Үндістанға қош келдіңіз десем!

1-2 күнде ілем деген постты бүгін іліп отырмын, сорриюсь 🙂

Сонымен, Үндістанға келмексіз, алайда, неден бастарыңызды білмей отырсыз делік. Үндістан елшілігінің сайтына кіріп анкетаны жүктеп алыңыз да, толтырыңыз, Виза үшін 6200 тг қажет, сондай-ақ паспорт, 2 сурет. Ұзақ уақыт кетпеуі керек. Шақырушы адресі керек болса, менің адресімді көрсетсеңіз болады 🙂

Қонақ үйлер жөнінде айтарым, Ченнаймен салыстырғанда Дели қымбаттау екен, әрі шетелдіктерді жібере де бермейді. Орташа деген жерде 900 рупий.

Метросы бар қалаларда метромен жүрген тиімді, арзан, тез және таза. Авторикша (отто), такси дегендермен ұялмай қатты саудаласу керек. Айтқан бағасынан 2-3-10 есе түсіріп айта берсеңіз де болады :).

Қалааралық транспорт түрінен автобус дұрыс дер едім. Пойыз арзан болғанымен кешігіп жүреді, әрі ластау. Ал, автобус қымбаттау болса да, әйтеуір жетер жеріңізге межеленген уақытта жетесіз, Жол төселімі жақсысына жақсы-ау, дегенмен жылдамдық төмен болып, ұзақтау жүріп қаламын демесеңіз автобусқа отыра қалыңыз :).

Ең бастысы Индияға билет қанша деген сұрақ қой 🙂 3 ай бұрын алсаңыз Эйрастанада 56 мың тг, ЭйрАрабия бойынша 90 мың тг, бұл екі бағыттағы билеттің құны. Жол ақысын өтеп алғыңыз келсе, арзан алтыннан, киімдерден алып сауда жасап та жіберсеңіз артық емес :).

Сонымен, Үндістанға Қош Келдіңіз 🙂

10 thoughts on “Үндістанға қош келдіңіз десем!

    1. balzaminka Post author

      Адреналинді қаладағы көп машинаның ішінен шумахер таксиге отырғанда көтеруге болады 🙂
      Сол пілдер қайда жүреді екен 🙂

  1. Ardak Katarbayev

    Менің жоспарымда бар Үндістан, жалпы жоспарымда…. Күтіп алып, қыдыртып, қалаларды аралатып, бірге кайповать етуге сенің бос уақытың болады ма? -десем…))))

  2. Сымбат

    Осы шілде де ҚЗға барғанда ары-қарай тағы біраз жерлерді аралап келсем бе деп жоспарлайм. Индия, одан ары Гоаға бармақ ойда бар. Қалдықызды оқып араб елдеріне де барғым келіп кетті 🙂 900 рупий қанша евро?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s