Естеріңізде болса, Куала-Лумпурда болып қайттым деген едім :). Базарлығымды қабыл алғайсыздар:).
Куала-Лумпур құстар саябағында жергілікті, шет елдік екі жүз түрлі үш мың құс бар екен. Бос жүргені де, тордағысы да, ұшқаны да, жүзгені де. Сан алуан құс болса, сондайлықты түрліше ән.
Өкініштісі сол, қазір біз құстарды тек осындай жерлерде көріп, тыңдаймыз. Күнделікті өмірде ала шапқынмен құс тұрмақ, қасымыздағы көршімізге уақыт таппай жатамыз. Табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, үндестігіміз де бірге болу керек сияқты. Иии, өкінішімді айтып болдым, әрі қарай тек қана қуанышқа бөлеген, шаттық сыйлаған құстар жайлы айтайын :D.
Білесіз бе, қарап жүрмей жаңалық аштым. Әлбетте, сіз үшін жаңалық болмауы бек мүмкін. Бірақ, мен үшін бұл «жыл жаңалығы» :). Тауыс (павлин) қай кезде қауырсынын ашатынын білемісіз? Бірнеше рет эксперимент жасап көргенім бойынша, құпия сөз мынау екен:»Пты-пты!» Птылағаным сол екен, қауырсынын ашып алғаннан түсірмей қойды :). Жақсысы, тауыстар баршылық екен саябақта, ерінбей әрқайсысына барып птыладым :D.
Эх, не деген құстар, не деген түстер десеңізші. Қанық бояулар көз тойдырады. Тоты мен мына бір құсқа ырза болдым. Айтыңызшы, түсі қандай қанық, көз демалады емес пе, ия?
Тоты құстарға сөзім жоқ, керемет-ақ :). Өзім сияқты шемішкенің фанаттары, қолдағы шемішкені көре сала, қолға жайғасып, әйдаа, шемішкені шаға бастайды. Бірақ дим де, махаббаттары шемішке таусылғанша жалғасады, содан соң қош айтпастан қолды босатып, кете барады. Қанша шақырғанмен құр қолға келмейді :).
Құстардың барлығын түсіре алмадым, салған әндерін тыңдап, қызықтарын қарап отырып уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалыппын. Осындай кезде бір сағаттың шексіз болғанын қалаймын. Алла жазса, тағы да бармақпын :).
@De|\/|I ^_^ KE®E|\/|ET =)))
Құстарды өзің көріп қайтып едің ғо:) 2 ай өтіп кетіпті ғой иә:)
Уақыттың жылдамын-ай, ия? Кеше ғана секілді еді өзімен кездескенім…
Соңғы суреттегі тоты құстар тіпті әдемі!!!
ия, бояулары да сондаййй қанық…
Біздің құстардың үнемі торда тұратынына үйреніп қалған басым, Денвер хайуанаттар бағынадағы бос жүрген құстарды көріп, таңқалған едім ))).
Ана құс қолды қатты тістемей ме екен? Ауыратын сияқты )))
Айтпақшы, бір түсіріліммен Алматыдағы Панфиловшылар паркіне барып, көгершіндерге шемішке бердім. сонда олар қайта-қайта келіп, тіпті алдыма қонып алғанда, шын шошыдым. Бар десең де бармайтын құстар екен ))).
Ол құс ерке екен, шемішке бер деп әмір етеді ғо :)) қол ауырмады, құдды бір массаж секілді, массажотерапия :))
🙂 иә, өте ерке құстар.
Ал ана тотылардың қолды ауыртпай тістейтіні жақсы екен! (ас ішкен аяғына түкірмейтін) жем берген қолды аялайтын бір (адами) құси жақсы қасиеті шығар ол да 😉
Мәәәә, менің де кетіп қалғым келіп тұр… Абай мен Алтынсариндегі парктегі тотыларға барып пты-птыламасам менде…. тусінеме екен а?)))))))
тоты тілін білмейді екем :)) Павлинге әсер етеді, оған бек сенімдімін :))