Арақ керек еді.

Қайда жүрсем де арақ алып жүретін жаман әдетім бар. Неге деп шок болып отырған боларсыздар :). Денсаулықтың қамы ғой, шошынбаңыз :), әйтпесе арақ тұрмақ шампанды да татып көрмегенмін. Салқындап қалсам араққа бал қосып, компресс жасайтыным бар.

Сондай бір күн болып, дүкеннен арақ іздедім. Қалай ойлайсыздар, таптым? Таппадым. Бірде-бір алкоголь өнімін көрмедім. Қанша дүкендерді көрдім, жоқ!!! Шетелдіктерге арналған дүкеннен де көрмедім ғой несін сұрайсыз :).

Біздің дүкендердің сөрелерінен арақ жоғалса не болар екен? Сексен алтыншы жылы есімде Қызылорда әкімі (қала ма, облыс па есімде жоқ өкінішке орай) Әуелбековтің бұйрығымен сухой закон орнаған болатын, сол кездегі самогонщиктердің саудасы өркендеп кеткен еді. Тағы сондай жағдай қайталанатын шығар, да?

18 thoughts on “Арақ керек еді.

  1. vkototy

    Мына жазбаңды оқығаннан есіме түсіп кетті. Бала кезімізде ғой. Мектепке кетіп бара жатқан жолда дүкендер қаз-қатар орналасқан еді. Деген ауылда да «сухой закон» орнап тұрған мерзім… арақ сататын дүкенде апайлардың қырғын «кезегі» болатын…бір қолға біреуден ғана.

  2. Нұрлан

    Сол кездерде мынадай әдіс жасапты айтушылар. Күн қатты суық болғанда темір угольниктің бір басынан «Шифр» одеколонын құяды екен. Мұздай темірде әтірдің бөтен заттары қатып қалып, арғы басына тосқан ыдысқа таза спирт (ол жарықтық қатпайды ғой) ағады екен.
    Вalzaminka, егер айтқан нәрсең жоқ болып кетсе, осы әдісті пайдалануға болады. ))))

      1. Сәкен

        енді қатты суық күнді іздеу керек. Арғы жағында Антарктида жақын… еске салып қояйын. :))

      2. erkerai

        Менде де полкада арақ тұрады, ал жолға ыңғайлысы осы Доктор момды алып аламын.

    1. 6gradus

      Мәке бос сатуда спирт болмауы да мүмкін. Себебі мына Жапонияда да байқамаппын рецептсіз сатылымдағы дәрілер сатылатын жерде.

  3. Aina meken

    Хе-хе, тамағыма спирттен компресс тартып беретін менің анам ғана ма десем :)… Спирттің емдік қасиеттері жетерлік, ішпесем де мойындаймын 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s