қорғады, анау-мынау деп. Болған іске сыншы көп-ақ өзі. Ал, мен ешкімді сынағым келмейді. Бар болғаны, олардың Отан үшін, азат ұрпақ үшін деген сеніммен төккен қандарын бағалап, құрметтегім келеді. Сондай-ақ, болашақ ұрпақ та солай, ата-бабамызды, бізді құрметтегенін қалаймын. Қателерімізді сынамай, сол қателерді өздері қайталамау үшін қызмет еткенін қалаймын. Бар болғаны осы. Біраз жүйкеңе тисе, кешір.

  4. aizhannur

    Imandy bolsyn, Balzaminka.

    Negizi bar goi, jenis kuni de belgili bir sayasi kontekstte toilandy goi. Maselen, Ozbekstanda bul kun Den pamyati dep atalady goi deimin. sol sekildi biz de eske alu kuni kyp toilasak karsy emespin, aitpese JENIS KUNI dep tura bir oz elimizdi korgagandai toilaimyz.
    Tarihi derekter boiynwa en aldyngy wepke bizdin atalarymyz tastalgan, solardy jivaya izgorod kylgandai, kalkan kyp jiberdi goi… tuuuu, juregim auyrady oilasam. Ujas koi!
    Janna durys aitty. reihstagka tu tikti demeidi, tipti Bauyrjan Momywulynada geroi atagy kein, tauelsizdik algan son gana berildi goi…
    Osyndai momennterde biz patriot emes, bodandagy el sekildimiz. Olar, oryastar i mean, toilaidy eken dep toilaimyz.
    23 fevral dep bir durkirettik. Al 7 mamyr jaily bir soz aitylmady… solai.
    jalpy osyndai takyrypka kop jazuga bolady, tek iwtei awuyn keledi, janyn awidy…

    1. balzaminka Post author

      amin,rahmet! Aizhan, atalarmzdy mangurt kylmaikwi degen edim,olar OZ ELIN korgagan! B. Momywulyna 1 kisi kelp, palenwe K.O.B. atagn alp jatr, sizge beru kk edi degen eken, sol kisini uinen kuyp wigady. Z.Akhmetovanin kitabnda sebebi de keltirilgen, atak uwn emes,Otanym uwn sogskanmyn degeni. Sosn,atakty kaitkan keznde berdi go dim, 90wy jildarda emes. Otan uwn otka tus,kuimeisn degendi sol kisi aitkan

  5. balzhan

    Бальзаминка, жүйкеме түк те тиген жоқ. Керісінше, өзекті мәселелерге пікір таластырған маған ұнайды. Бұл мәселеге бей-жай қарамағаныңа мың алғыс. Ата-бабаларымыздың жаны жаннатта болсын!

  6. qisyq

    Толық келісемін. Бұл соғыстың өткеніне кем дегенде жүз жыл өтсе, бәлкім болар да еді «Қайдағы Отан соғысы, біздің отан болмаған ол, қанша қазақ қырылды» деп. Бірақ, қазір, бірен-саран, қадау-қадау қалған ардагерлердің көзі тірі кезінде артықтау. Мен соғысты ақтамаймын. Соғыста жеңімпаз болмайды. жеке өз басымда бүтіндей бір үйден жалғыз әкем қалыпты төрт жасында. атамыз немерелес екі ағайымен соғыстан қайтпай қалған. Қайда екенін де білмеймін.
    Балжанның тойламау керек дегенімен қосыламын. Мен үшін той емес. Бірақ, жоғарыда айтқан шал-шауқан, кемпірлер үшін той. Себебі, олар жүректеріне еріксіз жағылған үміттеріне қол жеткізді, армандарына жетті, жеңдік деп санады. Әлі де солай ойлайды. Сондықтан қоғамда соғыстың ел тарихында алар орнын анықтау әлі ерте.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s