Туылған күнімді қалай өткіздім?

Өмірімде туылған күнім бұлай өтпеген еді, барлығын да көру керек қой деген болар, қызыққа бұны да көрдім 🙂

Сол күні ақырзаман болады дегенді оқып алған мен, секемденіп бастадым сол күнді. Таң атқаннан жол болмады. Аграға баратын пойыз 4 сағатқа кешігіп, ұйқы қанбай, қабақ айқасып Тәжмахалға жеттім. Сол күндегі ең светлый момент сол ғана шығар, қалғаны бәрі «иии» болып өтті. Қайтар пойызым тағы 4 сағатқа кешіккесін, автобекеттен Делиге жүргелі тұрған автобусқа жалыныыып жүріп отырып алдым. Сөйтсем менен бағасын 2 есе алады ғой. Өзі содан басқа автобус та жоқ екен. 187 км жерді алты жарым сағат жүріп Делиге келе салып заттарымды қалдырып кеткен вокзалға жүгіріп, одан аэропортқа ұштым. Жарты сағатта аэропортта болуым керек.

Таксистті ескертіп мініп алып отырмын жолдан көз алмай, сөйтіп отырғанда такси, отто, мотоцикл соғысып, авария болдық. Аварияға түстім деп отырған мен жоқ, самолеттен қалдым деп жаным шығып барады. Әйтеуір адам аман, таксист газды басып, жүріп кеттік. Бір уақытта қиралаң деді де өшіп қалғаны таксидің. Менде сөз де жоқ, эмоция да жоқ, отырмын үнсіз. Басқа таксиге отырамын демеймін де. Әйтеуір жүрді ышқынып-ышқынып алып. Еее деп болмадым, тағы да ба-бах, авария! Бұл жолы иномарка, негізі таксист кінәлі, алдыға қараңыз дегенге қоймай маған бұрылып әңгіме айтып отыр еді, оңбай соқты ана машинаны. Артында кішкентай бүлдіршін отыр екен, көзі бақырайды да қалды. Иесі келіп айқайлап, сонымен шаруа бітті де, біз кете бардық.

Аэропортқа өліп-өшіп келгенмін, Аграның шаңы, футболка жыртылған, шаш айқайлаған, обшым түр не важнынски болып кірдім ғимаратқа. Қыздар бөлмесіне паспортный контрольден кейін ғана бару мүмкіндігі болып, ұшаққа адам болып кірдім-ау, әйтеуір. Мамамның жынды қызымын ғой, сонда да авариядан аман қалдым демеймін, үлгердім деп мәзбін 🙂 Сөйткен самолет кешігіп ұшты елге, «Елім, қарсы ал!» деп ой ойлап қойып ұйқыға кеттім соңында.

28 thoughts on “Туылған күнімді қалай өткіздім?

  1. urimtal

    Сапар алдында осындай бір сынақтардың болып тұратыны бар 🙂 Содан сабақ алып, ұзақ сапарға шығар болсам, жарты күн бұрын күллі шаруамды түгендеуге тырысамын. Қайта үлгерген екенсің.

    Сонда таксистер өздері аварияға түсіп жатса да, клиенттеріне әңгіме айтуын қоймайды екен, ә 🙂

    1. balzaminka Post author

      Үлгердім-ау, бірақ машиинаға обал болды, түскеннен кейін қарасам, алды керемет-ақ мыжырылыпты 🙂
      Сондағы не айтқаны қазір есімде жоқ, бар зейін жолда болғандықтан ол кісіні тыңдамаған-ақ екенмін дим да 🙂

  2. suleymen

    Мәәәә, анау самолетке асыққан жеріңді оқып отырып, қайсы бір кинодағы біреудің типі сенікіне ұқсас асығып жүргенін есіме түсіріп жіберді :)))) Иә, не болса да уақытында үлгерген екенсің, мен де мәз боп отырмын сол жеріне :-))) Саяхатың қызық болған екен, айтып күліп жүретін :-))))
    Уэлкоме то Қозоқстан!!!)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

  3. monti

    қызық, сонша эмоциялар келіп кетті.
    таксист айтам, страховкасы барта, рас кетіп қаса, у-шусыз
    сосын футболка жыртылып деген жерін қорқынышты әрі күлкілі екен)))

  4. Kaldykyz

    Менде де болады ондай сәттер, 33 сәтсіздіктің бәрі бір күнде болып кететін кездерде де түңіле қоймаймын.
    Үйге барарда барлық қиыншылыққа төзіп бара беремін, ал үйден қайтарда мамам сумкама нан салып береді, жолың жеңіл болады деп.

    1. balzaminka Post author

      Сәлем, жо-оқ, 21.05-де 🙂
      Алматыда болғанымда хабарласа алмадым, кешіргін. Осы айдың аяғында тошно хабарласамын, ок? Ренжімеші, ия?

  5. koreanfanatik

    Алматыға келгенде дұрыстап бір кездесіп отырайықшы, алдында дым әңгімелесе алмадым өзіңмен. Келген кезде міндетті түрде хабарлас. 😉

  6. Дами

    Гулеке ангимени окып, озим Тажмахалка барып келгендей сезимде болып отырмын. Болашакта керек информациялар бар екен финанс жагынан да казир соган ман беретин болдыккой, жарайсын Гулеке ангимени окырмандарга кызыктыра жеткизе билгенсин бул мени озимнин ойым)) Туган кунинди умытылмастай откизгенине оте куаныштымын! Фотода унди кызынан аумай калыпсын майысып, маганда унады. Елге шыгу сапарын онын устине туган кунин тым кызык екен)) Жургизушилердин жолда болган соккыга аса ман бермеуин мени али тангалдырып отыр, сенде тырп етпей отыра беруинде сол жактын кунделикти омирге уйренгенинди корсетип – ак тур. Биздин КЗ-да болса типтен улгермейтин един. Не болса да аман-есен жеткенине шукиршилик! Оте кызыкты ангиме…..кызыгып кеттим

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s