Kuala Lumpurдан бір хабар

Жаңа жылдарыңызбен, құрметті оқырман! Бұл Гүлекенің қайткені дерсіз, жаңа жылдың екі жұмасы өткенде енді құттықтап деп :). Ештен кеш жақсы демекші, әрі өзімнің көңіл күйімде жаңа өзгеріс болып, түлеп жатырмын :).

Өткен жылы, бар болғаны екі апта бұрын-ақ, бірақ аттай бір жыл өтіп кеткендей 🙂 сессия аяқталғанда, Гүлеке, шаршадың, демалып қайт дегенски Лондонға билет сыйлық алсам ғо деп армандаған болатынмын. Түйе сұрасаң, қой аласың демекші Лондонға емес, Куала Лумпурға сестрамның арқасында келіп отырмын. Бала-шағасының қызығына тоймай, дені мықты болсын апамның деп сөз реті келгенде алғысымды да білдіріп қоялын :).  Қазақ балдары бар Садық деген, Олжас деген мені күтіп алған, түнгі үйқыларын құрбан етіп, ол жігіттерге де алғыс шексіз 🙂

Енді қала жайлы айтар болсам, ұнады. Құдай-оу, халық деген он алты миллион тұрғыны бар Ченнайдан да көп қо 🙂 Сонда да, көзім сариден, шуриданнан демалып, неше түрлі сән үлгісін ұстанған, талғамның неше атасын көріп, көзім ляззаттанып жатыр. Әрине, бәрі тұрғылықты халық емес, мен сияқты туристтер. Неше түрлі тіл, ұлт өкілдері. Туристтерге қызмет еткен соң-ақ, сервистің жоғары, бағаның қымбат екенін түсіне берсеңіз болады.

Аралауды бастап жатырмын. Жұрттың көбісі такси, автобус ал деп кеңес береді, ал мен жаяу жүргенді жақсы көретін жан, жаяулатып жүрмін, баратын жерлер алыс та емес, таяқ тастам жерде :). Баяғы группаластарымның айтқаны есіме түсіп кетті ғой, Гүлшаттың тиіп тұрған жері бес км деген :D. Сонымен, қазір аяқ деген көп жүрістен шаршап, ляззат алып отыр :).

Мені таңқалдырғаны, сонша көп халық болса да, қаланың тазалығы, жаяу жүргіншіге жағдай жасалып, арнайы дербес коридорлардың қарастырылғаны. Сондай-ақ, көк талдар. Бір талды назарларыңызға ұсынайын, қабыл алғайсыздар 🙂 Сосын, машина жолдың айналып, қиысып, домаланып, оранып кеткен веткалары көп-ақ, аж адасып қалу аяқ астынан.  Айтпақшы, бұл жақта да кәріс, жапон болып жатырмын :).  Қазаққа ешқашан ұқсатпайтын шығар ешкім мені.  Тағы да айтпақшы, бір моллға кірдім, енді қызылы көп, алыстан мен мұндалап шақырып тұрғасын қалай кірмей кетелін, оның үстіне музыка ойнап мен мұндалап тұрса :). Кірдім де банкеттен шықтым :), тура мағынасында. Жаңа фильмнің презентациясы болып жатыр екен. Не фильм, аты, заты не білмеймін енді, малай тілінде өтіп жатыр екен, қараааап тұра беремін бе деп көршіден сұрап білгенім сол болды қасымда тұрған. Әрі қарай қазбалап сұрауға шыны керек ұялдым. :). Қызыл дорожка, фрак киген джентельмендер, кешкі көйлектегі ханымдар, оһ, көз айналады әсемдіктен.  Тағының тағы бір айтпақшысы, мұсылман қыздар да көшеде зажигать етіп билеп жатқанын көріп, ух, ты?! дегенім тағы бар :D.

Көп сөйлеп кеттім ғо дим, ертеңге де қалсын деп әңгімені осы жерден тоқтаттым 🙂

PS: Суреттер алдағы таңда көбінен болады, сөз берем 🙂

2 thoughts on “Kuala Lumpurдан бір хабар

    1. balzaminka Post author

      бірден бір шығып, жалғастыруды ұмытып кетіппін, ол үшін иілііііп тұрып кешірім сұраймын, жақын арада жариялаймын :)))

      Жаяу жүру туралы менде сөз басқа, күннің шыжып, боранның улеп тұрғанына қарамай жүре берем настр болса :DDD

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s