……..

-Мен өлгенде жылаймысың?
-Жоқ, жыламаймын.
-Сен сонда мені жақсы көрмеймісің?
-Жақсы көрем ғой. Сен өлгенде маған өмір неге керек, пойызға басылып өле саламын.
-Анда-санда анам-ай деп еске алып жыласаң болды ғой маған. Ал, пойызға басылып өлем дегеніңді ұмыт мені жақсы көрсең, өмір сүр, өмір сүр мен үшін…

Білесің бе, мама, мен анда-санда емес, күнде жылаймын. Күндіз өзіңді еске алмайыншы деген күні түсімде көріп, жылап оянам. Дүниеден озғаныңа алты ай болды дейді үйдегілер, ал мен сені соңғы рет он екі ай бұрын құшақтадым, алдыңа жатып еркеледім. Сен сонда мен қайта оралғанша аман-есен отырамын деген едің…

Шыны керек, үйге келгім келмеді. Қай үйге барсам да жүрегіме жақын жандардың орны бос. Папа, тәте, Жанат және Сен. Білем, бәрі де Алланың ісі, дегенмен, барлығыңды бір жылда алмай, асықпаса да болар еді…

Мама, бүгін өзіңді қатты құшақтап алып жылап жатыр екенмін. Қатты, қатты құшақтап, жазғым жоқ құшағымды. Қуаныш болады екен деп те өз-өзімді алдай алмай, жылап отырмын міне…

Пшаха дегім бар, Мырзаш, Мырзахан, Мама, бірақ кім «-ау» деп үн қатар…

Мама, түсіме енді бір келгеніңде алып кетші өзіңмен, қалдырмашы жылатып…

3 thoughts on “……..

  1. Анар

    Мамаң және басқа да о дүниелік болып кеткен аяулы жандардың жаны пейіште шалқысын.
    Кешір, Гүлшат, бірақ мамаң қайтыс болғанын сен кеш білдің бе?

    1. balzaminka Post author

      Амин, рахмет!
      Кеш емес, сол күні, сол сағатта естідім ғой, тек эйрастананың кесірінен кешігіп қалдым. Алматыдан Делиге ұшақ кеш келіп, біз кеш ұштық(((

  2. Aina meken

    Блогтың ортасынан бастап ескі жазбаларын бір деммен қызығушылықпен оқып келе жатқанмын. Мына жазбаға келгенде «сүрініп» кеттім. Біраз болды оқығаныма, сол түні түннің жартысына дейін жыладым. Жылағанмен шайыла кеткен көңіл-күй жоқ, керісінше, бар жазбадан гөрі осы пост есімнен шықпайтын боп алды. таныс жайт болған соң, өксік тамағыма кептеліп тұр. «Уақыт өте ұмытасың» деген бекер екен. «Сүйегін көрген соң, көңілің суйды» деген де бекер ме дедім!!! Әлі күнге тірі сияқты, күтіп отырған сияқты… жұбатпақ түгіл, мына пікірді жазу қалай қиын еді!!! Егіліп, еңіреп, солықтап, әлің қалмай қалатын кездер болады. Ондайда айналып келіп табан тірейтінің – ЖАРАТҚАН. АЛЛАдан, мейірімі шексіз АЛЛАдан «кешірші??? менің анамды кешірші, АЛЛААА!!! Оны Жұмақтық қылшы???» – деп, жүрегіңнің ұсақ қылдарына дейін шаншып отырып тілеген соң, оның барар жеріне жетерін білген соң ғана көңілің біраз тынышталады. Біз тірі күнімізде сондай тілектермен, қайтқан адамдардың атынан берген садақа, ізгі амалдарымызбен қараңғы қабірлерін жарық қылуға, тар қаьірлерін кең қылуға көмектесе аламыз. АЛЛАға тәуба, сондай мүмкіндіктер берген!!!
    Сіздің анашыңыз да қабір қиындығын көрмесе екен!!! Мейірімді АЛЛА ол кісіні мейіріміне бөлесе екен!!! Пейіште жолығыңыздар, АЛЛАның қалауымен!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s