Кино көрсем бе екен…

Ченнайдың бізден ерекшелігінің тағы бір сипаты кинотеатрында 🙂

Кинотератр баршылық, тура санын білмеймін енді, оны жасырып не керек. Билет құны жүз жиырма рупийдің ол жақ-бұл жағы. Тек, сол билетке жету де арман болып қалатыны бар :).

Енді ерекшеліктеріне сөз берсем, алдымен қатарлар үнемі әріппен белгіленеді. Біздегідей бірінші қатар, оныншы орын емес, А – қатары, оныншы орын. Реті төменнен емес, жоғарыдан төменге қарай, бұны бір деңіз. Екінші айырмашылық, қатар, рет белгісі еденге жазылады, оны біз сияқты шеттен келгендер тез меңгере бемейді :). Үшінші ерекшелік, бізде жоғарғы қатарларға өту басқыштары шетте орналасқан болса, бұл жақта дәл ортада. Ең майлы жерін тартып алған көрермендерден :). Соңғы әрі басты ерекшелік, бұл сеанс ортасында болатын антракт. Киноның қызығы енді болып жатқан кезде жалп етіп жарық жанып, кино өше қояды. Бір сөзбен айтқанда кайфтың бәрі сонымен кетеді. Айтпақшы, 3D көзілдірігін сатып алуға тура келіп қалатыны бар, бір кинотеатр залог ақша алса, кейбірі прокатқа сатады. Міне, осымен бітті ғой дим ерекшеліктер 🙂

Сөз аяғында бір сұрақ, Сіз кинотеатрға жиі барып тұрасыз ба?

10 thoughts on “Кино көрсем бе екен…

  1. Розатай

    қатарды әріппен белгілейтіні қызық екен. 🙂
    Сұраққа жауап: кинотеатрға жиі барып тұрамын. Алматыдағы көп кинотеатрдың ішінен «Арман» ерекше ұнайды. Себебі, оның ішінде залдары көп және кең. Сондықтан болар, «Қазақфильмнің» көп көрсетілімдері де осында өтетіні. Қыста «Искра» кинотеатрының іші өте суық болды. Дір-дір етіп отырып кино көргенім есімде қалыпты әйтеуір. «На Райымбека» кинотеатрының жағдайы мәз емес. Абай даңғылының бойындағы «Променад» кинотеатрында киноларды таңдауға мүмкіндік аз, себебі премьералар мұнда тым кеш беріледі және залдары да аз. Ал, жаңадан ашылған «Глобуста», сондай-ақ, «Максима», «Спутник», «Мега» орталықтарында қызыл, көк, жасыл, сұр түсті залдар көп. «Сити +», «Силк уэй ситидің» залдары да жақсы. Фурмановтағы «Цезарьдің» іші сондай жайлы, тыныш. Негізінен ол жерге ересектер көп барады. Соған сәйкес, бұл кинотеатрларға кіру ақысы да 1000 теңгеден жоғары. Айтпақшы, біздің ҚазҰУ қалашығындағы шағын кинотеатрымыз да ниче негізі 🙂 Мұнда ересектер 400 тг, студенттер 200 теңгеге билет сатып алады.
    Қызды-қыздымен Алматыдағы біраз кинотеатрды түгендеп шықтым ғой деймін, Бальзаминка! 🙂 Сіз елге келгенде біреуіне барайық бұйырса! 😉

    1. balzaminka Post author

      Розатайййй, рахмет ақпаратыңа :* енді Алматының кинотеатрларын білетін болдым 😉

      Сөйтейікші, барайықшы. Өткенде спектакльге шақырғаныңда бара алмадым, қатты барғым келген еді сонда.

      1. Розатай

        Бальзаминкам-ау, спектакль емес, «Тамашаның» Наурызға арналған мерекелік концерті ғой 😉 Барсақ барайық! Ендігі жолы қолымды қақсаңыз өкпелеймін 😉

  2. Кәусар

    М-да, жалпы барып тұрамын. Бірақ билет сатып алып көрмеппін. Әйтеуір, солай болып қалады. Не біреумен (ковалер) барамын, болмаса, жарнамасына төлем ретінде берілген билеттерімен бөлісетін радиода, телеарналарда жасайтын бір-екі жақсы әріптесім бар. 🙂
    Есімде қалған қызық оқиға: бірде әне барамын, міне барамын деп (екі билетім бар еді), қолым тимеді. Ақыры, екі ай дегенде құрбымды ертіп барсақ….. мультфильм жүріп жатыр екен. Амалсыз көрдік. Бірақ ол да өзінше қызық екен.

  3. aknurjan

    Қызық екен… 🙂
    Біздің қалада енді «Алтынсарин» кинотеатры бар, сосын тағы «Алтынсарин» кинотеатры… Ошм, сол ғой біздегісі үлкен жалғыз кинотеатр, көптеп салынса екен деп армандаймын. Бірақ, «Төбе» СО бар, оған көп адам бара қоймайды. Мен жиі баруға тырысам, бірақ ұнамды кинолар өте аз көрсетіледі. Киноға баратын адам таппасам, инеттен іздеп көремін 🙂

    1. balzaminka Post author

      Ақнұржан, Төбе, ол қайда?

      Новый базар жақта прокат бар, сонда да көруге болады, т.е. бұрын көруге болатын. Алтынсаринде билет …. теңге болғанда сонда барып көретінмін, рахат, фильмді өзің таңдайсың, сосын залда өзіңнен басқа ешікм жоқ, супер бір сөзбен айтқанда. Сіңлімді апарамын деп көп-көп билет алып алатынмын алдын-ала, сіңліме де жақсы түгін, жүргісі келсе жүріп, күлгісі келсе күліп, әйтеуір еркін болатын. Алматыдан келген құрбымды да сонда апарғам, оған да ұнады. Туһ, қатты жарнамалап кеттім бе 🙂

      Сосын, Мега ашылғалы жатыр дейді ғой, енді баратын жер көп болар 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s