Жылан ысылы (Үнді аңызы)

Баяғыда бір елді мекеннің жанында үлкен төбе болған екен. Ол төбені улы жылан мекен еткен дейді аңыз. Жыланның ызғарынан қорыққан халық ол төбеге жақындамай, алыстан жүреді екен.

Бір күні сол ауылға әулие келіпті. Келіпті де, төбеге қарай қыдырыстап шығыпты. Мұны көрген ауыл тұрғындары ол жаққа бармауына кеңес береді.

-Неге?-деп сұрапты әулие
-Ол төбеде улы жылан мекендейді. Зәрезап болдық әбден өзінен, ия жүргізбейді, ия тұрғызбайды…-деп жауап беріпті ауыл тұрғындары
-Ол жыланнан қорқатын несі бар, ол да құдайдың жаратқан жәндігі ғой,-деп кете барыпты.

Төбеге жақындағанда жылан шығыпты інінен. Шыға салысымен әулиені шақпаққа жорғалап келе жатқанында әулие дұға оқи қойған екен, ызғарынан ызғар қалмай, жылан жуасып қалыпты. Сонда әулие оған ешкімге тиіспеуін тапсырады. Мұны білген ауыл тұрғындары жыланнан қорқуды қойып, оны таспен шөкелеп, мазасын алған екен.

Бірнеше күннен кейін жаңағы әулие сол жермен өтіп бара жатса, жара-жара болған, күші қалмаған аш жылан інінен ілініп зорға шығыпты. Жыланды көрген әулие одан жағдайын сұрайды. Жылан:»Жағдайым жақсы, рахмет!»-деп жауап қатқан екен. Әулие:»Ілмиіп қалыпсың, денеңнің сау тамтығы жоқ, не болды?»-деп сұрапты. Сонда жылан:»Өзің айтқандай ешкімге тиіспейтін болдым, оны білген адамдар менен қорқуды қойып, таспен шөкелеп жүр…»-деген екен. Мұны естіген әулие қапа болып, жыланнан кешірім сұрайды. «Құрметті достым менің,-депті әулие,-адамдарды шақпа дегініммен оларға ысылдап, айбат көрсетпе демедім. Біз ешкімге тиіспеуіміз керек. Бірақ, бұл деген өзіңе тиісіп жатқанда үндемей қалу деген емес, әрқашан қорғана білуіміз керек!»-деген екен.

Қазақтың көрегендігімен ұштасып жатқаны бұл аңыздың…

14 thoughts on “Жылан ысылы (Үнді аңызы)

  1. urimtal

    Біздің ертегілерде де шынымен де өзіңе тиіспесе, өзгеге бірінші болып қол көтерме, өзіңе жау тілеме деген ұғым көп кездеседі. Ғылымда intertextuality деген теория бар екен. Бір сабақта соны талқылап едік. Шынымен де дүниеде әртүрліміз десек те бәрімізге ортақ жайттар бар. Бір қызығы сол ортақтастықтың бастауы қайда, қайнар көзі не екенін көп адам білсе де білмеген болып жүреді екен.

    Гүлшат, аудармаң өте қазақи, жатық тілмен жазылған екен. Оқып отырып, жыланның құйрығын баспа деген ырым есіме түсті. Жазбаңның төркіні де соған саятын тәрізді. Үндінің тағы басқа ертегілерін асыға күтемін!

    1. balzaminka Post author

      «Гүлшат, аудармаң өте қазақи, жатық тілмен жазылған екен.»

      Бұл жаман ба? 🙂

      Ұлтымыз, тіліміз бөлек дегенмен ортақ нәрселер көп пе деймін адамдарда. Діні бөлек деген сербтердің де салт-дәстүрі бізге келеді екен 🙂 Зерттеп жатсақ, ОА елдерімен де ортақ нәрсе табылар. Бастысы, әрбір таңымыз бейбітшілікпен атып, еліміз аман болсын!

  2. Кәусар

    Керемет әңгіме, Гүлшат. М.Гандидің «бір бетіңнен ұрса, екінші бетіңді тос» деген пікірді ұстанғанын білетін едім. Бұл әңгіме үнділерді жаңа бір қырынан танытады екен.

  3. Розатай

    Бальзаминкаааа! қалайсыз? Құдай-ау, мына вордпреске анонимейзермен болса да кіретін күн бар екен-ау?! (ағыл-тегіл жылаған смайлик) Аударма өте жақсы, тағылымды аңыз екен.

  4. Гулжайнат Бекен

    …Қызылорданың Қазалысының Жаркент деген жеріндегі бір төбенің басындағы сап-сары болып күнге шағылысып жататын ордалы жылан туралы аңызына ұқсас екен… сол жерде еріккен бір байдың баласы бір жыланды өлтіріп, артынан Мәскеуге кеткен, бірақ сол Мәскеудегі алтынмен апталған, күміспен қапталған үйінде жылан шағып қайтыс болған деседі. білетіндер….

    1. balzaminka Post author

      Мен де сразу осы аңызды еске алдым оқып отырғанда :)) Қазалылық кластасым оһ, неше түрлі аңыздар айтып беретін, соның бірі осы ордалы жыландар туралы болатын…

Leave a reply to Кәусар Жауап беруден бас тарту