«Қалыңдық болдым мінекей»

Ия, солай. Ойда жоқта, аяқ астынан қалыңдық болып шыға келдім.
Апама алтын-күмістердің бағасын біліп берейін деп базарға барғанымды айта отырып, қалыңдық болғанымды жаза кетелін :).

Қатарынан тұра қалған бірнеше 3-4 қабатты алтын дүкендерін аралап, жиырма екі караттық алтынның 1 гр. – 2479 рупий, күмістің 1 гр. – 63.35 рупий екенін анықтап, енді бұйымдарын тамашалауға шықтым.

Бір цепочканың бағасын сұрасам – МЫҢ ЖАРЫМ ДОЛЛАР!!!, хгмм деп әрі өте бардым. Қай дүкен болмасын, бірінші қабатта тек қана цепочкалар сатылады екен. Сақина екінші қабатта, сырғалар үшіншіде, бриллианттар одан жоғарғы қабатта.

Иесі мұсылман дүкенде қалыңдық бұйымдары сатылатын бөлімге кіріп аралап жүрсем, сатушысы әңгімеге тартқаны. Әңгіме-дүкен барысында мұсылман екеніме қанық болған сатушы шабыттанып кетіп, суретке түсіріп алуға рұқсат бергені. Сонымен, қабыл алыңыз 🙂


Сатушы қатты шабыттанып кетті ғо дим, киіп суретке түссеңізші дейді. Қойыңыз, ұят қо десем, ұят ештеңесі жоқ, тағып-киіп көріңіз деп қасыма жетіп келді. Мен де «еее, дапай-те онда» деп кірісіп кеттім :). Әріптесім арабқа тұрмысқа шыққанында осындай әшекей бұйымдар таққан ғой. Сол кісі айтқан еді, тойдың соңына дейін зорға шыдадым, өте зілдей болады екен деп. Шынымен де, өте зілдей екен, бүктеліп қалдым. Бір уақытта сатушы қазір, күте тұрыңыз деп жүгіріп кетті. Не болып қалды десем, түйреуіш алып келуге жүгіріп кетіпті. Ол неге керек деп ойлап қоямын, сөйтсем, сырғаның бір шетін шашқа тағу керек екен, соған алып келіпті. Мен жындымын ба десем, сатушы менен де өтіп кетеді екен :). Бұл әшекейдің құны жиырма мың доллар екен. Сөйтіп, жарты сағат қалыңдық болып көрдім 🙂

Негізі, алтындары өте қымбат. Енді біздің алтынға қарағанда құрамындағы алтын салмағы көп қой, оның үстіне сол күні әлемдік биржада алтын бағасы қымбаттап, базардағы бағалар да өзгерген екен.

PS: Өз суретімді ілмедім, көздеріңіз өтіп кетіп жүрер 🙂 (шынын айтсам, сапасыз болыпты)

20 thoughts on “«Қалыңдық болдым мінекей»

  1. Өркен

    Иә, әшекейлері ауыр болады деп еститінмін, бишілерінің аяғындағы бубенчиктердің өзі 5 килоға дейін тартады екен, тәжірибесі артқан сайын бубенчиктері көбейе береді, Девдастағы Чандрамукхи сияқты

      1. Mary

        Таққым келеді, әрине. Бірақ елестетіп отырсам, мынау алтын белімнен келіп тұрған сияқты 🙂

    1. balzaminka Post author

      Біздің жезге ұқсатам, біздің алтындар деген жалтырап, көз ойнатады емес пе, ал бұл жақтың алтындары ауыр деп айтсам болады, жалтырамайды да, ойнамайды да)))

  2. 6gradus

    Құлаватырым Бальз:))
    ана артта сол жақ астыңғы жағындағы алқа былай тағуға болатынына құлаватарым:)) Ал сырғалары бәрі супер:)
    иә олар сондай ғой, тағып көр, көр деп, сосын шетелдік болғасын ба әңгімелескен оларға да қызық қой дим:)

  3. 6gradus

    бұларда қосымша қоспалары аз алтында, сосын 22 карат деген почти таза алтын ғой, Біздегі 583-тер олар 14 карат ,болып саналады.
    ең тазасы ол 24 карат, банктерде сақталатын 99%-дық, бірақ одан әшекей нереально менше, себебі алтын өзі жұмсақ материал ғой

    1. balzaminka Post author

      біздің алтын он сегіз караттықтар ғо, ал ана жиырма төрт караттар ондай жұмсақ емес, кәдімгі алтындай, тек түсі солғын 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s