Антилопа

Көптен пост жазылмай, блогым біраз ұйқыға кеткен еді. Міне енді, оянатын уақыт келді ғой деймін.


Бұл антилопаны (қазақшасын білмейді екенмін, сөге жамандамаңыз) қайдан көргенімді айтайын ба? Университет ауласында, кітапхана қасынан :).

Кітапханашыны күтіп есік алдында тұрғанмын агент шұқылап, бірнәрсе қыбыр еткенді көзімнің қиығы шалып қалғаны. Бұл не болды екен деп қарасам, осы антилопа тұр. Басында жасанды (чучело)деп ойлап қалғанымды жасыра алман. Анықтап қарасам, бүйрегі бүлк-бүлк етеді. Ой, мұндай қуанбаспын, есіме бірден «Золотая антилопа» деген мультик түсіп кетті. Естеріңізде ме, тұяғын серпігенде алтын теңге шашатын антилопа жайлы мультик бар ғой, міне, дәл сол мультик көз алдыма келе қалды. Өзі сондай сүйкімді, қасына жақындасам үркіп қашып кетер деп алыстан суретке түсіріп алдым. Бұл әрекетімді көрген жұрттың назары антилопаға ауды. Қасына жақын барғандардан қорықпайды өзі. Тұрып-тұрып, қарап болсаңдар мен кетелін дегендей жәймен басып жөніне кете барды.

Альмира ханым универің зоопарк деген еді бір пікірінде, расымен солай 🙂 Ең көбі маймылдар десем қате болмас.

Енді тағы не көреді екенмін деп бұл жазбаны да аяқталын назар салып оқыған Сіздерге алғысымды білдіре :))

4 thoughts on “Антилопа

    1. balzaminka Post author

      🙂 күнделікті жағдай емес бұл. Универдің қасында орман бар, мүмкін содан келгені, сондай-ақ, универдің қасында зоопарк бар, мүмкін содан келгені

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s