Х + Y = Z, болымсыздар шешуі

Күнде блогыма бірнәрсе жазбақ болам. Бірақ, жазудан қол шығып қалғанын, әлде ойымды жинақтай алмай қалғаным белгісіз, әйтеуір тырысып-тырысып, ештеңе жазбастан блогты жаба салам.

Күндіз блогыма ананы жазамын дим, мынаны жазам дим, ал, жеме-жемге келгенде, ештеңе :)). Одан қалды, бұрынғы жазбаларды оқып, жазу ырғағын ұстап алғым келеді. Бір өзенге қайта кіру мүмкін емес екен. Уақыт өтті, ағыс кетті. Сол ағыспен көп нәрсе де.

Қорқытта оқыған күндерімді еске түсіруге тырыстым бүгін. Мұғалімдерді, группаластарымды, болған қызықтарды, бас қосуларды. Көбісін ұмытыппыз, содан да болар, шошып отырмын. Оқу бітіргенімізге көп болмады, ендігі керек емес деп, сол күндерді өшіре бастаппыз. Бір группаласым айтады да, ескіні өшіріп, жаңаға орын босатуымыз керек деп :). Қаншама миллион ми қыртысы бар, жүз жасасақ та, сол ми қыртыстарын пайдалануымыз он пайызға да жетпейтін шығар. Ал, ол өшіру керек дейді…

Өткенде болған жер сілкінісі жайлы да жазбақ болғам :). Цунами болады деп мандражға да түсіп… Дегенмен, неге келдім бұл жаққа деген ой келмепті. Келмегеніне қуанып отырған жай қазір :). Алла сақтады. Бірақ, сол кезде қорқыныштан гөрі, өз көзіммен көрген қалай болар екен деген ой басым болды. Жағалауға бармақ болғанымда, үй иесі ұстап қалды :).

Соңғы кездегі қуаныштарыммен де бөлескім келген. Конкурстан жеңдім, грант алдым, біраз жетістікке жеттім. Һех, қазір соның бәрі де бір сөйлем аясынан шықпай тұр :).

Жиі жазып тұру керек екен…

4 thoughts on “Х + Y = Z, болымсыздар шешуі

  1. urimtal

    Грантыңыз құтты болсын! Біраз жаңалық қордаланып қалған екен. Жер сілкінісі туралы естімеппін. Үндістанда жер сілкінді ме?

  2. Ainameken

    Жетістіктердің бәрі құтты болсын!!! Алдағы жетістіктерге жетелесін!!!
    Жағалауға бармағаныңызға шын ниетіммен қуанып отырмын! Үй иесіне мың рахмет!!! )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s