Алғаш рөлге отырғаным

Алғаш рөлге отырғандағы әсеріңіз қандай болды? Есіңізде ме?

Жүргізуші куәлігін алған соң армандаған көлігімді сатып алып, ой, бір мәз болып жүргенім есімде. Қуанышым қойныма сыймай, әріптестерімнің біраз мазасын алдым да :).

Жүргізушілікке үйреніп жүргенде ешқандай қиындық тумады да, рөлде еркін отырып, еркін жүргізіп, ағайдың «Жарайсың, Гүлшат!» дегенене мәз болатынмын. Бар қиындық өз көлігіме отырғанда басталды. Жо-оқ, айдаудан, айналамдағы жүргізушілерден емес, жүргіншілерден қорықтым. Өзімнің жолға аяқ астынан шыға келетінім, белгіленбеген жерден жол кесіп жүре беретінім еске түсіп кетті. Қалай еске түсті, солай мандраж басталды. Жұмысқа зорға жеттім-ау ақ тер, көк тер болып. Кешке рөлге отырғым келмей, жылап та алдым шыны керек. Ақырында көлікті жұмыста қалдырып, үйге автобуспен қайттым :).

Үш айға дейін рөлге отырмадым. Машинамның рахатын жездем мен құда балам көрді. Өз-өзімді қанша қайрасам да, өзімнің көлікті қатты айдайтыным, шатырсыз кететінім еске түсе берді ғо. Содан бір күні, негізі психологиялық тұрғыда пісіп-жетілгенім ғо дим, құда балама өзім айдаймын көлікті дедім. Оған құда бала мәз болмады, енді ше, дайын көліктен қағылып жатса :). Сол күннен рөлде отырған қатты ұнап кеткені соншалық, жаяу жүру дегенді ұмытуға дейін жеттім :). Құда балашка «Машинаңа жету арман болып кетті ғой,» деген әңгіме айтуға дейін барған-ды :).

Бұл жақтағы жүргінші-жүргізушілерден әлі де қорқып жүрмін. Әйтпесе, досым берген мотоциклдің бос тұрғанына біраз болды :). Айдап үйрену керек еді өзін…

9 thoughts on “Алғаш рөлге отырғаным

  1. urimtal

    Америкада великке отырып, көше ортасына шығып кеткенде: «бір машинаны қағып кетер ме екенмін» деп уайымдағаным бар еді 🙂 Сөйтсем, біз тұрып жатқан қаланың великтерге арналған арнайы жолдары бар екен ғой…. Үндістанда көліктер жол ережесін сақтамайды дегенді жиі естимін. Адамдар да соған үйреніп кететін шығар. Бір-біріне жол беріп дегендей. Әлде қауіпті ме?

    1. balzaminka Post author

      хехе, Асхат :))

      Жол ережесін сақтамайды, ол рас :). Көліктер легі арасынан қолды көтеріп қойып өте береміз :)) ондайда иномаркалар жақсы, жол беріп, өткізіп жатады. Ал, авторикшалар бір басып кетердей төпеп келіп, қалт тұра қалады кісіні шошытып 🙂

  2. Ainameken

    Машина айдауға қызықпаймын, неге екенін. Ал, тамыз айында інім түнгі 2-ден кете «жүр қызық көрсетем» деп, машинасына отырғызып, жаңа салынған үйлерге бардық. Көршілерді де салып алдық :). Сосын машина айдай алмайтындар айдадық :). Мен газды қаттырақ берем, жүріс тездейді. «мәссаған, мынаны ақырындат!» деймін рульде қатайып отырып. інім көмектеседі :). Үйге келгенде ол: «сен алғаш айдағанда түзу жүре алмай қинала ма деп едім, түзу жүрдің. алып кете аласың!» деп деп берді. Бірақ сосын мен де машина руліне отырмадым, жүрексінем :)))

    Пысы: Ал, құда бала 3 ай үшін көөп рахмет айту керек 😉 (жеке ойым)

  3. vkototy

    Бала күнімде әкем көлік жөндегенде қасына жетіп баратынмын. Саймандардың бәрінің атауын жаттап өстім. Көлік жүргізе алғанмен, таяуда ғана жүргізу куәлігін алудың сәті түсті 🙂

  4. Арайлым Диханбай

    Қыздардың барлығы дерлік рөлге отырудан қорқақтайды.Сондықтан да көп жағдайда сасқалақтап газбен тежегішті айыра алмай қалып жатады.Егер көлік жүргізуден сескенсеңіз рөлге отырмай-ақ қойған дұрыс.Менің ойымша темір-терсек ерлерге арналған.

    1. Gulshat Post author

      Көлік жүргізу курсына жазылып, сонда Жол Ережесін оқып, көлік жүргізуді үйренуге болады. Бар болғаны 2-3 айға созылады курс, сол жерде практикалық та сабақтар болады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s