Ченнай ерекшелігі десем бе екен?!

Сіз білерсіз-білмессіз, Ченнай қаласында елу бес мөлтек аудан бар. Негізі, бес басты аймақтық бөліктің құрамына кіреді ол мөлтек аудандар. Мұнымен блог иесі не айтқысы келді десеңіз, айталын.

Осы уақытқа дейін Ченнайдың төрт мөлтек ауданын танып, біліппін. Шыны керек, барлығын танып-білу мүмкін емес шығар :). Содан, айтайын дегенім, әр ауданның масаға байлығы әртүрлі :).

Ең бірінші тұрған ауданымда маса деген жоқ еді. Бірақ та, бұл өмірде масаның бар екенін ұмытқан жоқпын, оған жол бермеген универ орналасқан аудандағы масалар еді. Содан, қоныс ауыстырып, екінші ауданға көшкенімде тұқымдыққа кездестіріп тұратынмын. Ал қазір, маса ізі қалмаған жер жоқ шығар денемде.

Ең қызығы сол, алдыңғы екі аудан мұхитқа жақын орналасқан еді, ал қазіргі тұрып жатқан жерімде су көзі жоқ. Негізі, масаның шоғырланатын жері су көзі бар жер ғой. Соған қарағанда, мұхит суын масалар онша жақсы көрмей ме дим 🙂

8 thoughts on “Ченнай ерекшелігі десем бе екен?!

  1. Garfield

    Масаны сондай ұнатпаймын, олар бар дегенше маған ұйқы жоқ. Оданда ұйықтамай соларды өлтіргенім жақсы 🙂 Негізі сол масалар, бір адамдарға мүлде жоламайды, ал кейбіреулерін талап тастайды. Соларды еш түсініп болмайсын. эх, масалар, масалар, ұйқыңды бұзып, мазалар!

    1. balzaminka Post author

      Айтпа, Зәбикош 🙂

      Менде де солай, ұйқы кетеді қыдырып 🙂

      Қанның тәттілігіне байланысты ғой, ал шындап келгенде 1-ші мен 4-ші қан тобындағы кісілерді шаға бермейді де , 2-ші мен 3-ші топтағы қан иелері маса құрбаны болады екен 🙂 Сенің қан тобың қандай?

    1. balzaminka Post author

      Жарнамада көрсетілетін заттардың бәрі химия ғой, әуес бола бермеу керек, тері рагына әкелуі мүмкін 😉

      Негізі, табиғи заттармен де қашыруға болады масаларды да, шыбындарды да. Жалбызды сулап иісін шығарса, олар сол жерге жоламайды. Мен қазір ладан жағып жүрмін, азайды 🙂

  2. Rai

    Судың маңындағы масалар қайта шақпайды деп бір жерден оқып едім, әлде шатастырып отырмын ба, очм старею))
    Менің қаным 1-топ, масалар қайта мені әдемі шағады. ((

    1. balzaminka Post author

      Іздестіріп көретін екен, бұрын ондайды естімеппін)))
      Негізі малярия ауруын тарататын осы масалар ғо, олар сулы аймақта көп тарайды. Онымен күресудің бірден-бір жолы, суды құрғату болып табылады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s