Тәжмахал болған еді арман

Ия, арман болған еді анама. Өкінішке орай, сол арман күйінде қалды. Қайтыс боларының алдында ғана осы Тәжмахалға апарсаң барам деген еді. Шыны керек, өз басым қанша Үндістан деп қызықсам да, осы Тәжмахалды армандамаған едім. Мамама берген сөзім бар барам деген, көрем деген, сонымен Аграға да келдім.

Делиден Аграға жүретін поездар көп-ақ екен, ақысы да қымбат емес, жол ұзақтығы екі-үш сағат. Автобуспен де, таксимен де, ұшақпен де баруға болады, өзіме сол пойыз ыңғайлы деп шешіп, билетті 1 ай бұрын алып қойған едім. Алайда, үйдегі жоспарды ауа-райы бұзады демекші, пойыздар уақытылы жүрмейді екен. Барарда 4 сағат кешігіп келген пойыз, әйтеуір жеткізіп салды. Қайтарда да солай ғой, құрсын. Қой, елге ұшатын ұшағымнан қалып қоярмын деп, автобекетке жүгіруге тура келді :). Пойыз құны 130 рупий, автобус 600 рупий.

Сонымен, не бар екен мұнда? Несімен сонша жанды өзіне тәнті етті екен? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрелік, құрметті оқырман 🙂

Махаббатты ту етіп көтерген жандардың Меккесі дер едім Тәжмахалды. Бас ғимаратқа өтпес бұрын 2 қақпадан өтуіңіз шарт :), негізі 4 қақпа бар екен: батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік. Оңтүстік қақпа ең бастысы. Қақпа жақтауында құраннан үзінді келтірілген, сондай-ақ, қиялыңызды ояту үшін бірнеше сыр жасырылған екен, соны қиялыңыздың жүйріктігімен суреттеп аласыз да, әрі қарай жүре бастайсыз 🙂 Ең бастысы асықпаңыз :)) Айта кетері, бұл жердің аурасының өзі Сізді бей-жай қалдырмайды. Кісі саны көп болса да, өз ойыңызбен оңаша қала аласыз. Қай нәсілдің өкілі болса да осында кездестіруге болады.


Дуалдар таза мәрмәрден тұрғызылып, жақұттармен көмкерілген. Барлық жұмыстар қол жұмысымен 22 жыл ішінде жасалынған екен. Сүйгенін тірісінде де, қайтқанында да қадірлеп өткен Жаһан шахтай күйеуіміз болса бізде арман болмайтын шығар, ия, қыздар? Барғаныма өкінбедім, қайта барса да артық болмайды деген тұжырым жасап, мамама 1 уыс топырақ алып қайттым, топырағы болса да бұйырсын деп.

Айтпақшы, шетелдіктерге кіру құны 750 рупий, жергілікті халыққа 20 рупий. Менің студенттік билетім ойнамай қалды :). Ішке сусынмен ғана кіргізіп, тамақ, шоколад, пішіней дегендерді өткізбейтін ережесі тағы бар. Гид жалдасаңыз 250 рупий, бірақ саудаласу арқылы түсірсеңіз болады. Вокзалдан такси (тук-тук деп айтады екен халық 🙂 ) 50-60 рупий, бастысы саудаласа біліңіз, айтқан бағасынан 2 есе төмен жетесіз сонда :). Сувенир алғыңыз келсе, асықпаңыз. Тәжмахалдың территориясында бағалар өте қымбат, мысалыға 5000 рупий деп тұрған дүниені Сіз сырттан 150 рупийге ала аласыз. Гид, таксист пайда табу мақсатында Сізді бір дүкенге кіргізуі мүмкін, шыдамдаңыз, әйтпесе қымбатқа ұрынасыз 🙂

Басқа не дейін, жер көгеріп, ер өссін дейін 🙂 Армандарымыз орындала берсін, жамағат! 🙂

7 thoughts on “Тәжмахал болған еді арман

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s