Менің асханаммен таныс болыңыз

Тәжірибие алмасалық 🙂 Менің ас мәзіріммен таныс болыңыздар, егер дайындалу жолы ұнап жатса, игіліктеріңізге 😉

Бұқтырылған тауық еті

Тауықтың етін жуып, оны тұздағаннан кейін сарымсақ қосылған лимон шырынына бұқтырамыз. Бұқтырып болғаннан кейін, құрғатылған базилик, орегано, тминь дәмдеуіштерімен себелеп, түбіне май құйылған табаға саламыз. Тауық етінің айналасына, үстіне болғар бұрышын, қызыл капустаның қабаттарын саламыз. Ең соңында лимон шырыны мен құрғатылған дәмдеуіштерді қосып, шамалы су құямыз да, бетін жабамыз. Жиырма минуттан соң дәмі тіл үйірер ас дайын. Бұл жерде тауық еті басты тағам болса, болғар бұрышы мен капуста гарнир ретінде беріледі. Айта кетерлігі, бұрыштың дәмі лечо сияқты болады, ал капуста өте жұмсақ, әрі тәтті болмақ.
Ингридиенттер: Тауық кеудесі, болғар бұрышы, қызыл капуста, құрғатылған дәмдеуіштер, сарымсақ, лимон, тұз.

Балық

Тазаланған, бөлінген балықты тұздаймыз, оны лимон шырынымен сусындаймыз да құрғатылған дәмдеуіштермен себелейміз. Майланған табаға цветная капуста, болғар бұрышы, помидор, картоп және сәбізбен қосып балықты саламыз да, оны пешке жиырма минутқа қоямыз. Көкөністерді де лимонмен сусындап, дәмдеуіштер себеміз. Балықты бас мәзір ретінде, көкөністерді гарнир ретінде береміз.
Ингридиенттер: балық, цветная капуста, болғар бұрышы, помидор, картоп, сәбіз, лимон, құрғатылған дәмдеуіштер, тұз.

Пюреленген сорпа

Қызылша, сәбіз, картопты қайнатып аламыз да, пюре дайындаймыз. Бұл уақытта тауық етін қайнатып, пюреге қосамыз. Сорпа дайын :). Асты дастарханға берерде аскөкпен әрлеу өз еркімізде.
Ингридиенттер: тауық, қызылша, картоп, сәбіз, тұз, дәмдеуіштер.

Жоғарыда айтып кеткен тағамдардың барлығы дайындалуы жағынан ұзақ емес. Өзім ресторан тағамын жақсы көретіндіктен де болар, осылай дайындағанды жақсы көремін. Жасап көріңіздер. Дайындау барысында шабытыңызға қарай өзгерістер жасауға болады, себебі, қатып қалған мынадай рецепті бар деп айта алмаймын. Фантазиям не деді, соны жасадым. Ұнады 🙂

4 thoughts on “Менің асханаммен таныс болыңыз

  1. Гулжайнат Бекен

    Бұқтырылған балықты пешке дайындаймыз біз ауылда, асты күйіп, беті былбырап піскенде, балықпен қоса бас бармағыңды қосып жеп қоясың… сол рецепт есіме түсіп кеткені…..))))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s